Мазмұны: І. Кіріспе


Курстық жұмыстың құрылымы



бет3/9
Дата16.04.2022
өлшемі0,85 Mb.
#31212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

Балалар әдебиетінің қалыптасуы, дамуы



  Балалар әдебиеті - әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.

ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.

М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз.

С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, С.Омаров секілді аға буын шығармаларынан ХХ ғасыр басындағы, сол жылдардағы балалар тағдырын табамыз. Бертінде Б.Соқпақбаев, С.Бақбергенов, Н.Серәлиев, О.Сәрсенбаев, М.Мағауин, М.Қаназов Отан соғысы жылдарындағы балалар өмірін бейнеледі. Әдебиетке жаңа буын келді. Олар әдебиеттегі кейіпкерді жаңалады. Әрбір жаңа буын өз өмірбаянын әкеледі әдебиетке. Демек, біз қазақ әдебиетінің жас буын шығармашылығымен таныссақ – жаңа буын өмірбаянымен табысуға, сырласуға тиісті екенбіз. Егер ол шығармалар балалар әдебиеті туындысы болса, міндет екі есе ауырлайды деген сөз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет