Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Қозғалыс траекториясы


Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік жіктелу. Голография



бет11/18
Дата18.12.2023
өлшемі2,92 Mb.
#140732
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
6.
Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік жіктелу. Голография.
Дифракция-толқындардың таралғанда бөгет шетінде түзу сызықты бағытынан ауытқуы.
2)Спектр– физикада  берілген физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы. Спектрлер үздіксіз және дискретті (үздікті) болып бөлінеді. Электромагниттік сәуле шығарудың бірнеше түрлері белгілі: γ-сәулелер; рентген сәуле шығару; әсірекүлгін, көрінетін, инфрақызыл, микротолқынды және радио жиілікті сәуле шығару. Көрінетін сәуле шығаруға адам көзіне көрінетін сәулелер жатады 400-760нм. Олар қызыл,қызыл-сары, сары,жасыл,ашық көк, көк, күлгін.
3)Голография– толқындардң интерференция құбылысы негізінде нысандардың көлемдік кескіндерін алу тәсілі, толқынды өрістерді тіркеу, соның нәтижесінде әртүрлі физикалық денелерді кескіндеу әдісі. Голография нәтижесінде фототаспаға түсірілген дененің сырт бейнесі емес, сол дене мен жарық көзі бөліп шығарған сәулелердің бір-бірімен астасуы нәтижесінде туындайтын зерттеу нысанының көлемдік өзгешеліктері кескіндеп шығады. Геологиялық нысандарды даралау, бірегей үлгілерді оқшаулау, микроскоппен зерттеуге болмайтын иілмелі жазықтықтарды зерттеу және тағы басқа үшін қолданылады.


7.
Заттағы электромагниттік толқындар. Жарық толқындарының дисперсиясы. Жарық толқындарының жұтылуы?
Электромагниттік толқындар -бір-бірімен байланысқан айнымалы электр жане магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі. Жиілігіне және толқын ұзындығына байланысты электромагниттік толқындарды мынандай жеті түрге бөледі :
• 1. Төменгі жилікті сәуле шығару;
• 2. Радиотолқындар;
• 3. Инфрақызыл;
• 4. Көрінетін сәуле шығару;
• 5. Ультракүлгін сәуле шығару;
• 6. Рентген сәулелері;
• 7. Гамма-сәуле шығару.
Жарық толқындарының дисперсиясы. Дисперсия - ортаның сыну көрсеткішінің тербеліс жилігіне (толқын ұзындықтарына) тәуелділігі. Ақ жарық жеті түстен тұрады:
• 1) кызыл; 2) қызыл-сары; 3) сары; 4) жасыл; 5) көгілдір; 6) көк; 7) күлгін;
Призмада ақ жарықтың жеті түске жіктелуі ,кемпірқосақ- дисперсия; КОРОЧЕ ПРИЗМАҒА АҚ ЖАРЫҚ ТҮСЕТ СОДАН ШЫҚҚАН ЖЕТІ ТҮС ДИСПЕРСИЯ ДЕП АТАЛАДЫ. Жарықтың жұтылуы — орта арқылы өткен жарық қарқындылығының сол орта бөлшектерімен өзара әсерлесуі нәтижесінде кемуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет