Ізгілікті басқару қағидасы
Имандылық, жүзі игі жан тектілік, парасаттылық, білімділік
әділдік, әділ заң, қанағат, ынсап .
ізгі жүрек, тіл өнері, ізгі сөз, ізгі ниет
оқу-білім, даналық,
ел басқару өнері
Ізгілікті басқаруға қарсы әрекет :
өтірік айту, ашулы сөз ,шарапқа құмарту
байлық, билікке құмарту ,бос сөз, мәнсапқұмарлық
жарамсақтану.
Адам бойындағы мінез құлықтың өзгеруінің негізгі себебін нақты бейнелеуі ,әсіресе, жауанмәртілік жөніндегі тұжырымдарының рухани құндылығы бар. Жауанмәртілік ізгі, нұрлы ақыл дегенді білдіреді. Әділеттілік кісіні ізгілікпен табыстырады.Жүсіп Баласағұндағы ізгілікті, мерейін үстем етуі Абай өлеңдерінде жлғасын табады. Бұл қағидалары ұлы Абайдың он жетінші , он сегізінші Қарасөзімен рухани жалғастықты көрсетеді.Бұл туралы келесі тарауда талдау жасалады.
Ізгіліктің жаулары: дүниеқоңыздық, сараңдық, екіжүзділік, білімсіздік. Жүрек өнері ізгілікте. Жомарттық, пен сараңдық. Кішіпейілділік пен тәкаппарлық. Мінез-құлықты жақсарту ,кішіпейл болу−бұлар жомарттықтың бір көрінісі. Жұғымсыз сырт келбетке ізгілік тұрақтамайды. Кімнің жан-дүниесі іште жетілмесе, оның жүрегі тыныштықтан арылар. Өзінің сырт келбетіңді келістір, өзінде ізгілікті тәрбиеле, сонда өзің-ақ барлық заттардың арқауын ұғынарсың. Мұндай жағдайда ақыл өздігінен келеді де шексіз болып қалады.
Жүректегі тыныштық мемлекетке де тыныштық әкеледі. Жүректі басқаратын мүмкіндік – мемлекетті басқаратын мүмкіндік. Мемлекетті басқару жүректің халіне байланысты, елдегі тыныштыққа жүректердің күй-жайына байланысты. Адамдардың жүрегі тынышталғанда, олардың аузынан ұстамды сөздер шығады, олар істерін тыңғылықта жүргізеді.Сонымен істер табысты болса, онда халық көнгіш, сабырлы болып келеді.
Мақтау сөз күтпей-ақ, ізгі іспен шұғылдан. Рухсыздық рухани жұтаңдық орын алған жерде адамдардың бір біріне деген қарым қатынасында неқұрайдылық, жалтаңдық орын алады.Мұның зияны айналасындағыларға тиеді.Жүректің ерекшелігі сол, ол өзінен-өзі толады, қанағат табады, өзінен - өзі дамиды және жетіледі. Қайғы мен сауық-сайранда, шаттық пен ашу-ызада, құмарлық пен ашқарақтықта жойылады.Ойымызды қорытындылай келе, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы басқарудың өзегі: ізгі ой, ізгі жүрек, ізгі ниет, ізгі көңіл, ізгі тіл,ізгі тірлік, ақыл , білім.екеніне көз жеткізуге болады.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін салт-дәстүрін, тілін білетін, жалпыадамзаттық мәдениетті терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, қоғамымыздың ендігі жерде рухани түлеуіне, оның мәдениетін көтеруге, тарихын және мұрасын қалпына келтіруге, оны өркениет дамуынан кенже қалдырмауға ұмтылып отырмыз. Бұл өзімізді танудың әрі тәрбиелеудің, ең бастысы, жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезім дарытудың жолы»,−деуі, бүгінгі таңда қазақ халқының өзіне тән қайталанбас педагогикалық мәдени мұраларын, соның ішінде оның бастау көзі болып табылатын түркі жазба мұраларындағы тәлім-тәрбиелік қағидаларды зерттеудің ғылыми - теориялық маңызы зор екендігін көрсетеді [1].
Рухани адамгершілікті, имандылық пен парасаттылықты дәріптейтін Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны – сөз асылы ғана емес, күні бүгінге дейін жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік қосар үлесі көп тәрбиенің бастау бұлағы. Адамзатты тура да әділ жолға сілтейді, тәрбиелі, өнегелі болуды үндейді. Бұл ретте А.Айтбаева былай дейді: «Қазақ халқының философиялық ой-пікірін дамытуда үлес қосқан, халық дүниетанымын барынша ашық бере білген ойшылдардың қатарына Жүсіп. Баласағұнды жатқызуға болады. Жалпыға маңыздылығымен және шындыққа негізделген ғылыми еңбегінің айқындығымен, суреткерлік шабытпен ішкі арпалысын бір бойына сыйғыза білген терең ой, қуатты қисын мен құнды пікір түйіндеген»[104,4б].
Бүгінгі таңда қоғамның дамуындағы басқару процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда ұрпақ тәрбиесіндегі парасатты билік пен ізгілікті өмірдің ғылыми негіздері терең баяндалатын түркі әлемінің ұлы ойшылы Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негізі – адамды сүю, адамға құрметпен қарау. Сондай ақ, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы басқарудың өзегі:
Достарыңызбен бөлісу: |