2.4. Санитарлық нормалар және еңбекті қорғау ережелері 1. Жалпы ережелер
1. "Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (әрі қарай санитарлық ережелер) өндіріс объектілерін жобалаумен, салумен, қайта салумен және эксплуатациялаумен қызметі байланысты жеке және заңды тұлғалар мен ұйымдарға тағайындалған.
2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған:
1) өндірістік объект - өнімді шығаруға, жұмысты атқаруға және қызмет көрсетуге байланысты шаруашылық қызметінің объектісі, олар адамның денсаулығы мен мекен-жайына әсер ету көзі болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияны қолданумен жүзеге асырылады;
2) аэрация - құрамындағы органикалық заттармен жылдам тотығуы үшін түрлі ортаның ауамен жасанды қанығуы;
3) санитарлық қорғау зонасының шекарасы - санитарлық қорғау зонасының (әрі қарай СҚЗ) немесе кеңістіктің жоспарлы проекциясының барынша көп территориясын шектейтін линия, әсер етуші нормаланатын факторлар оның маңынан тыс жерде белгіленген гигиеналық нормативтен аспайды;
4) ластану зонасы - ластану көзінің маңындағы территория, оның шегінде атмосфераның жер беті қабаты концентрациясының мүмкіндік шегінен асатын зиянды заттармен ластануы мүмкін;
5) рециркуляция - температураны және қоспадағы компоненттердің концентрациясын реттеу мақсатымен технологиялық процеске газдардың, сұйық және қатты заттардың ағымының толығымен немесе жекелей қайтып келуі;
6) шлам - руданы ұсақтау процесінде, байытқанда, бұрғылағанда немесе өндірістік қызметте түзілетін пайдалы қазбалар немесе тау жынысы;
7) шламоотвал - шламды жинайтын, сақтайтын жер.
2. Өндірістік объектілерді орналастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Өндірістік объектілер (әрі қарай - объектілер) белгіленген тәртіпте бекітілген аудандық жоспардың жобасы мен қаланың (елді мекеннің) бас жоспарына сәйкес жобалануы керек.