Мазмұны бет Кіріспе


Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы кейіпкерлер және олардың ізгі қоғам орнатудағы тәрбиелік мәні



бет3/18
Дата26.04.2023
өлшемі112,22 Kb.
#86980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
annotation77795

Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы кейіпкерлер және олардың ізгі қоғам орнатудағы тәрбиелік мәні

Суретте көрсетілген кейіпкерлердің әрқайсысына ғұлама лайықты ат береді. Әділетті –Кунтуды- Елік деп, оны хан сайлайды. Дәулетті –Айтолды деп, оны ханның уәзірі саналады. Ақылға -Өгдүлміш аты беріліп, уәзірдің баласы болса, Қанағатқа –Одғұрмыш деп ат қойып, оны уәзірдің туысы санайды. Ақын дастанда ақылды, парасатты, қанағатшыл, білімді игерген тұлға мемлекетті дұрыс басқара алатындығын, сонда ғана әділетті қоғам орнайтындығы туралы ой толғайды.Бұл тұғырлы ой-сана бас кейіпкерлер Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш бейнелері мен іс-әрекеттері арқылы беріліп, дәлелденеді.
1.Күнтуды (Әділет) – әмірші, әділ ел басы ,хан.
2.Айтолды (Дәулет) – құт -ырыстың баламасы.
3.Өгдүлміш (Ақыл) – ақыл- ой,білімнің баламасы.
4.Одғұрмыш (Қанағат) – барға қанағат етудің, ұстамдылықтың баламасы. Дастандағы атау ретіндегі балама бейнелердің өзіндік мәні бар. Бұл төртеуі –ізгілікті өмір тірегі, құттың төрт діңгегі.Мұндағы негізгі ой төртеуі бірлікте,ынтымақты болған кезде ғана ел бақытқа кенеледі. Тұлға бойына осы ізгі қасиеттер дарыса, адам баласының, ізгілікке толы өмір сүретіндігі, адамның бақытқа жететіндігі, құтты тұрмысы дастанда ерекше көрініс тапқан
Сонымен, «Құтты білік» дастанында төрт кейіпкер төрт қасиетті ұғымның (Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат) иесі болып табылады да, осы кейіпкерлер арқылы ізгілікті ел басқарудың айрықша жүйесі ашылады.
Жүйе дегеніміз:«Бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп ,белгілі бір тұтастық,бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы»[99,609б]. Дәл осы анықтаманың негізгі қағидаларын Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанынан көруге болады. Өйткені, кейіпкерлер Күнтуды, (Әділет), Айтолды (Дәулет), Өгдүлміш (Ақыл), Одғұрмыш (Қанағат)− дастанның өзегі ғана емес, бір - бірін толықтырып отыратын кейіпкерлер. Халық пен ел билеуші арасындағы әртүрлі қарым -қатынаста мемлекеттің негізін қалайтын әділетті қоғамның арқауы ізгілік идеясы кейіпкерлердің сұхбаты арқылы беріледі.Сонымен қатар, дастанда түрлі әлеуметтік топ өкілдері мен басқарушыға тән мінез-құлық ережелері, олардың арасындағы қарым-қатынас мәселесі терең баяндалады. Осы бағыттағы ғылыми талдау Жүсіп Баласағұнның басқару туралы ой-пікірлерін жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Бұл жүйенің бүгінгі күн талабымен үндесетін ізгі басқарудағы мынандай құрамдық компоненттері де айқын көрінеді:
-мақсаты;
-міндеттері;
-заңдылықтары;
-ұстанымдары;
-бағыттары;
-қызметтері;
-әдіс-тәсілдері.
Дастанда ел басқару саясатын жүргізуде ақын бекті мынандай үш топқа бөледі:
Бірі – дана, ғалымдар, зейінділер,
Бірі – хатшы, білсін дер кейінгілер.


Үшіншісі – ер жүрек батырларың,
Жау, бөріге салатын жасындарың.


Ойшыл, зерек даналар кеңеседі,
Сөйленеді ел мұңы, келешегі [21,308б].
Мұндағы Баласағұнның көздеген мақсаты –ізгілікті басқару идеясын негізге ала отырып, халыққа құтты өмір сыйлау, әділетті, ізгілікті қоғам орнату.осы үш түрлі бектің қолында екенін және олардың мемлекет түзудегі қызметін,ел басқарудағы халқына тигізер пайдасын айтады. Сонымен қатар, үш таған, үш тұғыр ұғымы ізгілікті басқарудың қоғамдағы мәнін ашуға негіз болады.
Үш тағанды нәрсе берік, мызғымас
Үш аяғы тұрғанда ұстап, жылжымас!


Егер үштің бірі тайса, жетеді,
Қалған екеу өзі- ақ ұшып кетеді[21,14б]. Үш тағанды қайда қойсаң да, нық тұрады, егер оның біреуі құласа, қалғаны да құлайды деп, үш тағанның мықты болуын шеберлікпен жеткізеді
«Құтты білік» − ізгі басшы басқарған әділетті қоғамның орнауын, халықтың бақытты болуын ойлаудан туған дастан. Дастанда халық қамын ойлау, халыққа қамқорлық жасау билік иелерінің басты міндеті болып саналады. Бұларды ойшыл жоғарыда аталған қоғамның төрт құндылығы арқылы іске асырады, сондықтан негізгі төрт ұстанымға дастанда ерекше мән беріледі. Дастандағы бас кейіпкерлер әңгімелесу, диалог, ой бөлісу, сұхбат әдістері арқылы өздерінің халыққа құт дарыған, бақытты өмір сыйлаудағы ойларын жеткізіп отырады.
Ізгілікті басқару ісі−әлем кеңістігінің заңдылығы тәріздес. Олай дейтініміз, жер бетіндегі тіршілік аспандағы күннен басталады. Бұл космостық зат жердегі барлық жанға бірдей қарап, өзінің сәулесін бәріне бірдей шашады. Аспандағы күннің әділеттілігі осында. Бүкіл адамзаттың - кедей мен бай да, жас пен кәрі де –бәрі Күн нұрына бірдей бөленеді. Сондықтан табиғаттың бұл заңдылығы Жүсіп Баласағұнның ізгілікті басқару жүйесінің негізі болып табылады. Ендеше, ғұламаның дастандағы бас кейіпкерді Күнтуды деуі бекер емес. Ол −әділеттіліктің символы, яғни ізгілікті қоғамның негізі. Оның бейнесі арқылы біз ол басқарған мемлекеттің әділеттілігін, әділетті заңмен жүргізілген елдегі бақытты тұрмысты көреміз. Мемлекет түзудегі әділ ел басшысы, әмірші Күнтудының.бейнесі дастанда мынандай өлең жолдарында беріледі Айтолдының Елікке сауалы:
Ай, Елбасы деді,- Айтолды рахымды,
Күнтуды деп неге қойған атыңды ?
Еліктің Айтолдыға жауабы:
Дүниенің нұрлы жомарт алыбы,
Күнді қара, сөнбейтұғын жарығы.


Жарқыраған күнді көр де, көр мені,
Күн сөнсе, егер, тіршіліктің өлгені.


Туралықпен таймас күші нұрының,
Соған ұқсас, менің барша қылығым.


Екіншіден, нұрын шашып елге тең,
Күн туады жарқыратып жер бетін! [21,149б]-деуі оның бәріне бірдей нұрын шашатын әділетті, мейірімді басшы екенін білдіреді.
Елік-Күнтуды, яғни Әділет басқарып отырған қоғамның қажетті элементтері −дәулет, ақыл, қанағат. Бұл төртеуі ізгілікті басқарудың жүйесін құрайды.
Сонымен, Еліктің ел басқарудағы ой-пікірі мынандай үш бағытта ашылады. Біріншісі–Күнтудының уәзір Айтолдымен қарым-қатынасы. Екіншісі–Күнтудының уәзірдің ұлы Өгдүлмішпен қарым-қатынасы. Үшіншісі –Күнтудының уәзірдің туысы Одғұрмышмен қарым-қатынасы.

Бұл келтірілген үзінділер адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі адамға ізгілік, қайырымдылық, жақсылық жасау арқылы ғана өзін таныта алатынын, адами жетілудің шыңы ізгілікте екенін дәлелдейді. Елікке қойылған талап –еліне адал болу. Бұл мақсатқа жетіп, міндеттерді орындауда, ғұлама педагогикалық мұрасында патшаның ерекше бейнесін суреттейді. Бек деген ұғымды биіктетіп, құлқы тузу, сөзі шын, мейірімді бекті даралай түседі.Оған дәлел ретінде үзіндіге назар аударалық:




Данышпан бек бар еді жаһан басы,
Жасады ұзақ, жасарды ғалам жасы.


Ол- Күнтуды әлемге аты мәлім
Даңқы мәлім, құты мен заты мәлім.


Құлқы түзу, жаны мәрт өмірі ұдай,
Көзі қарақты, сөзі шын, көңілі бай.


Білікті бек, ойы ұшқыр, ғадал еді,
Жаманға - өрт, жауына тажал еді.


Және жайсаң, мейірімді асқақ ер-ді,
Атақ-даңқы күн сайын асқан ер-ді [21,112б].
Бұл даралаудағы мақсат не? Бек деген кім? Ел басқарушы бектің қандай болғаны жөн? Осы мәселе төңірегіндегі зерттеу нәтижесі дастандағы елбасшысын сипаттайтын төмендегідей бірнеше тәрбие қағидаларын талдауға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет