Материалдары



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
реального времени отслеживать состояние своих заявок у туроператора: подтверждено, находится 
на листе ожидания, оплачено, не оплачено и т.д. 
Важное  место  в  менеджменте  туркомпании  занимает  организация  взаимоотношений  с 
клиентами.  Зачастую  компании  в  этом  деле  главный  упор  делают  на  организацию  подготовки 
сотрудников,  непосредственно  работающих  с  клиентами,  насыщение  своего  интернет­ресурса 
сервисами,  позволяющими  клиентам  удаленно  выбирать,  бронировать  и  оплачивать  туруслуги,  и 
актуальной  информацией,  проведение  различных  рекламных  акций.  Несомненно,  все  это  крайне 
важно.  Эти  направления  деятельности  можно  выразить  алгоритмом  "турфирма  ­  клиенты". 
Современное  развитие  информационных  технологий  позволяет  существенно  углубить  работу  с 
клиентами за счет перехода к алгоритму "турфирма ­ конкретный клиент". Для перехода к такому 

 
 
121 
 
уровню  работы  используются  современные  интегрированные  CRM­системы  управления 
взаимоотношениями  с  клиентами  (Customer  Relationship  Management),  позволяющие  строить 
отношения  индивидуально  с  каждым  клиентом,  исходя  из  истории  его  взаимоотношений  с 
турфирмой. 
Собираемая  и  обрабатываемая 
информация  о  клиенте  (история  его  поездок, 
среднестатистический бюджет,  потребности и  предпочтения)  используется  для того,  чтобы  более 
точно  специфицировать  предложения  конкретному  потребителю  туруслуг,  которые  с  большой 
долей вероятности могут быть им приняты. 
Функциональные возможности CRM­систем позволяют: 
•  управлять контактами (информация о клиенте, история контактов с ним); 
•  управлять деятельностью (календарь, деловой дневник, периодичность); 
•  управлять связью (передача информации, ее содержание, сохранность и т.д.); 
•  прогнозировать (перспективы приобретения конкретных турпродуктов); 
•  управлять побуждающими факторами привлечения клиентов; 
•  управлять  заказами,  получать  информацию  о  туристических  услугах,  наличии  мест, 
размещать информацию в системах on­line бронирования; 
•  управлять работой с документацией (разработка, внедрение стандартов и типовых форм, 
настраиваемых отчетов, информационно­рекламных материалов и т.д.); 
•  анализировать  продажи  турпродуктов,  выявлять  факторы,  оказывающие  влияние  на 
принятие решения о покупке; 
•  хранить  информацию  о  конфигурации  продуктов,  об  альтернативных  вариантах 
турпродуктов и их ценовых характеристиках; 
•  собирать  и  хранить  маркетинговую  информацию  о  туристических  услугах,  ценах, 
рекламных и  PR­мероприятиях,  результатах  различных  исследований,  в  том  числе  о ситуации  на 
рынке и о конкурентах [2]. 
Основная  цель  работы  CRM­системы  ­  получить  наиболее  полную  информацию  о 
покупателе для наилучшего его обслуживания. 
Если  потенциальный  клиент  обращается  на  сайт  компании  и  просматривает  страницы,  то 
такое  обращение  расценивается  системой  как  заслуживающее  внимания  и  фиксируется.  Если 
данный  контакт  происходит  с  компьютера,  адрес  которого  уже  зарегистрирован  на  сайте,  то 
сообщение о контакте передается сотруднику компании, ранее уже работавшему с этим клиентом. 
Анализируется  просмотр  страниц  клиентом,  его  предыдущие  посещения  сайта  и  приобретения 
турпродуктов.  Клиенту  направляются  конкретные  предложения,  соответствующие  его интересам, 
сообщаются номера телефонов и электронно почты сотрудников, с которыми можно обсудить все 
детали заинтересовавшего его турпродукта. 
Если клиент позвонил в компанию по телефону, то система распознает абонента по номеру 
и  переадресует  звонок  непосредственно  тому  сотруднику,  который  работает  с  этой  категорией 
турпродукта или с этим клиентом. 
Длительная эксплуатация CRM­системы позволяет конкретизировать работу с конкретными 
клиентами.  Важно,  что  и  клиенты  обращают  внимание,  что  им  поступают  предложения  не  о 
туруслугах  вообще,  а  по  целевым  направлениям,  соответствующим  их  интересам.  Основой 
успешной  работы  любой  CRM­системы  является  хранение  большого  массива  информации  о 
взаимодействии с клиентами в единой базе данных. При этом важно обеспечить высокий уровень 
защиты  информации.  Целесообразно  информировать  клиента,  что  вся  информация  о  нем 
защищена  и  не  может  стать достоянием  третьих  лиц.  Мероприятия,  проводимые  в  целях  защиты 
частной информации о клиенте, повышают уровень доверительных отношений между компанией и 
ее клиентурой. 
Задача  построения  взаимодействия  с  клиентами  становится  одной  из  главных  при 
ориентации  турфирмы  на  рост  объема  продаж  турпродуктов.  Как  и  в  любом  другом  бизнесе, 
постоянные  клиенты  турфирмы  ­  её  главное  богатство,  и  относиться  к  информации  о  них  надо 
соответственно. Таким образом, руководство любой компании заинтересовано в активной внешней 

 
 
122 
 
положительной  коммуникации.  К  PR­мероприятиям  в  Интернет  можно  отнести  рассылку  и 
публикацию  пресс­релизов,  прямое  обращение  к  СМИ,  участие  в  работе  брифингов  и 
конференций,  специальные  рассылки  материалов,  проведение  проведение  розыгрышей,  лотерей, 
конкурсов, спонсорство. 
Важное  место  в  этой  работе  занимает  подготовка  и  рассылка  пресс­релизов,  которые 
помогают  информировать  потенциальных  покупателей,  запуске  нового  проекта,  предоставлении 
новой услуги, наградах и достижениях компании, событиях, интересные фактах и т. д. Как правило 
представители  СМИ  позитивно  реагируют  на  пресс­релизы  компаний,  с  которыми  постоянно 
имеют  дело,  так  как  получают  эксклюзивную  информацию  из  первых  рук.  Не  менее  важно 
постоянно размещать на собственном сайте туристской компании хорошие новостные материалы. 
В  настоящее  время  многие  СМИ  используют  сеть  Интернет  как  основной  источник  новостей, 
охотно перепечатывая материалы с ресурсов, которые пользуются у них доверием. Таким образом, 
информация о компании будет распространяться не только в сети Интернет, но и в традиционных 
"бумажных" СМИ [3]. 
Грамотная  организация  рекламы  и  проведение  PR­мероприятий  позволяет  туристской 
компании  существенно  повышать  интерес  к  своим  турпродуктам,  а  соответственно  и  получать 
коммерческую выгоду. 
 
 
Литература 
1.  Томас  Кеглер,  Пол  Доулинг,  Бренд  Тейлор.  Реклама  и  маркетинг  в  Интернет.  Серия 
"Учебники, учебные пособия". ­ Ростов н/Д .:"Феникс", 2003. 
2.  Менеджмент  в  виртуальной  среде:  (сборник  статей).  ­  М.:  Центр  маркетинговых 
исследований и менеджмента, 2004. 
3. Шаховалов Н.Н. Интернет­технологии в туризме (Учебное пособие). – Барнаул, 2007. 
 
 
 
МАРКЕТИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ 
ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
 
Д. Шалабаева, 2-ші курс студенті, «Тұран» Университеті Алматы қ. 
Ғылыми жетекшісі: А.Қ. Томанова, э.ғ.к., «Тұран» Университетінің доценті 
 
Аннотация. В статье автор рассмотрел основные виды маркетинга и тенденции их развития в 
Казахстане. 
 
Аңдатпа. Мақалада автор маркетингтің негізгі түрлерін және оның Қазақстандағы дамуы мен 
тенденцияларын қарастырып кеткен. 
 
Summary.  In  article  the  author  considered  main  types  of  marketing  and  a  tendency  of  their 
development in Kazakhstan. 
 
 
Тәжірибеге  сүйенетін  болсақ,  маркетингтік  үдеріс  тігінен  де,  көлденеңінен  де  жүзеге 
асырылады.  Нарықтық  экономика  жүйелеріндегі  маркетингтің  ең  дамыған  түріне  тұтыну 
маркетингі жатады. Ол тұлғалар мен отбасыларынан тұратын түпкі тұтынушылар және фирмалар 
арасындағы қызмет өрісін қамтиды [1]. 
Қазақстан экономикасындағы қызметтердің келешегі шағын және орта бизнестің, қоғамдық 
тамақтану  мен  қонақкүй  шаруашылығы  саласындағы  бірлескен  кәсіпкерліктің,  делдал  – 
коммерциялық  қызмет,  көтерме  және  бөлшек  сауданың  жаңа  нышандарының,  халықаралық 
туризмнің дамуына байланысты. Осыған байланысты қызмет секторы кәсіпорындарының саясаты 

 
 
123 
 
мен стратегиясын әзірлеп, іс­жүзіне асыру құралы ретінде қызмет көрсету маркетингінің ролі арта 
түсуде. 
Қызмет  көрсету  саласының  қарқынды  дамуы  және  осы  нарықтағы  бәсекелестіктің  өршуі 
қызмет  көрсету  маркетингінің  пайда  болуына  әкелді.  Оның  тәсілдері  мен  әдістері,  қағидалары 
тауарлар маркетингімен ұқсас болғанымен кейбір айырмашылықтары да бар. 
Жүзеге  асыру  шекараларына  байланысты  маркетингтің  ұлттық,  халықаралық,  ғаламды 
деген  түрлері  бар.  Әр  мемлекеттің  экономикасының  даму  тиімділігінің  шарты  –  бұл  маркетингті 
ішкі  және  сыртқы  нарықтарда  қолдану.  Ішкі  маркетинг  екі  аспектіде  қарастырылады:  ұлттық 
нарыққа  мемлекет  ауқымында  және  фирма  ішіндегі  жүзеге  асырылатын  маркетинг.  Соңғысы 
фирманың  клинттерін  және  өз  қызметкерлерін  нарық  субъектісі  ретінде  қарастырып  бейімдеуін 
көздейді.  Қазақстандық  кәсіпорындарда  өз  қызметкерлері  ішкі  маркетинг  бөлігі  ретінде  әзір 
қарастырылып жатқан жоқ. 
Әлемдік  экономиканың  ғаламдану  жағдайында  халықаралық  маркетигтің  әдістері  мен 
қағидаларын  пайдалану  өзекті  мәселе  болуда.  Ішкі  маркетингке  қарағанда,  халақаралық 
маркетингтің  әр  елдің  ұлттық,  экономикалық  және  саяси  ерекшеліктеріне  байланысты  жүзеге 
асыру  өзгешелігі  бар.  Әлемдік  экономикадағы  ғаламдану  тенденциялары,  ресурстардың  біркелкі 
бөлінбеуі,  ұлттық  нарықтардың  интернационалдандырылуы,  халықаралық  бәсекелестіктің  және 
елдер  экономикасының  өзара  байланысының күшеюі, халықаралық  нарықтағы  маркетингтің 
интеграциясы  мен  стандарттарына  негізделген ғаламдық маркетингтің  дамуына  ықпалын  тигізіп 
отыр.  Әлемдік  кеңістік  ауқымында  жүзеге  асырылатын  ғаламды  маркетинг  кезінде  ұлттық 
нарықтардың  ерекшеліктері  жойылады.  Қазақстандық  компанияларда  ғаламдық  маркілер  жоқ, 
сондықтан  олардың  қызметі  экспорттық  маркетинг  деңгейінде  жүреді.  Отандық  тұтынушылар, 
біздің  нарықта  қызмет  ететін  ТҰК­лар  (транс  ұлттық  компаниялар)  жүзеге  асыратын 
ғаламдық маркетинг шараларынан әсер алуда. 
Тұлғалық немесе эго­маркетинг – нақты тұлғаға қоғамның оң көқарасын тудыру және оны 
демеуге бағытталған қызмет. Саяси қайраткерлер, әртістер, спортшылар және бизнесмендер өзінің 
танымалдылығын және имиджін көтеру мақсатында маркетинг әдістерін қолданады. Қазіргі кезде 
маркетингтің  маңызды  түрі  –  идеялар  маркетингі.  Маркетинг  жүйесінде  идея  тауар  ретінде 
қарастырылады және «әлеуметтік маркетинг» түсінігімен тығыз байланысты болады. Өндірушінің 
тұтынушымен  байланысына  қарай  тікелей  және  желілік  сияқты  маркетингтің  екі  түрін 
айқындаймыз.  
Соңғы  жылдары  Қазақстанда  тікелей  маркетингтің  сан  алуан  түрлері  белсенді  дамуда,  ол 
тауарларды телефон, теледидар, Интернет желісі және БАҚ­тың басқа түрлері, жаңа технологиялар 
көмегімен,  сонымен  қатар  таратып  сату  және  дербес  сату  көмегімен  жүзеге  асырылады. 
Ынталандырушы  маркетинг  –  тауарға  сұраныс  жоқ  немесе  сұраныс  төмен  болғанда 
пайдаланылады. Мұндай жағдай тұтынушы тауарды білмегенде немесе оның қасиеттерін қажетсіз 
деп  санағанда  туындайды.  Ынталандырушы  маркетингтің  құралдары  –  бағаны  күрт  төмендету, 
жарнаманы жылжыту әдістерін күшейту. Дамушы маркетинг – ол жасырын сұраныс, тұтынушылар 
нарықта бар тауарлармен қанағаттанбаған кезде пайдаланылады. Мұндағы маркетингтің міндеті – 
ықтимал  сұранысты  нақты  сұранысқа  айналдыратын  жаңа  өнімдерді  жасау.  Маркетингтік 
құралдары  –  тұтынушылардың  қажеттілігі  мен  үмітіне  сәйкес  өнімдерді  шығару,  тиімді  жарнама 
жүргізу және тауар имиджін жоғарылату. 
Ремаркетинг  сұраныс  төмендегенде  қолданылады.  Оның  төмендеуі  нарықтың  осы  тауар 
түріне  толығуы  салдарынан  болуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  маркетингтің  міндеті тауарға 
қосымша  жаңа  қасиеттер  қосу  және  жаңа  өткізу  нарықтарын  табу  арқылы  сұранысты  тудыру. 
Синхромаркетинг 
– 
құбылмалы 
сұраныс 
кезінде 
пайдаланылатын 
маркетинг 
түрі. 
Синхромаркетинг  сұраныстың  маусымдық  және  басқалай  құбылуынан  пайда  болады.  Сұранысты 
тұрақтандыру  үшін  шығарылатын  өнімнің  қызметін  саралап,  икемді  бағалар  мен  жылжытудың 
тиімді әдістерін пайдалану қажет [2]. 
Толық құнды немесе оңтайлы сұраныста қолдаушы маркетинг қолданылады, оның міндеті  
тұтынушылар талғамы жүйесінің өзгеруін ескере отырып, сұранысты қолдау. 

 
 
124 
 
Шектен  тыс  сұраныс  кезінде,  оның  деңгейі  фирманың  өндірістік  мүмкіндіктері  мен 
тауарлық  ресурстарынан  асып  түссе,  демаркетинг қолданылады.  Мұндай  жағдай  фирмаға  өте 
қолайлы, өйткені ол тауарды жоғары бағамен сатуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді. 
Нарықтық  қатынастардың  дамуына  орай,  экономикалық  субъектілердің  қызметін 
басқарудың  нарықтық  тұжырымдамасы  ретінде  маркетингті  қолданудың  объективтік 
қажеттілігі  туындады.  Маркетинг  қағидаларын  терең  пайдалану  үшін,  оның  теориясы  мен 
әлемдік  маркетинг  тәжірибесін  Қазақстанның  әлеуметтік­экономикалық,  ұлттық,  аймақтық 
және тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қайта пайымдау қажет [3]. 
Әкімшілдік­жоспарлы  экономика  кезеңінде  отандық  ғалымдар  маркетингті  өнімді 
мөлшерден  көп  өндіріп,  оны  өткізумен  ғана  айналысатын  капиталистік  қоғамға  ғана  тән 
экономикалық  категория  ретінде  қарастырған.  Қазақстан  экономикасында  маркетингті 
қолданудың  ерекшеліктері  мен  серпіні  және  экономикалық  субъектілердің  қоршаған  орта 
факторларының  қағидаларын  пайдалану  барысына  ықпал  ету  сипаты  көбіне  өтпелі  кезең 
жағдайына  орай  анықталады.  Маркетинг  дамуынының  маңызды  факторы  –  нарықтық  шартын 
сатып алушы белгілеп, билік жүргізетіндей, ұсыныс сұраныстан жоғары болатындай жағдай жасау 
[4]. 
 
Әдебиеттер 
1. Нысанбаев С.Н, Сдыханова Г.А.. Маркетинг негіздері. – А.: Қазақ университеті, 2002. – 340 
б. 
2. Котлер Ф. Маркетинг негіздері. Ағылш. ауд. М.Т. Ізбасаров. – Алматы: Жазушы, 2000 – 267 
б.  
3.
 
Есимжанова С.Р. Маркетинг. – Алматы: Экономика, 2003. –460 б. 
4. Ілиясов Д.Қ, Маркетинг: теориясы мен практикасы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2002 – 
143 б.  
 
 
ИВЕНТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ МАРКЕТИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 
 
Ф. Шилманбетова, 2-ші курс студенті, «Тұран» Университеті Алматы қ. 
Ғылыми жетекшісі: А.Қ. Томанова, э.ғ.к., «Тұран» Университетінің доценті 
 
Аннотация.  В  статье автором  изучены основные  вопросы,  касающиеся основных понятий 
ивент­маркетинга и интернет маркетинга. 
 
Аңдатпа.  Мақалада  автор  инвент­маркетинг  пен  интернет  маркетингтің  негізгі 
түсініктеріне қатысты негізгі сұрақтарын зерттеген. 
 
Summary. In article the author studied the main questions concerning the basic concepts of ivent­
marketing and the Internet of marketing. 
 
 
Ивент­маркетинг  –  бұл  шараны  ұйымдастырудың  кешенді  түрі  және  ол  есте  қаларлық 
шаралар  арқылы  марка  немесе  компанияның  өнімін  жылжытуға  арналған.  Бұндай  шаралар 
мақсатты аудиториямен эмоционалдық байланыс орнатуда оң нәтиже береді. 
Ағылшын  тілінен  «event»  сөзі  оқиға,  шара  деп  аударылады.  Осыдан  event­маркетинг  сөз 
тіркесін  «шаралық  маркетинг»  деп  қарастыруға  болады.  Алайда,  шараның  өзі  әрекеттің  нәтижесі 
ғана  емес  пе,  ал  маңызы  –  қызмет  немесе  тауарыңызды  тұтынушыға  сыйлық  ретінде  ұсыну.  Бұл 
құралдың  көмегімен  жарнаманы  тегін  сыйлыққа  айналдырып,  талап  қоя  алатын  және  әбден 
жалыққан 
аудиторияның 
назарын 
аудартуға 
болады. 
Көптеген 
ірі 
компаниялар 
өз 
коммуникацияларда  жарнамалық  хабарландыруды  жеткізу  үшін  ивент­маркетингты  қолданып, 

 
 
125 
 
тұтынушыларымен,  бизнес  серіктестерімен  байланыс  орнатқан  кезде  аталмыш  құрал  жоғары 
нәтиже береді деп санайды. 
Алайда,  кез  келген  істің  өз  қиыншылықтары  мен  ерекшеліктері  болады.  Бір  сауда 
орталықтың  ішінде  шара  ұйымдастырып,  бұл  әрекеттен  нәтиже  күту  азшылық  етеді.  Ивент­
маркетинг – бұл жарнамалық хабарландыруды жеткізудің тәсілі және оның нақты мақсаттары бар 
екенін  ұмытпау  керек.  Қайырымдылық  шараның  өзінен  имиджды  бекіту  мен  лояльділікті 
жоғарылату сияқты дивидендтерды шығаруға болады [1]. 
Маркетингтік  шаралар  кезінде  қатысушылардың  бренд  әлеміне  кіріп  кетуі,  эмоциялық 
сезінуі  –  аудитория  үшін  бренд  имиджын  барынша  ашып,  естерінде  қалдырып,  ұзақ  мерзімді 
жоспарда  сатып  алуды  басқаруға  жақсы  мүмкіндік.Шаралық  маркетингтың  құралдарын  келесі 
мақсаттарға жету үшін қолданады: 
1. Сәтті бренд құру; 
2. PR­кампания үшін жаңалықтық себеп туғызу; 
3. Тауарды нарыққа ерекше түрде кіргізу; 
4. Марканың жайғасымы, компания имиджін басқару; 
5. Тұтынушылардың лояльді тобын құру; 
6. Импульсты сұраныстағы тауарларды жылжыту; 
7. Ұзақ мерзімді кезеңде сатып алуды көбейту; 
8. word­of­mouth (ауыздан ауызға тарату) әсерін жасау. 
Ивент­маркетинг  –  әр түрлі  сегменттерге  бір мезгілде  әсер  етуге  мүмкіндік  беретін  құрал. 
Сонымен  қатар,  ол  қысқа  мерзімді  нәтижемен  (мысалы,  btl­акциялар  секілді)  шектелмейді, 
керісінше  біраз  уақытқа  дейін  жұмыс  жасайды.  Бір  жағынан,  маркетингтың  осы  құралы  көп 
инвестицияларды да қажет етпейді. Арнайы шара (Special Event) жарнамалық хабарламаны жасап, 
акция  қатысушыларын  бренд  болмысы  мен  құндылықтарымен  толық  таныстыру  мақсатында 
ұйымдастырылады [2]. 
Интернетке дейінгі заманда жарнама берушілерде түрлі қиындықтар болды: аудиторияның 
жарнамаға деген көзқарасы қандай, өнімге көңілі тола ма деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндігі 
болған  жоқ.  Осыны  білу  үшін  олар  арнайы  зерттеулерге  тапсырыс  беріп,  шығындарға  бататын. 
Әрине,  жарнама  көрерменнің  жүйкесін  әбден  тоздырған  кезде  компания  бұл  жағымсыз  реакция 
жайында ести алатын, бірақ бүгінгі таңда жарнама мен өнімге деген реакция өте тез таралады. Бұл 
жарнама  берушілер  үшін  компанияның  сәтсіз  идеяларын  жақсартып,  кейін  осындай  сапасыз 
ұсыныстарға  ақшаны  жұмсамауға  мүмкіндік  береді.  Кез  келген  комерциялық  ұйымның  басты 
мақсаты  –  қызметінен  пайда  табу.  Компанияның  иесі  маркетингтік  бөлімге  бір  ғана  мақстапен 
келеді – «көбірек ақша қажет». Ал мареткингтік бөлім ақша табудың негізгі бірнеше жолын біледі. 
Олар:  
1) компанияның тауарын көбірек адам сатып алса;  
2) әр адам компанияның тауарын жиі сатып алса;  
3) әр сатылымнан соң компания көп ақша табатын болса. 
Егер  де  компания  тауарды  көбірек  тұтынушы  сатып  алсын  десе,  олардың  мақсаты  – 
тұтынушыларды  ақпараттандыру  немесе  таныстыру  болмақ.  Тауар  жайында  неғұрлым  адам  көп 
білсе,  оны  қолданса,  соғұрлым  адам  саны  оны  жиі  сатып  алатын  болады  деген  теория  негізінде 
түрлі  акциялар  жасалынады.  Мысалы,  көшеде  не  дүкенде  келе  жатып,  косметика  өнімдерін 
таратып  жүрген  қыздарды  жиі  көруге  болады.  Бұл  косметика  бір  реттік  қолдануға  арналған 
өлшемде таратылады. Оны қолданғандар кейін бұл өнім жайында білетін болады, ал ұнаса, сатып 
алады. 
Көпшілік  компанияның  өнімі  жайында  хабардар  болған  кезде  маркетинг  тауарды  жиірек 
қолдану  қажет  деген  шешімге  келеді,  ол  үшін  қолданудың  жаңа  жағдайларын  немесе  лояльділік 
бағдарламасын  құрай  бастайды.  Соңғы  тармақ  брендингты  тудырады  (осы  жағдайда  тұтынушы 
өнім үшін ғана емес, бренд үшін де төлейді). 
Әр тармақта (хабарландыруды көбейту,  лояльділікті  құру, бренд  жасау) коммуникациялық 
стратегия құрылуы мүмкін. Аудиториямен жұмыс жасап, бренд пен қызметтерге деген «түсіністік 

