Мазмұны: І. Кіріспе


Балалар әдебиетін жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту жолдары



бет7/9
Дата16.04.2022
өлшемі0,85 Mb.
#31212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.4. Балалар әдебиетін жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту жолдары

Кез келген халықтың мәдениеті сол ұлттың дүниетанымы мен талғамына тікелей байланысы болып келеді. Халық эстетикалық ьалғамның нәтижесінде қоршаған ортадан мол ақпарат жинақтайды. Мұның барлығы ұлттық танымның жүйесін құрайтыны анық.Бала сонымен қатар , үлкендерден естіген ғажайып дүниелерді,оқыған кітаптардан алған көркем қиялын өзін қоршаған ортада іске асыру үшін еліктеу әркетіне де жиі барады. Бұл құбылысты М. Гумеров, М.Қабанбаев та, Б,Соқпақбаев та өз шығармаларында шеберлікпен көрсете білген. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым қожа», «Жекпе жек», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын шығармаларын оқымаған бала жоқ шығар, Соқпақбаевтай қадірлі қаламгер шығармаларын кез келген қазақ қазақ баласы оқып өсті.Әлі де оқып келеміз.Бердібек Соқпақбаев - тақырыпты өмірдің өзінен алатын жазушы. Жазушы Б.Соқпақбаев шығармаларынд бала дүниетанымына тән символдық мәндегі тіркестер жиі кездеседі. Символ – адам санасында аса дәріптеу, құрметтеу, бас ию, қадірлеу сынды санада ерекше қасиетімен танылған обьектілерден туындайды. Мысалы , Менің атым Қожа» әңгімесіндегі Қожаның хатындағы : « Ж... Қозы мен Баян секілді болайық» { Б.С.}деген сөйлемнің символдық мәні бірқатар зерттеушіліедің еңбектерінде айтылып жүр. Ал қазіргі таңда «ғашық болу» , «ұнату», «махаббат» ұғымдарын тілдік емес таңбалар арқылы берудің жаңа тәсілдері жиі кездеседі.Символ сөз ішінде атау беру немес етұрақты мағыналық шарттылық мәнін сақтайды. Сондай – ақ баланың тілідк тұлғасының қалыптасуына оң ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Мысалы, «Менің атым Қожа» шығармасындағы : Ахметовтың өзі де осынадан он шақты күн бұрын ғана аудандық оқу бөлімінен келген инспекторға мені: «Мынау біздің мектептің ақыны,болашақ Сәбит Мұқановамыз» - деп дәріптемеді ме? { Б.С.}деген сөйлемде Сәбит Мұқанов Қожаның дүниетанымына қол жетпес биіктік , ұлы суреткер, асқан данышпан, шебер түлға. Сонымен қатар « Менің атым Қожа «әңгімесіндегі бала танымындағы еліктеу мен ұшқыр қиялды шеьбер суреттеген: жалпы үлкен ақындар өлеңді тек шабыты клгенде ғана жазатын көрінеді ғой.Ал менің шабытым қашанда қаламмының ұшында жүретін секілді.Тек уақыт тауып отырсам болды, көсілтіп жазып тастайсмын.Ол олма,тіпті кейде жаңа бастаған дәптерді тез толтыруға асық болып, бүгін пәлен шумақ өлең жазамындеп жоспарлапалып та жазамын.Адам деген өмеді ғой.Мен көпе- көрнеу шарықтап өсе бастадым.Өлеңдерім мектеп қабырға газеттерінде тоқтасыз жарияланатын болады { Б.С.} деген мысалдардан шығарма кейіпкері Қожаның өренге ,ақындыққа еліктеуінбала танымымен тығыз байланысты екенін аңғарамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет