1-қағида. Халқына адал, жайлы бек туралы: Мысалы: Жасай алар ізгілік пен ірілік, Заң, ұятты сақтай білер жүгініп!
Басшы керек, елін сүйер ер керек, Болмау үшін адамы – құм, жер-кебек
Осындай бек - болар халық көсемі, Ұрпағы өссе, тарайды ұрқы көшелі [21,245б].
Ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн мемлекеттің ішкі қоғамдық өмірінің қандай болуын жеке тұлғадан бастап, ел басшысының бойындағы білімі мен парасаты, мінез-құлқымен тікелей байланыстырады. Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы кемелдікке жету жолдары жырланады:
Кімде осы белгілер болса, кемел беделі, Бек деп атап, қолына – ел тізгінін береді.
Ондай кісі бек болар, жүректерде жатталар, Оның әрбір ісінен, қалғандары бақ табар.
Не дегенін тыңдайық білімді, ойлы кісінің, Сөзі де үлгі басқаға, үлгісі мол ісінің:
«Бек білімді, ақылды, адал болсын, ақ болсын. Парасаты, ақылы ізгілерге жақ болсын! [21,262б]
Келтірілген үзінділерде ғұлама өмірде тек ізгілік арқылы қоғамдағы барлық әлеуметтік мәселелерді саралауға болатынын және бектің сөзі де, ісі де өзгеге үлгі болуын айтады.
Еліне бек адал болса,жағымды, Барша халық көрер құтың, бағыңды.
Өзіңе емес, тіле ізгілік бегіңе, Ізгі болса, пайдалы бек еліңе!
Ізгі болса, қара елмен теңелер, Ізгі болса, бегің халқың көгерер! [21,355б ] Сонымен қатар, ұлы ойшыл өз еңбегінде қоғамдағы басқарушының қызметін оның адамдармен арадағы ізгілікті қарым-қатынастың орнауымен тікелей байланыстырады:
Ісі түссе, мейірім ет, қарай жүр, Сонда сені бәрі жақын санайды.
Екі дүние қызығына қанасың, Даңқың тарап, жақсы атақпен қаласың [21,453б].
Бұл бәйіттерден Жүсіп Баласағұнның тіршіліктің мәні туралы философиялық көзқарасын, ізгі басшыға тән мейірімділікті, жақсылықты көруге болады. Ендеше, бүгінгі таңдағы басқару тиімділігін арттыру мәселесінде басқару мәдениетінің рөлі зор екендігін айта кеткеніміз жөн. Жақсы мінез-құлық пен ізгілік, адамға құрметпен қарау, басқарушының халқымен жақсы қарым- қатынасы қоғамды тек ізгілікке, жақсылыққа бастайды. Ғұламаның мұндай ізгі бекті елі еш уақытта ұмытпайтынын айтуы тегіннен -тегін емес. Ойшыл қоғамды таптық тұрғыдан жіктеуді қалаған жоқ, ол бектің білімсіздіктен, әділетсіздіктен қоғамды күйретіп, мемлекетті ыдырататының ертеден түсінді. Сондықтан да ол қоғамды жанды денеге үқсатады. Ондағы таптар мен топтар дене мүшелеріне теңелді, олар кейбір жағдайларда кайшылық болғанымен үнемі өкімет адамдарының бақылауымен әрекет етіп отырады. Қарама-қайшылықтың (олардың күресі емес, бірлігі салтанат құруға тиіс болды.