Мазмұндама түрлерi және оған қойылатын талаптар


) Сурет бойынша мазмұндама жаздыру



бет3/5
Дата12.07.2022
өлшемі42,3 Kb.
#37615
түріМазмұндама
1   2   3   4   5
^ 2) Сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Жұмыстың бұл түрiн жүргiзуде дайын әңгiме бойынша жүргiзiлетiн мазмұндамаға ұқсас жүргiзiледi. Олай дейтiнiмiз мұнда да әңгiме мәтiнiн мұғалiм алдын-ала әзiрлейдi. Бұл жұмыстардың бiр-бiрiнен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада даяр мәтiнге қосымша сол оқиға желiсiн ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсiнуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелi де көркем сөзбен өрнектеудi үйретедi. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бiтiредi.

Суреттi пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлерi бар:


а) белгiлi оқиғаға арналған бiр сурет бойынша мазмұндама;


б) бiр оқиға мазмұнын ашатын сюжеттi суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама.

Сурет және сюжеттi суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндамаларды түрлендiрiп өтуге мүмкiндiк мол. Атап айтқанда, сюжеттi сурет бойынша өткiзiлетiн мазмұндама мәтiнiндегi қайырымдар мен сөйлемдердiң орындарын ауыстырып берiп, оны суреттiң сюжетiне байланысты түзеттiрiп немесе орны ауыстырылған суреттердi мәтiн мазмұны бойынша жүйеге түсiрiп, түрлерi оқушының ойлауы мен қиялын дамытып, шығармашылық қабiлетiн арттырады.


а) Сурет бойынша мазмұндаманы мына жүйеде жүргiзуге болады:


Алдын-ала дайындалған қыс келбетi бейнеленген суреттi iлiп, сұрақ-жауап тәсiлi бойынша дайындық жұмысы жүргiзiледi.


1. Суретте жылдың қай мезгiлi бейнеленген? Оны немен дәлелдейсiңдер?


2. Су-реттiң алдыңғы жағында кiмдер көрiнедi? Олар не iстеп жүр?
3. Балалардың көңiл-күйлерi қандай?
4. Ауа райы қандай деп ойлайсыңдар?
5. Суретке қандай ат қоямыз?
6. Қандай ой қорытындысын жасаймыз?

Суреттiң мазмұны жоғарыдағы жоспар бойынша талқыланып, сұрақтарға дұрыс берiлген жауаптар iрiктеледi.


Мұғалiм осы сурет бойынша дайындап келген мәтiндi мәнерлеп оқып шығады.


Мұғалiм мзмұндама мәтiнiн оқып болғаннан соң, әрбiр қайырым суретпен салыстырылады. Балаларға мағынасы түсiнiксiз деген сөздер мен сөз тiркестерi синоним сөздер арқылы түсiндiрiледi. Кейбiр сөздердiң орфографиясын есте сақтау қажеттiлiгi ескерiлiп, тақтаға жазылады.


Ұжым болып мазмұндаманың жоспары түзiледi.


Жоспардың үлгiсi:


1. Таңертеңгi табиғат көрiнiсi.


2. Өзен жағасында.


3. Балалардың қыс қызығы.


4. Балалар соққан аққала.


5. Қорытынды.


Мәтiн мазмұнын құрылған жоспар мен суреттi салыстыра отырып бiрнеше оқушы айтып шығады. Мұғалiм қорытынды жасайды. Балалар мазмұндама жазуға кiрiседi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет