Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығын, балалар тәжірибесі мен қызығушьшығына жақындығын, мазмүнынын қол жетімділігін, мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет. 2-3-сыныптарда мазмұндама, шығарма жазуға үйрету деп қарастырылады да, l ғана баға қойылады. 4-сыныпта мазмұндама мен шығармалар үшін 2 баға бір тор кезге қойылады: l баға мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін (5/5, 5/4 сияқты)
«5» деген баға автордың мәтінін (мазмұндама) жүйелі әрі дүрыс баяндалған; тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дүрыс; сөздік қолданыста 1-2 түзету жіберіпсе қойылады. «4» деген баға жұмыста автор мәтіні (мазмұңдама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету жағдайда қойылады. «3» деген баға мәтін мазмұнынан ауытюшылықтар жіберілген (мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс қолданғанымен ой жүйелі жеткізілген, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар. Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар. Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3-6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады; «2» деген баға қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан көп алшақ, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6 дан көп қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.
Қорытынды Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларымен шығарма құрылымын игерту барысында жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс. Жоғарыда аталған жайттарға көңіл бөліп, қатені түзету жолдарымен жұмыс істеген мүғалімдер ғана оқушыларды шығарма мен мазмұндаманы сауатты жазуға үйрете алады. Шығарма мен мазмұндаманы еркін жазып үйренген жас өркен, болашақта ойын еркін жеткізе алып, шығарма мен мазмұндама жазуға жаттығады. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте заңға айналдырады. Оқушыларды дүрыс жазуға үйрету барысында мүғалім жазуға берілетін материалды алдын-ала таңдайды. Дұрыс жазу үлгілерін тақтаға, дәптерге керсетеді. Балалардың дәптерлерін күн сайын тексеріп, түзету жолдарын көрсетеді. Айына бір рет бақылау жүмысын жүргізеді.Жазуға үйрету үшін мүғалім: сөздің мағынасын анықтайды; айтылуына, жазылуына, грамматикалық формасына көңіл аударады; жіберілген қатемен жүмыс жүргізеді; сөйлем мен сезді талдау жүмысын жүйелі түрде жүргізеді; грамматикалық жаттығуларды сөздік орфографиялық жаттығулармең алмастырып отырады.