 
 
126 
 
білдіру»  (немесе  Инсайт)  негізінде  стратегияны  құруға  болады.  Коммуникациялық  стратегия 
аудиторияның  инсайттары,  зерттеулер мен  нарық  үрдісі арқасында  өнім  туралы  «не  айту  қажет», 
«қашан айту қажет» және «қайда айту қажет» деген сұрақтарға жауап табады. Осы кезде «қайда» 
деген сұрақтың жауабы – Интернет екені түсінікті болады. Себебі аудиторияның көп бөлігі сонда. 
Ал интернет үшін  digital­стратегия қажет. Төменде осы стратегия түрінің шарттары мен жолдары 
[2]: 
Digital­маркетинг  тұтынушымен  жасалынатын  барлық  интерактивты  байланыстарға  жауап 
береді. Бұл байланыстардың бір бөлігі әлеуметтік медиада орналасады, ал осы жерде жұмыс жасау 
үшін  тағы  бір  стратегия  қажет.  Ең  бастысы,  әлеуметтік  медианың  әрекеттері  коммуникациялық­, 
маркетингтік және бизнес­стратегияға қарсы болмаса болды. 
Әлеуметтік  медиадағы  стратегия  digital­маркетингтың  талаптарын  орындауға  жағдай 
жасауы  тиіс.Әлеуметтік  медианы  қолдану  (digital­жылжыту  мен  жарнама  секілді)  сату  мәселесін 
шешпейді. Коммуникациялық стратегия «монолог» үшін құралса, «диалог» үшін мүлдем келмейді. 
Оған  ұқсас  түрлі  кеңестер  бар,  мысалы,  «баспасөз  баяндамаларын  блогқа  жарияламаңыз». 
Интерактивтің өзі «сұрақ­жауап» түрінде болғандықтан, мәтін мен ақпаратты жазған кезде осыны 
ескеру қажет. 
Әр  жарнамалық  тұғырнаманың  өз  механикасы  болады.  Мысалы,  әлеуметтік  желі, 
микроблог пен видео­хостингтің алаңында бірдей ақпаратты таратуға болмайды.  
Сонымен  қатар,  digital  стратегия  тұғырнамалық  коммуникацияларды  жасауға  мүмкіндік 
береді.  Олар:  Жеке  медиа  (owned  media)  —  компанияның  бақылауындағы  арналар  (сайт,  блог, 
бірлестік,  әлеуметтік  желідегі  профиль)  және  ақылы  медиа  (paid  media)  —  компаниямен  жалға 
алынған арналар (медиалық жарнама, контекстті жарнама, демеушілік) [3]. 
 
Әдебиеттер 
1.  www.nur.kz 
2.  www.kazref.kz 
3.  Ж.Ж. Тоқбаева. «Маркетинг негіздері». – Астана. «Фолиант», 2008 
 
 
 
ӘОЖ 65.012.6 
 
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Магистрант: Есдаулетов А.А. (СДУ), ассистент Адилбеков А.А. (АУЭС) 
Ғылыми жетекші: э.ғ.к. Сырлыбаева Б. 
Сулейман Демирел Университеті 
 
Экономикада  қамтылған,  экономикалық  белсенді  халықтан  басқа,  елдің  экономикасында 
қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда еңбек әлеуетінің құрамында экономикалық 
белсенді  емес  бөлігін  де  ескеру  қажет,  оның  құрамына  мектеп,  орта  арнайы  және  жоғары  оқу 
орындарының  оқушылары,  яғни  еңбекке  қабілетті  жасқа  дейінгі  халық,  сонымен  қатар 
жұмыссыздар кіреді.  
Қазақстан  Республикасы  халқының  еңбек  ресурстары  мен  жұмыспен  қамтылуын  реттеу 
оның келесі құрамдастарын қалыптастыру кезеңінде іске асуы мүмкін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет