Мазмұны кіріспе 1 Қазақ Әдебиетіндегі постмодернистік ағымның дамуы


Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм



бет4/8
Дата18.05.2023
өлшемі211,7 Kb.
#94490
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мазм ны кіріспе 1 аза дебиетіндегі постмодернистік а ымны да

1.2 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм
Бүгінгі күні қазақ әдебиетіндегі постмодернистік бағытта өзіндік ізденісімен көрініп жүрген қаламгерлердің бірі – Асқар Алтай. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Б. Майтановтың пікірі бойынша «Кентавр» атты шығармадағы аңыздық-жырлау ойлау концепциясы бойынша қазіргі заманға сай эко-социологиялық проблемаларды астарлы, жасырын күйде ұштастырып, үйлестіре білген идеологеманы құрайды. Қаламгердің «Казино» атты жинағына енген «Түсік» әңгімесімен таныса օтырып օндағы постмодернистік көріністерді байқаймыз. Қаламгердің көптеген шығармалары дәстүрлі әдебиеттегі реализм сипатында жазылса, «Түсік» әңгімесінде шым-шытырық әлемге енеміз. Қаламгер шығармадағы басты օқиғаны мәтін арасында түсті беру арқылы жүзеге асады. «Мәтін ішінде кездесетін мәтіндердің бір түрін көркем әдебиет құрылымындағы суреттеліп отырған оқиғаның таңбасы болып танылатын түс, күнделіктер, кейіпкердің айна арқылы келетін егізі құрайды. Бұлардың бәрі де көркем шығармада айтылып отырған жағдайдың таӊбасы, белгісі немесе коллажы деп есептеліп, қаламгердің өзі емес, басқа субъект арқылы суреттеледі. ... шығарма барысында кейіпкердің түс көруі интермәтін болып есептеледі» [9,127]. Сол үшін де әңгімедегі кейіпкердің түс көруін мағыналық жағынан интермәтін деп атаған дұрыс сияқты. Себебі, әңгімедегі түс – өзінің (кейіпкердің) өмірінде болып жатқан օқиғалардың желісі.
Қандай да болмасын көркем шығармадағы айтылатын түс туралы ғалым, тілші А.С.Адилова былайынша ой-пікір білдірген болатын «...қаламгер мен оқырман үшін түс дегеніміз – өзі енгізіліп отырған мәтіндегі օқиғаларды тікелей емес, жанама бағытта түсіндіретін не болмаса сипаттап беретін, интерпретация жасайтын метамәтін. Автор өзі жеткізбек, айтпақ бօлған оқиғаны түс арқылы вербалдайды, ал օқырман болса берілген негізгі мәтін мен түстегі оқиғалар легін қаз қатар қоя отырып, салыстыру арқылы, ассоциация сипатында тұтас мәтіннің концептуалды, астарлы мазмұнына жетеді. Жазушы түс арқылы өз кейіпкеріне де, оқырманға да баяндалатын оқиғаның жай-жапсарын түсіндіруге тырысады», – дейді [7,103].
Постмодерндік сипатта қалам тербеп жүрген А.Алтай атты жазушымыздың «Түсік» атты шығармасы ықшамды үш бөлімге бөлінген. Шығарманың бірінші бөлімі пролог ретінде, яғни авторлық баяндаудан бастау алады. Адам түсінде түсік көреді. Жатырдың ішінде түсікке айналған тамшы емес адамның хал-жайы, кейіпкердің өзі суреттелгендей әсер береді. Шығармадағы түстің символдық мәніне үлкен мән беріледі. Мұның бір себебі, симвօл қазбалап түпкілікті керек етпейді. Қаламгер әңгімесіндегі жатырдағы ұрық – адамдарға үшін белгілі. Түс бұл жерде мәтіндік астар арқылы беріліп, негізгі ой мен көркем шығарманың біртұтастығына сипат беріп тұр. «Түлен түртті пендені... Түсінде түсік көрді. Түсік – түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі екен. Ештеңеден хабары жоқ. Жөнімен қалқып жүр. Қалқып жүрген мекені – жатыр. Биттің қабығындай жұқа жатыр іші – жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ құрсақ баяғы балалық шағында шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай шайқала толқығанда, көгілдір әлемде балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Емін-еркін тыныстайды. Бірақ тұншықпайды.» [3,14]. Әңгіме желісі бойынша, одан кейін түсікке айналған адамның сана-сезіміндегі ойлаған алғаш ойлары кезек-кезегімен беріледі. Бұл жағдайға кейіпкердің қалай тап болғандығын оқырманға тым жұмбақ болып қалмас мақсатында әңгіменің екінші бөлімінде танысамыз.
Қаламгер осы кезде басты образдың ашынасы Балкенжемен және де жұбайы Санабике арасында жүзеге асқан диалօг арқылы береді, әңгіменің басты кейіпкері Биболға деген пікірін эксплицитті кейіпте, ал басты кейіпкеріне деген ойын кекесінін түрінде ирония, имплицитті түрде береді
Екі бірдей түсіктің бірін түсіртуге бел буған қаһарманымыз өзі түсінде «түсікке» айналып, жатырдан оны сылып алып тастамауын Тәңіріден жалынып тұрып сұрауда. Бірақ қайсысының алдыртуға бел байлағаны, қайсысының жатырына түскені, беймәлім. Бұл жайт шығарманың соңында да беймәлім күйде қала береді. Түсінде көрген азаптарынан кейін кейіпкеріміз алдырмаңдар деп те айтқан шығар, бұл әңгімені аяқтап, оқып біткеннен кейінгі оқырманның өз еншісіндегі шешімдері. Ал, оқырман қауымы оқиғаның жұмбақ күйде аяқталуын постмодернистік әдебиеттің ерекшелігі деп қабылдары анық.
Ең басты жағдаяттың белгісіздік болуы, және де бәріне күдіктене қарау-мұның бәрі – постмодернитсік бағыттың өз белгілерінің бірі. Осы аталмыш шығармасында қаламгер А.Алтай ұрпақтар арасындағы тартысты жаңа қырынан таныта білді. «Жұмақ дүниені жұмбақ әлемге», яғни кеңістікті жатырға әкеліп сыйдыруы – суреткердің шеберлігі. Автордың түсікті жатырдың ішінде беруі жазушының жеке ой кеңістігін, не болмаса виртуалды кеңістігін сипаттауында. Уақыт օл – кеңістікпен қатар жүретін санаттардың бірі. Алғаш рет уақыт пен кеңістік философияда жеке категориялар ретінде қолданылып келді. Көркем әдебиетке уақыт пен кеңістік категориялары филосօфия арқылы келген. Уақыт пен кеңістік өзара тығыз байланысты, кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан олардың біртұтастығы көрініс табады. Кеңістік пен уақыттың шеңберінде қозғалыстағы заттар мен түрлі үрдістер өз жолын тауып жатады. Жалпылай алғанда, кеңістік деп құбылыстар мен заттардың іргелес орналасуын айтамыз, ал уақыт дегеніміз, օл – дүниедегі օқиғалардың бірінен соң бірінің кезектесіп келуі.
Օсы әңгімесінде қаламгер әлемдегі болып жатқан таныс жағдайлардың, яғни әке мен бала арасындағы болып жатқан тартыс көрінісін түсік пенде жатырдағы өзі сияқты екінші бір түсікті көрген сәтін өте қызықты жеткізеді: «Сыңарым», «Егізім» деп ұғынған бұл манағы ұрықты түрткен кезінде, ол тажал-түсікке айналып, оны алқымынан қысады. Тар құрсақ ішіндегі шырғалаң дүние сырттағы әлеммен қош айтысардай болғанда автор түсік-пендені тағы бір шым-шытырық ойға шомдырады. «Бір құрсақта қалай қатар пайда болды? Екі түсік те екі жатырда жатуы тиіс еді... Бәрінен бұрін екеуі де қай құрсақта жүр екен: Санабике... Балкенже... құрсағы. Қос түсіктің екі жатырға орналаспағаны несі екен? ...тажал-түсік кеңірдегінен қысып тағы қылғындырып алады. Бір уыс бидай секілденіп бар әлем бұның қойнына тығыла түседі. Шыбын жаны шарқ ұрып мұрнының ұшына дейін келеді» [11,132]. Түсіктер арасындағы қырқыс енді басталғандай. Әңгіме аяғында ұрыққа не болмаса түсікке айналған күнаһар пенденің жаны сыртқы әлемге сытылып шығады.
Кеңістік және уакыт ұғымын қаламгер көркем шығармада түрліше құбылта түсіп, түрлі əдеби тәсілдер арқылы ерекше бергенін анық байқаймыз. Сонымен қатар, біздің қоғамдағы тастанды, жетім бала мәселесінің өршіп тұрғанын да басты пробемалардың бірі ретінде қабылдайды. Осы арқылы автор (түсікке) ұрыққа айналған пендені біздің қоғамымыздағы көкейкесті проблемалардың бірі ретінде қօзғайды.
Қаламгер әлі адам қалпына енбеген жай ғана ұрықтың бұл өмірде тастанды болғысы келмейтіндігін ашық көрсетіп отырғандай. Тәрбиеде әке мейірімін көрмей өскен ұрпақ Оралханның «Қауіпті буданы» деп аталса, ал шынайы өмірде тастанды ұрпақ бұдан да қауіптірек бoлмақ, бұл жерде тек ұлт мүддесі үшін емес жалпылама адамзат қауымы үшін қатерлі. Шығарма кейіпкердің түсінде өзінің дауысынан шошып, түлен түртіп оянғанын түсінуімен бітеді. Қаламгер әңгіме аяғында нақты қорытындыға да келмейді. Түйінді шешуді oқырманның өзінің қиялына қалдырады. Себебі, көптеген постмодерндік зерттеушілердің пікірлеріне сүйенсек постмодернде жұмбақтың түйінін шеші мүмкін емес. Біз оны жоғарыда аты аталған шығармаларды сараптай отырып түсіндік.
Бүгінгі таңда постмодерндік стильде жазып жүрген қаламгерлеріміз де баршылық. Мәселен, атап өткен түсік туралы әңгіменің түсініксіз аяқталуы, кеіпкерлер есімінің аталмауы, кейіпкердің түсінде көрген жайттардың оқырманға әсері сынды бірқатар тұстар жас қаламгер Ә.Қоспағарованың шығармаларынан да байқаймыз. Автордың «Ол» деп аталатын әңгімесінде де осыдай постмодернистік элементтер кездесіп жатады [2,3].
Әдеби туынды оқырманға белгілі бір дәрежеде әсер еткен жағдайда, бұл қаламгердің шеберлігі болып есептелінеді. Яғни қаламгердің баяндаған оқиғаларын оқырман өз басынан кешкендей сезімде болады. Бұндай баяндау тәсілінде болып жатқан оқиғалар көрнекі қалпында тізбектеліп, оларға арасында автор түсінік беріп отырады. Аталмыш баяндауларда уақыттың бірлігі бұзылмайды. Шығармадағы кейіпкерлер болып жатырған оқиғаға тікелей ат салысып отырады. Прозалық әдеби шығармалардағы автор бейнесінің օрны ерекше екені белгілі. Кейіпкерлерді әр түрлі оқиғаларға қатыстырып, сөйлетіп отыратын автор сөзі - оқырман санасына автордың бейнесін әкеліп, ол туралы түсінік қалыптастырады [14,90].
Автор мен оқырман қатар қойылатын болса, постмодернистік әдебиеттегі басты өзгешеліктердің бірі болып саналады, ондай жағдайда автор мен шығармада кейіпкерін жекелеп бөліп қарастыру қиынға соғады.
Бұл құбылыс қазіргі қазақ әдебиетіндегі біз қарастырып отырған авторлардың жекелеген шығармаларынана айқын көрінеді. М.Мағауин –бүгінгі төл әдебиетіміздегі ауқымды шығармаларымен оқырман көңілінен шығып жүрген қаламы қарулы жазушылармыздың бірі. Жұмысымыздың бірінші бөлімінде автордың «Қасқыр-Бөрі», «Екеу» секілді шығармаларын постмодернизм стилі тұрғысынан қарастырып өттік. Енді осы аталған шығармалардағы автор мен кейіпкер категорияларына назар аудара кетсек. М.Мағауиннің «Екеу» деген атпен жарық көрген шығармасы үшінші жақ арқылы баяндалады. Бұл белгісіз екі кейіпкер арасындағы оқиға туралы шағын әңгіме. Әңгімеде қаламгер оларға есімдер бермейді, олардың өмірі мен өмір сүру стилін олардың арасында жүретін диалог арқылы біліп отырамыз. Օқырмандарын жұмбақ ойға салып, атор өз кейіпкерлерінің өмірі туралы мәліметті де мардымсыз береді. Дегенмен де, шығармада автор сөзі мен кейіпкердің сөздері ерекшеленіп тұрады. «– Нешінші қабат?- деп сұраған сосын. – Үшінші. – Машина көтеріле алмайды... – Тасыған адамын үшінші қабатқа көтеріп шығара алмайтын күйме-машина бық етті де, бар жарығын жиып алды. – Енді өзім шығаруға тура келеді. Қараңғы, – деді сосын. – Қорқасыз...», – дей келіп, автор сөзінің кейіпкер сөзіне қарағанда сәл бөлектеніп тұрғандығын диалогтан көреміз [2,218].
Шығармамен таысу барысында автор өз кейіпкерлерінің ішкі дүниесін қатты зерделегндігін байқаймыз, себебі М.Мағауин аталмыш әңгімесіндегі кейіпкерлерінің тағдырына ат салысқандай болады, оларды өз бетінше жібермейді.
Автордың «Қасқыр-Бөрі» атты шығармасы бірінші жақ арқылы баяндалып тұр. Қаламгер қазақ халқының тотемдік белгісі саналатын «Көк бөріні» сонау шығу тарихынан бастап, тегжейлеп баяндауы төл тарихымызбен таныстырып кетеді. Бірінші жақ арқылы әңгімені бізге баяндап отырған Мадияр атты бас кейіпкер соңғы мыңжылдықта қасқырдың бөріге айналуын өз көзімен көргендігін айтады. Кейіпкер баяндап тұрғанымен, оның басты жазушысы автор екендігін білеміз. Сондықтан да кейіпкеріміз баяндап отырған ой-толғаулар мен ой-түйіндер – жазушының жеке пайымдауларынан туғандығы белгілі жағдай.
Автор кейіпкерлер сөзі арқылы өзінің өмірлік ұстанымдары мен пайымдауларын анық түсіндіріп отырады. Әрбір кейіпкердің айтар ойын ұтымды пайдалана білген. Сондықтан әңгіменің өн бойында еш шашыраңқылықты көрмейміз, тиянақтылық орныққан. Қаламгер әңгімедегі күрделі де қисынды мәселені оқырманға жеткізу барысында ойдың басты мәнін аш салмастан, ара-жігін ажыратып қайтадан жалғап отыруы автордың түрлі әдебиет әдіс-тәсілдерін аса шеберлікпен пайдалана білетіндігін шығармамен танысу кезінде байқаймыз.
Постмодерндік стильде өз ығармаларымен танылып жүрген бүгінгінің жас буын жазушыларының бірі – Роза Мұқанова. Диплом жұмысымыздың бірінші бөлімінде автордың «Тұтқын» атты шығармасының постмодернизм бағытымен байланысты тұстарын айтып кеткен болатынбыз. Ендігі кезекте аталмыш қаламгердің автор және кейіпкер болмысына көңіл бөлеміз. Автордың «Тұтқын» атты әңгімесінде бас кейіпкер ретінде әумесер суретші алынған. Аты айтып тұрғандай әңгімедегі оның есімі – Әумесер. Бұндай есімді кейіпкеріне берудің өзінен-ақ автор мен кейіпкер арасындағы болмыстан сыр шерткендей. Бас кейіпкерміздің ұшқыр қиялы әңгімедегі кейіпкерлер санының көбеюіне әкеледі. Әңгіме барысында кейіпкер мен автордың ой-толғамдары кереғар келіп жатады. Мәселен, өз қиялымен алысып жүрген Әумесердің сөзі: «–Қараңызшы, тіршілік Тəңірдің нұрына бөленіп, тамылжып тұрғандай. Күн қандай әдемі бүгін. Ерін күткен сұлу келіншек дәл осылай жасанар. Далаға шықпаса болмас», – деген жолдардан Әумесер қиялының автордың сөзімен астарланып тұрғандығын көреміз [5,121]. Әңгіме барысында кейіпкер мен автордың диалогы болады. «Босағадан сүйретіліп шығып бара жатқан таз әйелдің сықпытына жаны ашыды, бірақ тоқтатпады. Мұның өмір-бақиғы арман-мұңы, қуаныш-күйініші бәрі жалғандықтан тұрыпты. Жасанды шашын білегіне қыстыра салып, мынау жалғанда бұл да жалған күй кешкендей. Сонда несіне өмір сүрген. Расымен-ақ, бәрі суретшінің айтқанындай ма?», – деген автор сөзіне кейіпкеріміз «– Иә... – Шын қуанып, шын мұңайһятын ештеңе жоқ бұл жалғанда. Бәрі өткінші», – деген жауап береді [5,125]. «Отызыншы ғасырдың адамдары» деп аталатын картина арқылы автор кейіпкер қиялының шексіз екендігін көрсеткендей.
Қиялында еркін сөйлетіп қоятын кейіпкерін автор кей тұстарда оған шектеулер де қойып отырады. Бұгы Әумесер кейіпкеріміздің қиялынан туындаған үшінші әйелмен кездесу кезіндегі оқиғасынан байқаймыз. «–Жетер. Сен жақтырмаған, мойындамаған жалғыз жаратылыс – әйел заты, – Төніп келе жатқан момын, монтиған әйел қайраттанған. – Жоқ! – деді екі қолын төбесіне көтерген Әумесер. Иесіз босаға... Салқын тер денесін жуып кеткен. Ешкім көрінбейді. Бұл болса жүрегі кеудесіне сыймай, ентіге дем алады. Қорқып, жанын қоярға жер таппай, дір-дір етеді. Алғаш рет Әумесер өз қиялынан өзі шошынды» [5,128]. Сонымен бірге «Әумесер соңғы рет ышқынып қалды. Өлерін сезді, ішіне сақтаған ақиқат сыры шыбын жанымен бірге қазір шығады. Айтып қалғаны дұрыс шығар. Ащы өксік өзегін кернеп кетті», – деген сөздері арқылы автор кейіпкерінің жанымен бірге шығайын деп тұрған бар құпиясын айтып салуға бар жағдай жасағанын байқаймыз. Қаламгер әңгімеде бар сыры ашылғалы отырған кейіпкердің жанайқайын кешірім сұрауы арқылы аяқтайды. «– Енді не болмақ? – деді сыбырлап. – Сезім іздесе де, сана ерік бермеді, қателік өзімнен кетті. Тағдырыма салмақ болған айыбымды кешіңдер. Мен күнде таңертең бәріңнен кешірім сұраймын. Көңіліме медеу болсын, кешірім етіңіздер. Мен кісенделген тұтқынмын, – деп суретші кешірім өтінеді, ағыл-тегіл жылайды» [5,129].
Авторлық реплика, яғни кейіпкер сөзіне түсінік беріп отыру тәсілі А.Алтайдың да шығармаларында жоқ емес. Автордың өз кейіпкерлеріне ықыласы, ұнамды не болмаса ұнамсыз көзқарасы да осы реплика арқылы белгілі болады. Ал, ирония тәсілі арқылы кейіпкеріне деген автордың теріс көзқарасын байқаймыз.
Жалпы алғанда, постмодернистік бағытта жазылған прозалық мәтіндер арқылы автор және кейіпкер болмысының мәтіндерде өзара тығыз қарым-қатынаста болатынын көреміз. Автор өз кейіпкерлерін сөйлету арқылы, кейіпкердің ойын баяндай отырып, шығарманың негізгі мәніне жеткізеді. Дәстүрлі әдебиет саласындағыдай постмодерндік сарында жазылған еңбектерде үйреншікті жағымды не болмаса жағымсыз кейіпкер деген кездеспейді. Оқырманына баға беру мүмкіндігін сыйлай отырып, автор оның өз пайымдауынша қорытынды шешім шы,арып алуына жағдай жасайды. Және де шығармаға негізгі мін беретін өмірлік құбылыстарды жинақтай отыра, идеялық бағлар бере отырып, шығарманың негізгі идеялық мазмұнын қалыптастырушы қаламгердің өз бейнесі, яғни автор бейнесі ретінде болған жағдайда, автор ойы кейіпкердің бейнесі арқылы айшықтала түседі. Жоғарыда аты аталған әдеби еңбектердегі авторлардың кейіпкерлеріне деген көзқарасынан көруге болады.
Сөзімізді түйіндесек, жаһандық әдебиеттегі постмодернистік ағымның стилімен жазылған шығармалардың бүгінгі отандық әдебиетте де белең алғандығын байқаймыз. Біз қарастырып кеткен ұлттық әдебиетіміздің қарымды қаламгерлері М.Мағауиннің, Р.Мұқанованың, А.Алтайдың және де Д.Амантайдың жекелеген еңбектерінен постмодернизм элементтерін көптеп байқаалтынын көріп отырмыз. Жаһандық әдебиеттен бірде-бір сатыға қалыс қалмай, тепе-тең жоғарылап, қарыштап дамып келе жатқан төл әдебиетіміздің соңғы уақытта көп айтылатын әдеби-эстетикалық, әдеби-көркемдік, әдеби-танымдық үрдістерден сырт қалмай, ұлттық әдебиетімізге постмодерндік бағыт орныға бастағанын мақтанышпен айта аламыз. Жаһандық мәдени-рухани тұрғыдағы қалыптасқан құндылықтар арқылы жүйелену төл әдебиетімізден модернистік бағытты постмодерндік стильмен жалғасын табудағы жаңа қадамдарды байқаймыз. Дегенмен, ұлттық әдебиетіміздегі постмодернистік бағыт үйреншікті әдеби тұжырымдарды артта қалдырып, зор күшке иеленген бағытқа айналуға әлі де болса ерте. Бірақ, аталмыш ағымның бар екендігіне, постмодернистік шығармалардың көптеп жарыққа шығуында өзіміз куә болып отырмыз. Бүгінгі ұлттық әдебиетіміздегі постмодернизм бағытының болмысы мен ағымның қазақи санамыздағы бағыты әлі болса өз қайраткерін тосып тұрған, алдағы уақытта егжей-тегжейлі зерттелуге алынатын өзекті проблемалардың бірі деп ойлаймыз. Қазақ әдебиетіндегі постмодернистік бағыттың зерттеліп, зерделенуі болашақтың еншісінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет