Мазмұны: І. Кіріспе



бет9/9
Дата16.04.2022
өлшемі0,85 Mb.
#31212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Білімді бекіту: 1. С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:  С.Мұқановтың өмірбаянын және шығармаларын оқып келу.

 

 



ІІІ. Қорытынды.

Қорыта келе , балалардың тілін дамытуда , көркем шығарманың тәрбиелік мәнін анықтау үшін балалар әдебиетнің туындыларын пайдаланудың жолдары қарастырылды. Қазіргі қоғамда балалар әдебиетін дамыту өте қажет, себебі бүгінгі компьтерленген заманда біз балалар әдебитін оқудан ақсаңдамауымыз қажет. Балалар әдебиеті – жас буынның сана- сезімін оятып, ақыл –есін дамытатын, олады адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы.Оның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балбөбектен бастап, жасөспірімдік жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсынатындығымен ерекшеленеді. Әдебиеттің көп жағдайда назардан тыс қала беретін бір саласы – балалар әдебиеті.Балалар әдебиеті - кішкентайлардың үлкен әдебиеті. Ересектерге арналған туындыны балалар оқи бермейді.Өйткені, ойлау машығы өзге, қабылдау мүмкіндігі шектеулі.Осындай жағдайда балаларға әдебиет жасамау – оларды көзге ілмеу, елемеу болып табылады.Бүгінгі балаларды елемеу- қоғамның ертеңін ескермеу.Адамзат баласының ертеңін елеп,ескермеуден асқан салғырттық болмайды.Сондықтан, өркениетке жетемін деген ел, өзін –өзі сыйлайтын халық балаларға жағдай жасайды, балалардың рухани қазына- байлығына ерекше зер салады. Өзінің қалыптасу, даму барысында бірнеше жүз жылдықтарды қамтитын қазақ балалар әдебиеті нің өз тағылымы бар, уақыт пен қоғамда болып жатқан өзгерістер, сол кездегі идеологиялық қағидалардың әдеби шығармаларға Жасөспірімді дұрыс бағыт сілтеп, сол үшін атсалысатынның бірі – балалар әдебиеті. Жазушы М.Прившин қаламынан шығып, кейін қанаттанып кеткен « Балалар әдебиеті – кішкентайлардың үлкен әдебиеті» деген пікірде көп мән –мағына бар. Ендеше , балалар әдебиеті , сол болашақ, келешекті тәрбиелейтін рухани үлкен күш қой. Қысқасы, қазақ балалар әдебитеі – келешек әдебиеті.Келешек әдебиеті алдында бәріміз де берешекпіз!



IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. 1 кітабы Алматы, 2003 ж.

2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. 2 кітабы Алматы, 2004 ж.

3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. 3 кітабы Алматы, 2005 ж.

4. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 2004 ж.

5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. 1991 ж.

6. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 2009 ж.

7. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы 1994 ж.



8. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы 1992 ж. 9. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.Ш. Алматы, 2008 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет