Білім таксономиясы қолданылатын толық меңгеру жүйесінде жұмыс жасау барысында А.Маслоудың «Таным пирамидасындағы» танымдық деңгей мүмкіндіктерін ескерген де орынды болар деп назарларыңызға ұсына кетке
Білім таксономиясы қолданылатын толық меңгеру жүйесінде жұмыс жасау барысында А.Маслоудың «Таным пирамидасындағы» танымдық деңгей мүмкіндіктерін ескерген де орынды болар деп назарларыңызға ұсына кеткенді жөн көрдім.
Қандай мәселені болсын ұжымның бірлесе өзіндік ұйымдастыру ғылымы ретінде – биологиялық ортадағы ақпараттық алмасу ғылымы ретіндегі ізденіс тәжірибелерін ортаға сала отырып жүзеге асыратынында.
Дәріс 5%
Оқу
10%
20%
30%
50%
90%
Аудио-видео
Көрнекілік
Топтық жұмыс
Өз белсенділігі
70%
Тәжірибені пайдалану
Білімді меңгеру нәтижесін Ресей ғалымы В.П. Беспалько мынадай төрт иерархия түрінде сипаттайды:
Бірінші деңгей – үйренушілік-репродуктивті іс әрекет деңгей;
Екінші – алгоритмдік. Оқушы тапсырманы орындарда бұрыннан меңгерген іс қимылдарын өздігінен жаңғыртып, қолдана білуі қажет.
Үшінші – эвристикалық өнімді іс әрекетінің бірінші деңгейі. Бұл деңгей есебінде мақсат қана берілген. Оқушы жағдаятты дәлелдеп, оны шешуі үшін амалдарды таңдап алуы қажет.
Төртінші – шығармашылық-өнімді іс әрекетінің ең күрделі деңгейі. Оқушы өзі мақсат қойып, өзі оны тұжырымдайды, нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды іздестіреді.
В.П. Беспалько-ның екі ерекшелігін атап өтейік:
1) Екінші деңгейі білімді меңгеруге де және іс-қимылдарды меңгеруге де жатады; Екінші деңгей көлеміндегі іс-қимылдарды меңгерудің еңбек сыйымдылығы есте сақтау еңбек сыйымдылығына қарағанда айтарлықтай жоғары екені белгілі;
2)Төртінші деңгейі субъективті шығармашылыққа сәйкес келеді, ол кәсіби білім беруде ақпараттың толық еместігі мен нәтиженің түсініксіздігіне байланысты кез келген мәселені шешуге тән.
Кейбір ғалымдар (В.В. Краевский, И.Я. Лернер, М.К. Скаткин) білімді меңгеру деңгейлерінің мынадай тізбегін ұсынады:
І деңгей-білу(еске сақтау, қайталап айту)
ІІ деңгей-түсіну(түсіндіру, баяндау)
ІІІ деңгей-қолдану(үлгі бойынша, өзгерген жағдаяттарда) ІVдеңгей-жалпылау және жүйелеу
ІVдеңгейді – білімді игерудің шығармашылық деңгейі деп атайды.