Мазмұндамалар жинағЫ Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы Алматы 2012



бет2/39
Дата06.01.2022
өлшемі397,5 Kb.
#11903
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
ISBN 9965 – 19 –  251 – 6

КІРІСПЕ
Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.
Мазмұндама мәтіннің көлемі төмендегідей болады:

5-сынып – 100 – 150 сөз; 6-сынып – 150 – 200 сөз; 7-сынып – 200 – 250 сөз;

8-сынып – 250 – 300 сөз; 9- сынып – 300 – 350 сөз; 10-сынып – 350 – 400 сөз;

11- сынып – 400 – 450 сөз.

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.

Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Мазмұндама – дайын мәтін немесе оның үзіндісі бойынша жүргізілетін жұмыс түрі. Мазмұндама жаздыруға арналған мәтін ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады (мұғалімнің оқып бергені жөн). Одан кейін мазмұны баяндалып, ондағы мағынасы белгісіз сөздер түсіндіріледі. Жоспар жасауға оқушылар әбден төселгенше ұстаздың көмегімен оқушылар ұжымы түзейді. Кейіннен әрбір оқушының жеке-жеке жоспар құруы талап етіледі.

Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз бетінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыруы талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуға тиіс.



  • оқушының өз ойы болуы;

  • өз жанынан қосымша оқиға қосуы;

  • өздігінен қортынды жасау;

  • мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни І жақ, осы шақ формасын

дағы мәтінді ІІІ жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше

мазмұндау;



  • қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі

мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды

қысқарту;



  • кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына аса қажетті материалдарды ойдан қосу;

  • мәтін мазмұнына байланысты цитата және эфиграф келтіре отырып

мазмұндау;

  • берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.

Мұғалім мазмұндамаға лайықты мәтінді, баяндалатын оқиғаның ауыр-жеңілдігін оқушының жас ерекшеліктеріне лайықты таңдауы тиіс.

Таңдалған материалдар бала танымына жақын, етене таныс, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған ортаға байланысты таңдалады. Мазмұндама мәтіндері қызғылықты, қоршаған орта мен табиғатты терең тануға ықпал ететін, дүние танымын кеңейтетін, ұлттық рухты көтеретін, батырлыққа, ерлікке жетелейтін, баяндалатын іс-әрекет пен оқиғалар сабақтаса байланысқан, бірін-бірі толықтыратын болып келу жағы қарастырылады. Мазмұндама тақырыбы жыл мезгілдерінің кезеңіне сай болғаны мақұл. (Күзге арналған мазмұндаманы күзде жаздыру).

Мазмұндама жаздыру барысында мына төмендегі материалдарды пайдалануға болады:

1) жыл мезгілдері және олардың бір-бірінен өзгешеліктері, ерекшеліктері;

2) оқушылардың өз бастарынан кешкендері;

3) оқыған кітаптары, естіген әңгімелері, көрген кинофильмдері;

4) қоршаған орта мен табиғатты бақылаудан алған әсерлері мен ой-пікірлері;

5) балалардың еңбек әрекеттері, ойындары;

6) отбасы, ауылы, туған өлкесі;

7) үй жануарлары және олардың қасиеттері;

8) жабайы аңдар және құстар;

9) түрлі кәсіп жайында;

10) туған елдің тарихы, ұлы ойшылдары мен ақын-жазушылары, билері мен батырлары т.б.

Мазмұндама тақырыптары сынып өскен сайын қайталануы мүмкін. Мәселен, «Күз», «Қыс», «Көктем» және т.б. тақырыптар сөз жоқ, әр сыныпты шәкірттің жас ерекшеліктеріне,біліміне, іс-тәжірибесіне байланысты бұл тақырыптар күрделене түседі. 5-cыныпта көктемнің өзіне тән санаулы белгілері жайында жазылса, 6-сыныпта оған тән қасиеттер тереңдей түспек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет