Мазмұндамалар (5-сынып үшін) Әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған. Оны түрлі себептермен Сібірге жер аударған. Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он жаста екен. Бұлар баланың сезіміне айрықша әсер етті. Байтұрсынның балалары інісі Ерғазының тәрбиесінде болады. Ахмет Торғайдағы орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынборда мұғалімдер мектебін бітіреді. Қарқаралы мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарады. Ол орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болды. Айналаға білім-ғылым таратудың жолдарын қарастырды. Халықтың көркем сөз мұрасын жинады. Халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғам қайраткері, алғашқы әліппені, оқулықтар мен оқу құрадарын жазды. Баспасөзге мақалалар жазып, өлең шығарды, аударма жасады.
Жазықсыз жалаға ұшырап, 1938 жылы атылған.
(106 сөз). А. Байтұрсынов шығармалары жинағынан Сыйласа білсең – сыйлы боласың Адам деген ардақты есімге ілесіп жүретін «адамгершілік» деген сөз бар. Адамның адамгершілігі өзінің жүріс-тұрысынан, үлкенді құрмет тұтып, кішіге көмектесу, басқаның мүддесін өз мүддесіндей көру, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары ұстау сияқты іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрініп тұрады .
Сен біреуге көмектесуден бас тартсаң, саған басқалар да көмектеспеуі мүмкін. Егер сен үкен кісілердің алдында тұрпайы сөйлеп, дөрекі мінез көрсетсең, «көргенсіз екен» дейді, ал жолдастарыңның арасында «мен жақсы оқимын» деп, менменсіп, кеудеңді қағып жүрсең, олар сені жек көріп кетуі мүмкін. Өркөкірек болма, кішіпейіл бол, өзімшіл болма, көпшіл бол. «Жалғыз ағаш орман болмайды, жалғыз жігіт би болмайды» дейді халқымыз. Көпшіліктен аулақтап, өз басынан өзгені қадірлей білмеген адам айналасындағаларға қадірі болмайды. Оқытушыларыңды, замандастарыңды сыйлай біл, сонда сенің өз басың да сыйлы болмақ. Туған ел, өскен жеріңді қадірлей білеуің керек, балам! (126 сөз). Ақ буралы әулие Қазығұрт тауының бөктерінде жерленген Ақбура әулие Қожа Ахмет Йасауидың замандасы екен. Оның Ақбура атануының себебі – аруағы қозып, арқасы ұстаған кезде аузынан ақ жалын шашып, бурадай буырқанып, адам баласы естіп-білмеген алапат күшке ие болатын көрінеді. Ондай сәтте жолында кезіккен тосқауылдың бәрін тас-талқан етіп қиратып, бұзып-жарып өте шығу бұйым құрлы болмаса керек. Және өзінің мінезіне сай әрдайым буырқанып жүретін ақ бурасы болыпты. Ел әулиені үнемі сол бураның үстінен көретін болғанықтан «ақ буралы әулие» деп атайды екен.
Ақбураның құс секілді ұшатын ерекше қасиеті болыпты. Әулие таң сәріде памдат намазын Қазығұртта оқыса, бесін намазын Түркістанда, намаздыгер, намазшам, құтпанды Меккеде оқып жүре береді екен.
Қаншама ықылым заманалар өткенде, әулие мен оның қасиетті бурасы халық санасында бөлінбес бір ұғым боп қалыптасып, бұл жер Ақ буралы әулие аталып кете барыпты. (126 сөз).