IV. Қорытынды Жалпы, әлемде атмосфераның бұзылуы тек қатты қалдықтар салдарынан болмайды. Ауаның ластануы, климаттың ғаламдық жылынуы, өнеркәсіп орындарының қалдықтары, су құрамының бұзылуы, тағысын тағы ғаламдық экологиялық мәселелердің өзегіне айналары хақ. Қазақстанның тұрақты даму концепциясының 11-мақсатында қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі айтылған. Сөзіміздің тұздығы ретінде айта кетейік, теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен қалалар және кіші қалашықтар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды екен.
Туризмге қатысты осы табысты саналатын саланың төрі «Байқоңыр» ғарыш айлағы десек қателеспейміз. Мұнда да экологиялық қауіп жоқ емес. Көкке ұшқан зымыран қалдықтарының жерге түсуі мен сәтсіз ұшырылған ғарыш кемелерінен төгілген гептилдің өзі мәселенің «мүйізді» екенін аңғартады. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді жылына 90 млн тоннаға дейін аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді. Жаһандық дамуға арналған жаңа құжатта сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтар мен шайынды су мөлшерінің жылдам артуы, қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудыратыны да назардан тыс қалмаған. Өйткені жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4 млн бала лас су мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, ішек инфекциясынан қайтыс болады екен. Осы мәселелерді дер кезінде қолға алмаса, 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін деген болжам да жоқ емес. Ал біздің болашағымыз балалар.
Жұмыстың қорытынды ұсынысы:
Жаңа Экологиялық Кодексті қабылдау бойынша жұмыс жүргізу;
Аймақ аудандарда қоқыс полигондарын көптеп салу және белгілі бір стандартқа бағындыру;
Экологиялық мәселелерді шешудің жолы ретінде заңнаманы күшейту, ақпарат пен шешімнің ашықтығын, экологиялық ғылымды дамытуды ұсыну, айыппұлдар көлемін ұлғайту;
Экологиялық ғылымды дамыту, экологиялық тәрбиені нығайту;
Зиянды қалдықтармен барынша күрес, қайта өңдеу технологиясын іске қосу;
Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандықтарынан бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау экологиялық мәселені шешуде инновациялық технологияларды көптеп енгізу, мықты мамандармен қамтамасыз ету негізгі экологиялық мәселелермен күресте негізгі шаралар болып табылады.