Қоқиқаздар - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар.Олар Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді.
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық - біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына тиянақты кісілер жаздыгүні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерін бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды. (М.Дулатов.)
Бір жылда қанша рет жаз болады?
Ағаш, гүл, жапырақтар неше рет жасарады?
Жастық шақты жылдың қай мезгіліне теңейді?
Кәрілікті неліктен күзге теңейміз?
Адам өнер-білімді, жақсы мінездерді қай уақытта бойына жинауы тиіс?