Мазмұны I. Кіріспе


Экологиялық мәселелер маңызды мәселелердің бірі



бет4/8
Дата18.10.2023
өлшемі305,02 Kb.
#117795
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-113890

2.2 Экологиялық мәселелер маңызды мәселелердің бірі
Экологиялық мәселелер қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің бірі, заманауи технология, мықты мамандар, шетелдік құрылғылар мәселені уақытша шешуі мүмкін, бірақ оны болашақта болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиеге бағыттауымыз шарт. Экологиялық тәрбие – халықаралық тәрбие, біз Жер атты бір ғаламшарда тұрып жатқандықтан, бір мемлекет халқының жасап жатқан іс-әрекеті барлық халықтың денсаулығына әсер етеді. Экологиялық тәрбие – бұл ұтымды және перспективті үдеріс, егер де біз күнделікті қарапайым қоқыс тастаудың өзін сорттап үйренсек және табиғатқа деген теріс әрекеттерімізді азайтар болсақ, шығын жағы да аз болмақ.
Экологиялық дағдарыстың көптеген себептерінің арасында (жер ресурстарының шектеулілігі, өндіріс қалдықтары, адамдардың табиғаттың даму заңдылықтарын білмеуі және пайдалануы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметіндегі кемшіліктер және т.б.) бар. Оны экологиялық білім мен нигилизмнің экология заңдылықтарын ескермеуге байланысты кемшіліктерін түзетуге бағыттау және өзгерту арқылы жеңуге болады.

2.3 Атмосфераның табиғи жолмен ластануы
Атмосфераның өнеркәсіп пен ауылшаруашылық қалдықтарымен, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Ең «лас» өнеркәсіп саласы тау-кен және құрылыс материалдарын өндіру, мұнай-химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндіру салалары екендігі мәлім. Мысалы, 1 т алюминий алу үшін 38-48 кг фтор пайдаланылып, кейін оның 65 пайызы атмосфераға шығарылып отырады. Атмосферадағы қарақошқыл фотохимиялық у тұманның түзілуіне автомобильдер бөлетін газдар тікелей әсер етіп отыр.
Атмосфераның ластануы озон қабатының жұқару салдарына әкеліп соғады. Ал озон қабаты Жер шарын ғарыштан келетін ультракүлгін сәулелерден қорғайтынын барлығымыз білеміз. Егер ауадағы ультракүлгін сәулелердің көлемі артса, адамдар арасында көз аурулары мен тері обырының көбеюіне, жаппай белең алуына себепші болады. Сонымен қатар озон қабатының жұқаруы флора мен фаунаға да әсерін тигізіп, ДНҚ молекулаларын бұзу арқылы қайтымсыз өзгерістерге алып келеді. Нәтижесінде, өсімдіктердің тым қысқа немесе тым үлкен болып өсуі, жануарлардың кемтар болып туылуына септігін тигізіп отыр.
Атмосфераның табиғи ластануы жанартаудың атқылауына, тау жыныстарының үгілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай әсерінен) теңіздегі тұздардың желмен бірге аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына байланысты болады. Атмосфераны табиғи ластаушылар аэропланктондар, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар ғарыш шаң-тозаңдары жатады. Ғарыш шаң-тозаңдары атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Бір секундта атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 миллионға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып кетеді.
Жер үшін атмосфераның маңыздылығы:

  • Қызып кету мен суып кетуден сақтайды

  • Метеориттерден сақтайды

  • Ультракүлгін сәулелерден сақтайды

  • Эстетикалық жағынан маңызды.

Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік қалдықтың 90%-ын көмірқышқыл газы құрайды. Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі.
Жоғары дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың кез-келген басқа түрлері және өндіріс орындары.
Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді.
Ең таза ауа мұхит бетінде таралған. Ауылды аймақтарда ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есеге жуық, кішігірім қалашықтарда 35 есеге жуық көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды (смог) байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседей көп. Лас ауа ірі қалаларда 2 км биіктікке дейін созылады. Бұл қарақошқыл тұман, көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүниежүзі ғалымдары «парникті эффект» атап кеткен қауіпті жағдайға апарып соғады. Оның негізі – көмірқышқыл газы күн сәулесін әйнек тәрізді өткізгенімен, жер бетінен бөлінетін жылуды өткізбеуінде. Соның салдарынан климат жылынады. ХХ ғасырдың соңынан бастап Жер шарындағы «климаттың ғаламдық жылынуы» жайлы жиі айтылып жүр.

ХХ ғасырдың соңынан бастап климаттың ғаламдық жылыну сипаты жиі көтеріліп жүрген мәселе. Жыл өткен сайын 2,5-4'С-қа дйін (2050 жылға қарай) көтеріліп жатыр, бұл өз кезегінде дүниежүзілік мұхит суының көтерілуіне және судың әсерінен құрлық көлемінің қысқаруына алып келіп соғады. Ғалымдардың пікірі ғаламдық жылынуға байланысты екіге бөлінген. Бірінші, егер климат жылынса биік таулы аймақтар қонысьануға қолайлы болып, жаңа аумақтарды игереміз десе, екінші, құрлықтың қысқаруы жыл сайын үздіксіз өсіп келе жатқан халықтың жерге таласын күшейтеді делінген. Бұдан байқайтынымыз, ғаламдық мәселелер адамзаттың денсаулығына, болашағына ғана әсер етіп қоймай, өз кезегінде соғысқа да ұласып кететін жағдайды көтеріп отырғанын көреміз.


Атмосфераға «лас» өнеркәсіп мұнай өндіру, өңдеу, мұнай және химия өнеркәсібі ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөліп шығарады. Синтетикалық каучук шығаратын заводтардан ауаға - стирол, дивинил, ацетон, изопрен және т.б. осы сияқты зиянды қалдықтар бөлінеді. ХХ ғасырдың соңында жасаған ғалымдардың зерттеуі бойынша Қазақстанның батысындағы Каспий өңірінде тек мұнай өндіретін орындардан жылына атмосфераға 184 мың тоннаға жуық әртүрлі зиянды заттар бөлінген. Ал қазіргі кезде мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін мұнайдың мөлшері де ол кездегіден де күрт көбейе түсті. Жыл сайын дүниежүзілік мұхитқа 5-10 млн тонна мұнай төгіледі. Дүниежүзілік мұхитты, атмосфераны қорғау, жалпы ғаламдық экологиялық мәселелер тиімді халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет