АҚШ пен Батыс Европада XX-ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 - жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ыкпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жыдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралык конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды. 60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән.
Мектептердің негізгі мақсаты– зерделі, дарынды балаларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті.
Мектептердің негізгі мақсаты – зерделі, дарынды балаларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті.
Білім беру жүйесі- басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады.