Қорытынды Нан – тіршілік негізі. Нан және нан өнімдерінің тағамдық құндылығы энергетикалық ақуыздық құндылығымен сипатталады. Қазіргі кезде нан пісіру өндірісінде нан өнімдерінің тағамдық құндылығы артып, күннен күнге автоматтандырылған жабдықтар көбейуде.Осындай кәсіпорындарының бірі Amara Luxury resorts and villas қонақ үйі. Мұнда нан өнімдерінің алуан түрі пісіріліп, көпшілікке ұсынылады. Ұннан семит, тәтті тоқаш, торттар, бәліштер жіне басқа да өнімдер әлемнің әр елінен келетін туристтерге жоғары сапада жаңадан әзірленіп ұсынылады. Қонақ үй де осымен ерекшеленіп, тұтынушыларын қуантуда.
Кондитер маманы боп жұмыс істеу барысында әр түрлі тәтті піспе нандарды әзірледік, жаңа өнімдермен танысты. Өзімізге көп тәжірибе жинақтай отырып, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуды, талғамдарын ескеруді үйрендік.
Біздің өнімдеріміздің сапасы мен дәмін бағалай отырып, біз өте қуаныштымыз. Бұл факт біздің өнімдеріміздің тұжырымдамасын таңдаудың дұрыстығын дәлелдейді: инновация, жоғары сапа, тамаша дәм және табиғи композиция.
Осындай нан шығаратын кәсіпорындар саны елімізде арта берсін. Осы салада еліміздің болашағына бірден бір үлес қосу үшін, болашақ маман иесі ретінде көптеген жаңа нан-тоқаш өндірісіне өзгерістер енгізгім келеді. Әсіресе, кондитер өнімдер тобына экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді, өте пайдалы, табиғи дәмін жоғалтпаған, ұлттық дәстүрімізді сақтай отырып жаңа түрлерін өндіруді мақсат деп білемін.