III.Зерттеу бөлім
3.1 Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Соңғы жылдары экология мәселесі қоғамда ең көп талқыланатын және әлеуметтік резонанс тудыратын сұрақтардың біріне айналуда. Жалпы, елімізде І категориялы 2000-нан астам ірі кәсіпорын тіркелген. Республика бойынша жылына шамамен 2-2,5 миллион тонна зиянды қалдықтар қоршаған ортаға тасталады. Сондай-ақ, экологиясы нашар қалалар ретінде ең бірінші ірі өндірістік аймақтар санатында еліміздегі Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Атырау облыстарын айта аламыз. Еліміздегі зиянды заттардың 50 пайызының үлесі осы облыстарға тиесілі. Кәсіпорындар тарапынан жасалған жұмыстың өзі жеткіліксіз көмектесуде.
Елімізде бірнеше жылдан көміртектік экономикаға көшу жөнінде арнайы стратегия жасалып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы БҰҰ аясында өткен климаттық саммитте Қазақстан 2060 жылы көміртектен арылу бойынша міндеттемені толық орындап бітетінін атады. Яғни, баламалы энергияны дамыту, ірі өндірістік кәсіпорындарды модернизациялау, қолжетімді жаңа технологиялар енгізу қажет.
Қазірде экология министрлігі тарапынан «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданды. Ұлттық жоба 7 бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экологиялық білім және экологиялық мәдениетті арттыру. Бұл жобаның ерекшелігі – 2025 жылға дейінгі кешенді іс-шаралар ескерілген. Су тапшылығы келешек әлем елдерімен қатар, Қазақстанда да болатын мәселенің бірі. Себебі сарапшылар мәлімдемесінде 2040 жылға қарай су жетіспеушілігі мәселесі шығуы мүмкін екені айтылған. Биыл болған оңтүстік, батыс аймақтардағы қуаңшылық – соның бір куәсі. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Біріншіден, су ресурстарының ластануын қатаң бақылау керек. Екіншіден, суды пайдаланғанда цифрландыру секілді технологияларды ескеріп, тиімді жұмсауымыз тиіс. Бұдан бөлек, елімізде су қоймалары мен арнайы гидротехникалық құрылғылар бар. Осылардың жұмысын үнемі бақылауда ұстау маңызды.
Біздің жұмысымыз қоршаған ортаны қорғаумен ғана шектелмейді. Жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге көмектесе отырып, әл-ауқатымыз бен тұрақты экономикалық өсуге қажет табиғи капиталды ұлғайту арқылы қамтамасыз етеміз. Біздің алдымыздағы міндеттің ауқымдылығы көптеген институттар бірлесіп жүзеге асыратын жаңа тәсілдер мен стратегияларды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |