2. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндама жаздыру. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшiн алдын-ала мәтiн дайындайды. Сол әңгiме мазмұнына сай бiрнеше суреттер әзiрлейдi. Нәтижеде мәтiндi негiзгi бөлiктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның құрамды бөлшектерiн тануға, ең бастысы – ондағы идеяны тап басуға дағдыланады. Сюжеттi суреттер арқылы мазмұндаманың тағы бiр ерекшелiгi, бiрiншiден, сөзден сурет, екiншiден, суреттен сөз тудыру қабiлетi қалыптасады. Яғни, шәкiрттердегi ойлаудың абстракт-логикалық түрiнiң дамуына игi ықпал етедi.
^ 3) Аяқталмаған мәтiн бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетiнше сюжет ойлап, әңгiменi әрi қарай жалғастыра отырып, сәттi шешiм тауып аяқтауға дағдыландыру.
Бұл шығармашылық жұмыс түрiнде мазмұндама мен шығарманың элементтерi кездеседi. Бұрын ылғи дайын мәтiнмен жұмыс iстеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгiме құрап, өзiндiк ой қорытындысын жасайды. Мұғалiмнiң негiзгi мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзiндiк “менiнiң” қабiлетiне қанат бiтiру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы “туа бiткен тiлдiк қабiлетiн” ояту. Мұғалiм бұл жұмысты “жеңiлден ауырға қарай жүргiзу” принципi негiзiнде iстейдi.
Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгiменiң оқиға желiсi, сюжетi суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негiзiнде жүргiзiледi. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтiндi сюжеттi суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негiзiнде жазып шығады. Атап айтқанда:
а) келесi кезеңде аяқталмаған мәтiн, жартылай түзiлген жоспар, әңгiме соңына бағыт-бағдар беретiн сюжеттi суреттер негiзiнде мазмұндама жаздыру;
ә) аяқталмаған мәтiн мен әңгiменiң, сәттi тұжырымдауға сiлтеме жасайтын жоспар негiзiнде мазмұндама жаздыру;
б) соңына дейiн түзiлмеген жоспар мен аяқталмаған мәтiн арқылы мазмұндама жаздыру.
4) Кино, диафильм бойынша мазмұндама.
^ Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi
Мазмұндама – оқушының өз ана тiлi мен әдебиетiнен алған бiлiмiн тексерудiң негiзгi нысандарының бiрi. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелi баяндай бiлу қабiлетi мен тiл байлығы, сауаттылық деңгейi айқын көрiнедi.
Мазмұндама мәтiнiнiң көлемi төмендегiдей болады:
5-сынып – 100-150 сөз; 6-сынып – 150-200 сөз; 7-сынып – 200-250 сөз; 8-сынып – 250-300 сөз; 9-сынып – 300-350 сөз; 10-сынып – 350-400 сөз; 11-сынып – 400-450 сөз.
Мазмұндама мәтініндегі сөз мөлшері
Сынып
Сөз мөлшері
5
80-100
6
100-120
7
120-140
8
140-160
9
160-180
Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтiн мазмұны мен негiзгi ойға сәйкестiгi, тақырыпың толық ашылуы, бяндау жүйесi ескерiлiп, сөздiк қорының деңгейiне, сөйлем құрылысына, мәтiннiң стильдiк бiртектiлiгiне, тiл шеберлiгiне назар аударылады.
Мазмұндама мен шығармаға екi баға: бiрiншiсi жұмыстың мазмұны мен көркемдiк сапасы, тiл шұрайлылығы үшiн, ал екiншiсi грамматикалық сауаттылығы үшiн қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |