II. Негізгі бөлім 2.1. Кәсіпорын орнының құрылымы және өндіріс туралы қысқаша мәлімет Amara Luxury Resort & Villas – Түркия мемлекеті Жерорта теңізі аймағы, Кемер қаласының Гейнюк ауданында орналасқан. Әуежайдан 40 шақырымда орналасқан және ерекше қонақ үйлердің бірі. Қонақ үй бас корпустан тұрады, ол main building деп аталады және Wheel мейрамханасы да кіреді. Мұнда 2019 жылы қайта құрылу шаралары жүргізілді. Қонақ үйдің 80 пайыз бөлмелері Жерорта теңізіне керемет көрініс ұсынады.
Қонақ үйдің артықшылықтары: біріншіден, басқа отелдермен салыстырғанда қаржылық құны, шамамен, 150 евроға арзан. Оған себеп қонақ үйдің жаңа брендпен жұмыс жасап жатқалы 3 жыл ғана болды. Оған қарамастан, екінші жақсы жағы, сапалы тамақтану орындары мен тағамдары. Мұнда күн сайын балықтардың, теңіз өнімдерінің, еттердің 4-5 түрлері, жаңа дайындалған тағамдар, фреш сусындар 3 уақыт бойына ұсынылады. Және де импорттық алкогольдік сусындар да бар. Тағы бір жақсы жағы, қонақ үйдің ерекше орналасуы мен территориясы болып табылады.Оған қоса, инфраструктура. Мұнда тегін луна-парк, балаларға арналған клуб, футболға арналған алаңдар, тематикалық бөлмелер бар. Ең кереметі – өте үлкен көлемді жағажай бар.
Баға саясатын ескере отырып, кейбір клиенттерге, олардың талғамына, таңдауына қарай түрлі кемшіліктер пайда болуы мүмкін. Ең алғашқысы, адамның көп болуы, алайда соншалықты орын болмайтындай көп халық жоқ. Балаларға арналған клубтың жабық орындарда салынғаны және онда аниматорлардың аз болуы да кемшілігі болып отыр.
Қонақ үйдің құрамына 51 вилла кіреді: оның ішіне 4 сәнді, теңіз жағалауында жеке бассейн, көркем бақ және жағажайда жеке шатырлары бар Hawaii виллалар; «Бали» деп аталатын, жеке бассейні мен бақшасы бар 11 вилла; жалпы бассейнге шығатын 4 «Monte Carlo» Вилласы және Juniorс аталатын 32 вилла кіреді.
Кешеннің аумағында барлар, кафелер мен 5 мейрамханалар бар, олардың негізгілерінде таңғы ас, түскі және кешкі асқа буфет, сонымен қатар балалар мен диеталық мәзір бар.
Қонақтар боулинг және бильярд, футбол, баскетбол және волейбол ойнай алады, су спорт түрлерімен айналыса алады, фитнес-орталыққа барады, аквапаркте көңілді болады, бассейнде жүзе алады (жабық және ашық) және СПА-орталықта сауна, бу моншасы, массаж бөлмесі және ыстық ванна бар. Қонақ үйде түнгі клуб бар.
Avangard Luxury Resort балалармен демалуға жарайды: су слайдтары бар балалар бассейні, ойын бөлмесі, ойын алаңы және клуб бар.
Нан және нан өнімдері цехіне тоқталып кетер болсақ, цех Швейцариялық «Bongard» және «Debag» компанияларының жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Нан өнімдері ассортименті толықтай тұтынушылардың сұранысына байланысты жасалған. Мысалға зейнеткерлерге сағат 12:30 кейін 30тнг 300г – дық «Серый хлеб» өнімі ұсынылады. Бұл нанның құрамын бірінші сұрып ұнына екінші сұрып ұнын қосу арқылы бағасын төмендетіп отыр. Сонымен қатар сапалы өнім талап етушілерге 100тнг 700г «Белый хлеб» өнімі ұсынылады. Оның сапасын арттыру мақсатында «Аспан Эко», «Аспан Доктор» жақсартқыштары пайдаланылады. Оған қоса нанның тартымды түсін шығару үшін қант қосады. Нан өнімдерімен қатар цехта сдобалы бөлішке өнімдері, қатпарлы тоқаш өнімдері, печенье, кондитер өнімдері шығарылады. Олардың барлығының пісу уақытын тұтынушылардың уақытына сәйкестендіріп қойған. Мысалға алғашқы сдобалы өнімдердің бірінші бөлігі 13:00 дейін шығарылса, кейінгі жартысы 18:00 шамасына есептеледі.
Асхана іші өте кең, түрлі тәттілерді жасауға мүмкіндік береді. Отельдің бас аспазы өз практикант студенттеріне барлық жасалатын, пісірілетін тәттілерді, бәліштерді, тағамдарды, жақсылап үйретіп, қадағалап отырады. Студенттердің әр қайсысыының жетік түрде үйретілген барлық материалды қабылдауын, меңгеруін қамтамасыз етеді.
Қонақ үйде, оның ішінде асханада жұмыс жасау алаңы толықтай желдету жүйесімен, қажетті деңгейде жарықпен қамтамасыз етілген. Бұл жұмысшыларға еркін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Яғни сол жерде бір ай бойы жұмыс жасау арқылы көзіме қандайда бір зақым келді деп айта алмаймын.
Жоғары сападағы ірімшікті және қаймақты торттар, чизкейктердің әр алуан түрін, кекс, капкейк, пирожныйлар, тәттілер әзірленеді.
Қазіргі таңдағы Түркия елінің ірі қонақ үйлерімен салыстырғанда нан және нан өнімдері, кондитерлік, тәтті бәліштер сапасымен, дәмімен "Amara Luxury Resorts and Villas" қонақ үйі ерекшеленеді. Оған қоса, бағасының тиімділігі, балаларға арналған арнайы менюдің болуы өте тиімді. Бұл клиенттер санының көбеюіне аса өатты әсер етеді.