Мазмұны кіріспе 1 Қазақ Әдебиетіндегі постмодернистік ағымның дамуы


Дидар Амантай шығармашылығының ерекшеліктері, бағыттары



бет5/8
Дата18.05.2023
өлшемі211,7 Kb.
#94490
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мазм ны кіріспе 1 аза дебиетіндегі постмодернистік а ымны да

2 Дидар Амантай шығармашылығының ерекшеліктері, бағыттары
2.1 Д. Амантайдың шығармаларының философиялық мәні

Дидар Амантай 1969 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Дидар Амантай бүгінгі таңда жазушы, сценарист, журналист, сыншы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері ретінде танылып жүрген ірі тұлғалардың бірі. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бас редакторы.


1986 жылы мектеп жылдарынан соң, Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетінің студенті атанады. 1987 - 1989 жылдары бірінші курсты аяқтаған соң, Қиыр Шығыста, Владивосток қаласына таяу маңда әскери қызметте болады. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік аяқтаған. 1994-1997 жылдары Темірбек Жүргенев атындағы Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 2000 жылы Словакия астанасы – Братислава қаласында тоғыз айлық АҚШ журналистер курсында ағылшын бөлімінде өз білімін жетілдіреді.
Дидар Амантайдың мемлекетіміздің әдеби-мәдени өміріндегі орны еленіп, бірнеше марапттарға да ие болып жүр, 1999 жылы «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының иеленсе, 2007 жылы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.
Қаламгер модернизм мен классика бағытында өздерін тәрбиелей отырып, көптеген шығармаларына арқау болды. Дидар Амантайдың өзге тележурналистерден ерекшелігі жаңашылдығы, үш тілде еркін сөйлеуі.
Қаламгер 1987-1989 жылдары «Заман Қазақстан», «Жас алаш», газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі міндетерін атқарып, журналистика саласында еңбек атқарды. Бұдан соң 1997-2002 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылып, телевизия салсында да қармыталы еңбек етті. 2002-2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі болған Д.Амантай 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы қызметіне тағайындалған болатын.
2005 — 2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат К2» газетінің директоры;
2004 — 2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы;
2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры;
2006 — 2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі.
Қаламгердің алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрген болатын. Кейіннен «Қастерле мені» (романдар, повестер, әңгімелер, эсселер 2000), «Гүл мен кітаптар» (Роман, 2003), «Күзгі рандеву» (повесть-әңгіме 2005) кітаптары жарияланса, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев», «Қасым Аманжолов», «Жүсіпбек Елебеков», «Мұқтар Мағауин» деректі фильмдердің, «Гәкку» («ФЭФ») «А-ға оралу» деген көркем фильмдерінің және де «Қарсы бақылау» телесериалының сценарийін жазған.
Д.Амантайдың 2010 жылы бес томдық шығармалар жинағының бірінші томы – «Қарқаралы басында» атты кітабы баспаханаға жіберіліп, жарыққа шыққан болатын. “Махамбет философиясы” атты кібаының екінші томы дайындалып, жазушының бірқатар шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. "Қазақстан" ұлттық телеарнасында "Сіз не дейсіз?" Дидар Амантаймен ток-шоуының жүргізушісі болған.
Сценарий авторы ретінде Дидар туралы ерекше атап өткен жөн. Ғазиз Насыровпен бірге ол «Қара майор» («Нағыз полковник», «Ауғанстан») әскери драмасының сценарийін жазды, кейін олар Владимир Моисеенко мен Александр Новототский-Власовпен бірлесіп жазылды. Түсірілім Алматыда, Шарында өтті. Біз Қапшағай су қоймасы аймағында жарылыстардың, пулеметтердің, броньды машиналардың және әскери тікұшақтардың ұшқанына куә болдық. Жаудың тұтқиылдан шабуылына түскен кеңес жауынгерлері дұшмандармен ерлікпен күресетін эпизод түсірілді. Түсірілім арасында режиссер бізбен жұмыс туралы өзінің ойларымен бөлісті: «Қазақстандағы дағдарыс жағдайында осындай қиын көлемді фильммен жұмыс істеуге болатындығы ерекше қуантады! Әрине, бұл «Жұлдыздар соғысы» емес, бірақ бұл өте маңызды, өйткені біз ас үйдегі диалогтарды түсіріп жатқан жоқпыз.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлер турасында әдебиеттанушы Н.Қожабекова мынадай пікірін білдірген болатын: «Сыртқы әлемдегі бірқатар өзгерістер кейіпкердің болмысына қатты әсер береді, барлық құбылыс атаулыға кейіпкер болмысы сезімдік импульстар арқылы жауап береді» деген пікір білдіре отырып, Д.Амантай еңбектерінің стилі «монотонды» деп баға береді Л.Сафронованың «Автор и герой в постмодернисткой прозе» деген тақырыптағы докторлық диссертациясының 5.6 тармақшасына «Эссеистика Д.Амантая: модернистские и постодернистские тенденции в изображении автора и героя» деген атау беріп Д.Амантай еңбектерінің постмодернизм бағытына жақын жатық жазылғандығын айтып өтеді [7,33].
«Тотықұс түсті көбелек» деп аталатын Д.Амантайдың романы – бір қарағанда, кәдімгі жастардың қарбалас өмірі. Бокс және боксшылар (әрі спорт, әрі өнер – жан тазалығы мен тән тазалығының үндестік тұрғысында және жастармен бір сарынды өзіндік орта, жас шамалары жағынан бір-бірімен қарайлас, қыз-жігіттердің жастық өмірі. Романның өн бойында ешқандай үйреншікті сюжеттік желі жоқ. Көп жағдайда аралас-құралас, сабылыс, қарбалас, кейбіреуі тіпті кездейсоқ танысу, түрлі кафелерде жастардың, той, туған күн секілді сылтаулармен кездесуі, танысуы көріністеріне толы. Көбінесе арасында жеке айтылып, оқырманға есімдері белгілі Дидар, Макс, Данияр, Нұрлыбек , Айдана және т.б. бар.
Дегенмен, өз жаңашылдығымен өз оқырмандарын қызықтыра білген қаламгер шығармашылығы туралы әдебибет сыншылар да түрлі пікірлер қалдырып жүр. Жазушы, аудармашы Герольд Бельгер: елдер Дидар Амантай әңгімелері туралы «тілі жұтаң», қазақтың «тамыры жоқ» деп сынап жатады. Менің ойымша, Дидар Амантай нағыз шетел тіліне аударуды керек ететін қаламгер. Менің түсінігім бойынша көптеген қазақ жазушылары ескі жылдардың сарынымен жазып келе жатыр. Суреттеу, батырлар, көпсөзділік, билер сияқты тарихи шығармалар шетелдер үшін қызық емес. Жаңаша тәсілге көшіп, жазудың ескі әдісінен арылу қажет.
Қазақ әдебиетіндегі қазіргі кездегі кейіпкерлер турасында Н.Қожабекова мынадай ойын айтады: «Сыртқы әлемдегі болатын өзгеріс атаулы кейіпкер болмысына қатты әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер болмысы сезімдік ерекшелікпен жауап қайтарады» дей келе, Дидар Амантай романдарының стиліне «монотонды» деген баға береді.
Соңғы жылдары жарияланған Д.Амантайдың «Мен Сізді сағынып жүрмін» атты повесі үйреншікті дәстүрден бөлек, мүлдем өзгеше шығарма деуге әбден болады. Ең басты өзгешілікті ең алдымен, әңгіменің сөйлем құрлымы арқылы көреміз. Стилистикалық тұрғыдан да бірнеше қателіктер іздей бастайсыз, дегенмен постмодернизмде белгілі бір өлшем болмайтындықтан, не болмаса оларда қалыпты бір дәстүрдің жоқтығы есіңізге түсері сөзсіз. Себеі қаламгер құрастырып отырған сөйлемдердің стилистикалық тұрғыдан үйлеспей тұрғанын білмейді емес. Автордың «Мен сізді сағынып жүрмін» атты повесінде нағыз постмодернистік үлгідегі шығарма екендігін дәлеледейтін жақтары өте көп. Аталмыш повесть он-ақ беттен құралып, онымен қоймай оны әртүрлі жазушылардың шығармаларынан кесіп алып құрастырып қойғандай әсер береді. Шығармадағы оқиға желісі жүйесіз, сюжеттері де белгілі бір түйінге әкелмейтін біртұтас емес. Шығармадағы кейіпкерлер арасында құрылған диалогтың өзі сырт көзбен қарағанда ешқандай ой алмасуды, белгілі мағынаны бермейді. Бұл диалогтарды адамдар арасында еркінен тыс, байқамай сөйлеп қалғандай, не болмаса сұрақтарға ешқандай жауаптың керегі жоқтай сезіледі, осындай кездейсоқ түсініксіз сөздерден құралған әңгіме сияқты болып көрінеді. Шығарма басынан аяғына дейін тұнып тұрған жұмбақтай әсер береді. Тіпті шығарманың мәнін түсінудің де керегі аздай көрінеді. Кейіпкер Мұқтардың өлімімен аяқталған соң, повесті оқып не оқымау оқырманның өз еншісіндегі сұрақ. Постмодернистік коллаж стилімен берілген бұл повесть қазақ оқырмандадры үшін әлі де болса әдебиет үшін әлі де түсініксіздеу құбылыс. Эксперимент жасау мақсатында автордың оны қолданылуы да заңды құбылыс болып табылады.
Автор мен оқырман арасындағы теңдік мәселесі постмодернизмдегі ең негізгі өзгешеліктердің бірі болып саналады. Автор өз шығармасының оқушысы, көп оқырмандарының бірі ғана. Алғаш рет Д.Амантайдың аталмыш шығармасымен танысқанда, үйреншікті әдеби шығармалардан қалатын әсердей болмай, ойыңыз бен түсінігіңіз үшін барынша кері әсер беруі ғажап емес. Себебі, әңгімеде ең алдымен оның соңы суреттеледі, белгілі бір реті жоқ, (Мұқтардың өлімі, оны Ғалиябанудың Еркінге келіп айтуы секілді), бұдан соң қайтадан кері әңгіменің соңындағы оқиғаның жағдайы баяндалады. Бұның өзі де жүйесіз, түсініксіз баяндалады. Сан түрлі коллаж стилі арқылы келтірілген постмодернистік тұрғыдағы компоненттерді құрастырып аласыз, дегенмен де, қорытындысы әңгіменің мағынасына сәйкес болып келеді. Повесьтің өн бойында жас қауымның шырғалаң өмірі, қым-қауыт байланыстары, қысылтаяң күй кешкен жай-күй, кейіпкеріміз Мақсұттың мезгілсіз өлімі баяндалады.
Автор еңбектерінде көп жағдайда бүгінгі заманның өзекті проблемалары, қоғамның рухани-әлеуметтік жағдайы, әлеуметтік топ ретінде көбінесе жас буынның әлеуметтенуі, рухани құлдырауы секілді көкейтесті сауалдарға жауаптар іздестіріледі. Жалпылай алғанда, Дидар Амантай шығармаларында кейіпкерлердің күйзеліске ұшырауы көптеп кездеседі. Автор өзінің түсініксіз диалогтары арқылы оқырманына жұмбақ жасырғандай болады. Мәселен, Еркін мен Ғалиябанудың арасындағы диалог береіліп, ол күтпеген жерден Мақсұт пен Еркіннің екеуінің арасындағы диалогқа ұласып кетеді. Қалмагер осы тұста постмодернистік әдеби техникалардың бірі ойын тәсілін пайдаланып, шығарманың тағы ерекшелігін айқындап бергендей. Сонымен бірге, повестпен танысу кезінде әртүрлі кім айтқаны белгісіз пәлсапалық пайымдауларға кезігеміз, және де тұжырымдарды тек қана қайтадан зер сала оқып шығып мағынасын түсінгендей боласыз. Қаламгер аталмыш шығармасында кезіккен қиындықтардан тез өтіп кетіп, жайбрақат өмір салтын суреттей отырып, керіден кереғар диалогтармен алмастырып отырады. Жалпылама айтсақ, автор шығарма ішінде еркін қозғалысқа ие болады. Шығарманың бас қаһарманы Мұқтар - үлкен өнерді аңсаушы мен кіршіксіз жарды іздеуші болса, Ғалиябану «адалдық ниетте ме, әлде қылықта ма» деп осы екі ұстаным ара-жігін ажыратып білмейтін, адалдық пен тазалықтың парқына бармайтын Мұқтардың зайыбы. «Өлімнен ұят күшті» деген қағиданы, ұлттық ұстанымды бұзушы. «Өмір ұяттан бөлек нәрсе, сол үшін де өлімнен ұят күшті де емес, әлсізде емес», – деген тұжырыммен өмір сүретін кейіпкеріміз. Ол Нұрлан атты азғырушының құрбанына айналған. Шығарманы оқу барысында кейіпкер Мұқтарға махаббат дауасы оңай болмайтынын түсінеміз. Оның жанының азабын сүйген адамы түсінбей, оның шарасыз халі баяндалады. Шығарма барысындағы кейіпкерлердің диалогы монологқа өтіп, монологтан диалогқа ауысады, ал қаламгердің өзіндік тұжырымдарының шығарманың әр жерінде белең алуы оның ерекшелігі іспеттес. Мәселен: «–Сезім де, ой да опасыз, бізде тұрақтылық жоқ, - дейді ол Ерболға қарамай сөйлеп. – Иә, пенденің күнасы тоқтаған ба, пешенесіне мүмкін сол ұдайы арпалысу, бітіпейтін күрес, үнемі қоштасу жазылған шығар. – Бейбақ, күтсін сол қасіретін, міндетті түрде келеді қасіреті. Шаршады, енді өмірден түңіліп, мәңгілік ұйқыны аңсайды. Ғұмырдан кейін ұйқы жоқ, қаза – жарық сәуледен көз жазып қалатын су қараңғы өткел. Мәңгілік ұйқы бар ма. Білмейді. ...Ұйқы дегеніміз – өмірдің жалғасы. Өлім артынан із басатын – топырақ иісті ештеңе. Ештеңеде ұйқы болмайды» [3,135]. Осы секілді шым-шытырық сұрақтар мен қым-қауыт ойлар арқылы кейіпкерлерге жауаптар іздетіп қояды. Өкінішке орай, сұрақтар өте көп болған сайын, оның жауабы да тереңде жатыр. Бұл сауалдарға жауаптар да берілместен повесть аяқталады. Бұның себебін постмодернистік әдебиет тұрғысынан алып қарасақ, ақиқат жоқ, ол болса да қызық емес.
Әлемдегі жұмбақты шешу де, оның шешілуі де постмодернизм сипатында мүлде мүмкіндік жоқ. Біздің айналамыздың бәрі өтіріктен құралған, «әр өтірік өз уысымен бір шөкім шындықты сақтап қалады, ал әр шындықтың шөкімдей болса да уы болады» деген ұстанымның негізгі болмысы аталмыш повестің құрылымынан табуға болады. Сонымен бірге, бейтаныс мәтінді шығармаға кіріктіру кезінде белгілі бір талаптарға сүйенері хақ. «– Абай да Лермонтовты аударма жасағанда: «Өткен өмір бейне түс» не болмаса «Өткен өмір, көрген түс Не қылғанда бір болар», – деп қалам тартқан», – деген сияқты үзінділерді мәтін ішіне кірітірген кезде қаламгердің өз-өзін өлтірудің үлкен күнә екендігін біле отырып, Мұқтар кейіпкеріміздің осы іске бара тұра, оның парасатты, оқыған, салихалы адам екендігін де астарлап береді. «Ол кетеді, әуелі аза тұтқызып, артынан ұзақ сағындырып, келе жатқан тағдырын баяғыда тап басып танып қойған, жазбай, алданышын жазғанынан дәл ажыратып, әрбір кесімін жасырын аңдып», – деген ойлардың авторы кім екендігін оқырман үшін түсініксіз болып қалады. Соңынан, «Օл кетеді, әуелі аза тұтқызып, артынан ұзақ сағындырып, келе жатқан тағдырын баяғыда тап басып танып қойған, Ербол» деп қайталағаннан соң ғана монологтың кімге тиісілі екендігін жазбай түсінесіз. Нұрлан мен Ғалиябанудың кездесу кешінде Нұрланға автор «Onlу уou» әуенін қойғызу арқылы әуеннің мұның алдында болған мәтін арасындағы ұатынасын байқатып, оқырманға алда не болатынын көрсету мақсаты болатын. Мұқтар соңында өзін өлімге қимайды. «Ажал, келмеңіз маған әлде бәрін елден бұрын өткеріп, ерте көрген дұрыс па, адалдықты да, аярлықты да». Мұқтар соңынан Ерболға не үшін өлмекші болғандығын: «Құдайды іздеп барамын. ...ұлы Тәңірдің отаны және пәниде жүздескен пейіл мен күнәнің ортасы сол жақта болуы тиіс», – деп ағынан жарылады. «Құдайды іздеген ол Медеу шатқалы аңғарында жазғытұрым жұма күні көкек айында атылып өлді» [3,138].
Мұқтар адал көңілдің артында, мәңгілік ақиқатты табуда мерт болды. Оны өлімге апарған өмірден баз кешу емес, Ғалиябанудың да еш қатысы жоқ сияқты. Мақсұт кіршіксіз адал махаббаттың құрбаны болды, бұл тіршілік бұдан да қарбалас. Тазалықты, кіршіксіз сезімді шарқ ұрып іздей отыра өз өмірімен қош айтысқан Мұқтардың шындыққа жолыққан не жолықпағандығы да беймәлім болып қалады.
Жалпылай алғанда, Д.Амантай шығармаларының барлық кейіпкерлері дерлік бақытты болуға тырысады. Олар шынайы бақыт пен жұмақты аңсаушы адамдар. Махаббат секілді ұлы сезімнен шынайы бақытты іздейді. Сезімнің тұрақсыздығына орай аяғы өкінішке әкеліп жатады. Бұл «Мен Сізді сағынып жүрмін» повесіндегі Мұқтардың ойы. Сезімге қайғы орын беріп, қасірет те болып жатады. Дидар Амантайдың сарқылмас бақыт аңсаушы кейіпкерлері адалдық пен әділдік жолында құрбан болатын жандар. Шындыққа (ақиқатқа, бақытқа, тазалыққа) қолжеткізуді жоққа шығару постмодернистік бағыттың негізгі болмысы болып саналады. Авторда тұтас форма тек қна сюжет емес, сөйлем мен сөздердің жалпы құрлысы өзгергендігін еңбектерімен танысу кезінде көре аламыз.
Д.Амантайдың көптеген шығармалары постмодернизм тіліне жатық, өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктерге толы болғандықтан кез-келген оқырманын бірден баурап алары сөзсіз. Автордың қай шығармасы болсын өзінің стилі мен стилистика тұрғысынан менмұндалап тұрады. Сонымен қатар, Д.Амантай туындыраныда кейіпкер мен автор болмысы бірлесіп кеткендей әсер аласыз. Шығарманың кей тұстарында кейіпкердің сөзі автор стилімен беріле отырып, не болмаса автор сөзі кейіпкердің сөзін жалғап алып кетіп жатады, кейіпкердің іс-қимлы кей кезде автордың берген жауабы іспеттес болып жатады. Мәселен, жоғарыда қарастырып отырған «Мен Сізді сағынып жүрмін» атты повесінде автор және кейіпкер болмысына тоқталып кетсек. Кейіпкерлердің әлемі бұл шығармада бұлыңғыр күйде беріледі. Кейіпкерлердің есімдері аталғанымен, олардың өмір салты, тіршілігі белгісіз күйде қалады. Повесьте Ғалиябану, Мұқтар, Нұрлан, Ербол сияқты кейіпкерлердің есімдері аталады. Оқырмандар үшін көбінесе Д.Амантайдың диалогтарды келтіруі түсініксіз қалыпта болады, автор белгілі бір екі адам арасында өрбіп жатқан диалогты кенеттен тоқтатып, басқа кейіпкердің диалогыне ауысып кетеді, не болмаса автор сөзмен басқа ойды жазып кетеді. Бұл жерден де оқыс бұрылып, алдыңғы диалогтерге көшіп кетеді. Мәселен, Мұқтардың жұма күнгі болған өлімі туралы ести салысымен Ғалиябану Ерболдың үйіне барады. « – Мұқтар қайтыс болды, – деді Ғалиябану. – Білемін, деген ол» [9,128]. Бұл жерде үшінші жақ арқылы баяндап, Мұқтардың өлімінен бұрын оған Ерболдың барғанын айтады. « ... – Мұқтар аулада мылтық тазалап отыр екен. Қапелімде кіріп келіп, түнгі шам астында қару ұстаған досын көріп, қалт іркілген Ерболды танып: - Төрлетіңіз, – деді де, он алтысын қайыра сүрте бастады. ... – Кетіңіз, сіздің көз алдыңызда мен өле алмаймын» [9,128].
Осыдан кейін алдыңғы сахна үзіліп, Ербол мен Ғалиябанудың диалогы жалғасын табады. «Есін шұғыл жиып, жылауын доғарған Ғалиябану терезенің жақтауына барып, тысқа байланып ұзақ қарап: - Дүние сыртында не бар? – деп кері бұрылды. - Ештеңе» [9,129]. Шығарманы осыдан кейін автор – кейіпкер (Ербол) – кейіпкер (Ғалиябану) – автор сөздері арқылы жалғастырып, бір-біріне ұластырып әкетеді. «Мұқтарға не істей алатын еді. - Мылтықты бермеу қажет болды, бірақ ол қарбаласта, жасырған сандықтан алып кетіпті. - Соңынан бардың емес пе? - Иә. Барған кезінде досы қаруын мұқият тазалап отырды» [9,129]. Осындай үзінділер шығармада өте көп кездеседі.
Қаламгер өз кейіпкерлерін ойлау деңгейі жағынан салыстырмалы түрде қоя отырып, мына жалған өмірдің де әрқилы екендігін дәлелдегісі келеді. Кіршіксіз махаббаты, шынайылықты армандап, ақиқат жолында өзін өлімге қиған Мұқтар кейіпкерімізге Ғалиябанудың мүлде қарма-қайшы. «Жиналу керек, деп шешті Ғалиябану, бүгін төркініне қонады, ертең – көре жатар. Ұяттан өлген ешкім жоқ, ардың азабы у татыса да тіршіліктің дәмін ешқашан бұза алмайды, ол әрқашан тәтті, бірақ, пейішті аңсаған баянсыз аласапыран тірлігі мейлінше ащы. Оған өмір сүру қажет, темірқазық ұстанымына қайшы жаңылыс басқан шалыс қадамын жылдам есінен шығарып, өзін алдап, сенімін жұбатып, имансыздығын кешіріп, шеккен ұмытылмас күллі қасіреті мен қуанышын түгел жеңіл ұмытып, ԟүнәға ұрынған ԟінәсы мүлдем бейнет кешпей – оған өмір сүру қажет», – деген үзінді арқылы кейіпкеріне деген автордың көзқарасын кқргендей боламыз [9,134].
Дидар Амантай шығармаларында автордың ойдын кейіпкерлер жалғап ала жөнеліп, не болмаса кейіпкердің сөздің ойын автор іліп алып, өрбіте түседі автор мен кейіпкер бір-бірінің ойларына лезде жауап беру арқылы туындырларды түрлендіре түседі. Қаламгер шығарманың өн бойында кейіпкерлерімен қатарласып, қызу араласып жүреді.
Қаламгер туындыларының көп бөлігін диалогтер құрайтынын жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Диалогтар ұзақғ мылжың әңгімеге ұласпайды, астарлы сөздер арқылы оқиғаның өн бойын ұғындырып беретін қысқа да нұсқа диалогтер өте көп-ақ. Мәселен, кафеден үйге кетіп бара жатқан екі жігіттің қарапайым (Асхат пен Дидардың) диалогы: «– Кейде мен осының бәрін босқа жасап жүрмін бе деп те қаламын; – Әдебиет керек қой; –Бірақ мен оны тастай алмаймын; – Неге?; – Бұған мен көп еңбек сіңірдім, соның барлығы босқа кетпесін деп», – деген тәріздес диалогтар арқылы еркіндік жүйе туғызады. Сонымен қатар, повесте аллюзия, реминиценция, монодиалогтар, түрлі интермәтіндер көптеп кездеседі [8].
Біз талдайтын Дидар Амантайдың тағы бір шығармасы –«Шайтан мен шайыр» деп аталады. Шығармада пәни мен жалған, құдірет, өмір мен өлім, сұлулықтың мәні мен нысаны туралы әңгіме өрбиді. Адамзат баласы жаны мен оның болмысы турасындағы тылсым жұмбағы жайындағы пайымдаулармен романның мазмұндық сырларын айқын тануға болады. Шығармада сұлулықтың мәні мен мұратын тануда әдемілікті қорғаштау, таза дүниені жамандықтан құтқару сияқты бағыттарымен өзгешеленді. Шығармадағы бас кейіпкерлер – Данияр мен Ләйлә. Романда Ләйлә образы әдеміліктің ерекше белгісіндей берілсе, зұлымдықтың бейнесі ретінде – Ләйдәға қарсы жағымсыз кейіпкер – Арнұр образы алынған. Ал Рауан бейнесі болса – сұлулықты қабылдау сатысында тоқталған ренессанс (қайта өрлеу) образ. Романдағы Ғабиден атты кейіпкер – бүгінгі күннің қасиеті іспеттес тұлға. Ыстықкөлде бастау алған оқиғалар романда өрбиді.
Романдағы кейіпкер атаулы Ләйләға ғашық болып, ол үшін бәріне дайын. Махаббат – романның басты мәселесі. Кіршіксіз де таза махаббат жолындағы жас адамдардың өмірі көп оқырман үшін қызықсыз, жалығатын дүние болуы ғажап емес. Дегенмен, романды оқу барысында беймезгіл мезеттегі адам жанының рухани тұрғыдан азғандығы, жастардың болашақ өміріндегі болып жатырған аумалы төкпелі өзгерістер туралы әлеуметтік роман дер едік. Мәселен: «Мен ешкімді бұлай ұнатпап едім... – Өткінші сезім... – Мүмкін ертең жылағаныма ұялатын шығармын... – Махаббат басты нәрсе емес... – Әсел кімнің қойнына жатпады... – Оған кінә тақпаймын... – Кейде ешкім кінәлі емес сықылды... – Иә... – Біздің тұрақты әйелге тоқтамайтынымызға заман кінәлі... – Еркектер үйленгісі келмейді... – Қыздар күйеуге шыққысы келеді, бірақ әуелі қыдырып алсақ дейді... – Мұны біз кешіре алмаймыз» – дей келе қаламгер шетелдік әуендерді таңдап, жаппай темекі тартатын, жеңіл жүрісті, ұяттан безіп кеткен бүгінгі заманның жастарының жайын ашып көрсеткендей.
Д.Амантай барлық дерлік еңбектерінде қаладағы қым-қуыт өмірді суреттейді, жастардың мақсатсыз өмірі, өлім мен өмір сияқты тақырыптарда бай философиялық пайымдауларымен ерекшеленеді. Сондықтан көп ідебиеттанушылар авторды «қала жазушысы» деп атап кеткен. Шынымен де, шығармаларының түнгі клуб, кафе, мекрамхана, жастар, қымбат көлік, арақ-шарап, шетелдік әуен және т.б. болып кете береді.
Қаламгердің «Көзіңнен айналдым» атты әңгімесі автоордың басқа туындыларымен салыстырғанда кең ауқымды, күрделі болып келеді. Әңгіме барысында қаламгер өз елінің тарихын бейнекамераға түсіріп отырған кейіп танытады. Алыста қалған тарихты еш қиындықсыз жақыннан камера арқылы көріп отырады. Бейнекамера арықылы өз оқырмандарына сан ғасырларға саяхаттап, тарих көз алдыңызда тізбектелей өтеді. Өтіп кеткен мыңжылдық тарихты ұзыннын шұбақ баяндау арқылы емес, пейзажды уақытпен қиыстыра келіп, қысқа да нұсқа баяндайды. Бейнеакамераның тетіктерін бірде алыстатып, бірде өзіңізге ыңғайлы етіп жақындата түсіп қимыл-шаралар жасайсыз. Автор осы арқылы өз оқырманынның санасының, адамзат баласының қиялы мен ұшқыр ойының бұдан да зор мүмкішіліктерге ие екендігін дәлелдеп бергендей. Қаламгер аталмыш шығармада өзінің бұрынғы туындыларын асқан шеберлікпен пайдаланады. Оқырман егер де аталмыш кейіпкерлер қатысатын туындыларды білетін болса, онда ол үшін бұл оқырманға шығармадағы жағдайдың жай-жапсарын тез түсіне алуына жәрдемші болары сөзсіз, ал егерде шығарманы оқымаған жағдайда туындыны бір шолып шығуға тура келетінін ескертеміз. Бір қызығы шығармадағы әдеби теориядағы нысандардың кіруі, оларға автор тұжырымдамасының берілуі.
Постмодернистік теориядағы түпнұсқасыз көшірме, яғни симулякрды теріске шығарғандай боласыз. Мәселен: «Шаһарда табиғи келбет, таза болмыс жоқ, тіршілік атаулыға қарсы, қолдан сомдалған, өлі құбылыс, кент – мәдениетті шеңберлеп айналған рухани кеңістіктегі жасанды серік. Қала, қашанда түпнұсқа емес. Үйлер – алғашқы тас үңгірлердің, қыстаулардың, көмескі бейнесі» [9,6]. Демек, қала симулякр (түпнұсқасыз көшірме) емес, қаланың түпнұсқасы ретінде өткен тарихтағы тайпалар мен рулардың (ғұн,сақ, үйсін) мекендеген үңгірлері екендігін мәтінге жасырып қойғандай. Бұдан кейін «Майда қоңыр омырауын самалдады. Ептеп жел соқты. Ол сөзін жалғастырды. Даусы бір түрлі жарықшақтанып шықты» -дей келе 15-16 ғасырлардағы Қазтуған жыраудың мақамына салып «- Ау, қайдасың, Рабия-Сұлтан-Бегім, Жауһар-Ханым, Ғайып-Жамал-Сұлтан-бегім, Тоқтар-Бегім, Аққозы Бике, Жаған-Бике, Хоча-Патшайым, Жағым-Ханым. Көзіме бір көрінші, Анар, Жанар, Гүлмира, Сәуле, Бота, Айнұр, Әсем. Шіркін, Маржан, Шынар, Елмира бір көрінер күн бар ма?» дейді[9,6]. Қазтуған жыраудың мақамымен беймәлім баяндаушы қазақ елінң асыл аналарын, салихалы қыз-келіншектерін есімдері арқылы тізіп айта келіп, «көзіме бір көрінші» деегн сөздермен қазіргі заманғы жаңаша есімдерін атап кеткенде оқырман ойы сан-саққа бөлінері сөзсіз. Баяндаушының қандай мақсатта жыраудың мақамымен бүгінгі заманның әйел-аналарының есімдерін айтқандығын түсіне алмай дал боласыз.
Бүгінгі көркем әдебиет кеңістігінде дәстүрлі сүрлеуді бұзып, әлемдік контексте бұрыннан қалыптасқан қазақ әдебиетінде жаңа бүр жарып келе жатқан постмодернистік ағымның көкжиегін кеңейткен ірі посмодернші-жазушы Дидар Амантай шығармалары – қазақ прозасындағы құбылыс. Қаламгердің өзі: «Постмодернизм – шексіз әлем. ...әдебиеттің жүретін, дамитын бір-ақ арнасы бар: ол -еркін әдебиет...», [5. 1 – дейді.
Сондықтан да Дидар Амантай шығармалары философиялық толғамдарымен, тұңғиыққа толы шексіздігімен ерекшеленеді. Оқырман Д.Амантай шығармаларын алғаш оқығанда белгісіз құбылыстарға тап болғандағы абдырап, тосырқап қалған адамдай түсініксіз күйге түсетіні де сондықтан, Дидар Амантай қаламынан туған туындылар бұл дүниенің жалғандығын, мағынасыздық пенекіжүзділік жайлаған бүгінгі тұрлаусыз өмірдің құндылықтарын басқа арнадан іздейді, тың ойларғақозғау салады.
Мәселен, жазушының әдебиетші, сыншы ғалымдар мен қаламгерлер тарапынан түрліпікірге ие болған «Гүлдер мен кітаптар» романында бүгінгі қоғамдағы рухани құндылықтардың құнсыздануын, қоғамды жарға жығатын рухани жұтаңдық пен азғындық әрекеттердің алдыңғы шепте бой көрсетуін суреттей отырып, іштей күйінген, ашынған автордың даусы айқын сезіледі. Кез келген көркем шығармада автор даусы шешуші рөлге ие екені рас. Дидар Амантай мұны романда: «...Мүмкін ешқашан кітап жазбау керек шығар, бәрібір одан сіз үлкен абырой, шын бақыт, жақсы атақ, қалың дәулет, зор жұбаныш, адал көңіл таппайсыз. Үмітіңізді ақтамайды, тұрмысыңызды жақсартпайды, ақыл-ой жетпейтін жұмбақ тіршіліктің мәңгіліксауалдарына ешқандай жауап айтпайды, ең бастысы – одан өмір табиғаты өзгеріп кетпейді, оның бәрісізбен бірге қала береді... Тұрлаусыз махаббатың әуресі. Кітап тек ғұмырдың баянсыз мұратына жалған мағына жүктеген алдамшымақсат қана», [6. 7б.] – деп кейіпкері Әлішердің ойымен өрнектейді. Қаламгердің ішкі трагедиясы Әлішердің ішкі монологы арқылы көрінеді. Яғни кейіпкердің атынан сөйлей отырып, бүгінгі қоғамның психологиясын береді. Бүгінгі таңда рухани байлық саналатын кітап қадірінің соншалық арзандағанына ақын қатты қыжылады.
Қаламгердің өмірлік қағидасы — адамдықтан аттамау болса, ол шығармадағы авторлық ұстанымға ұласқан. Кейбір мансап үшін ештеңеден аянбайтын аярларды романның үшінші бөліміндегі «Сыйлық» деп аталатын тарауында әшкерелейді. «Телефон шырылдай түсті. Бөтен дауыс сыйлыққа ұсынылып жатқанын айтты. Тек Омарды не орыс, не француз тілінде сынап беру қажет екен.— Неге? – деп сұрады Әлішер.— Ол құтырып кетті, – деп жауап қатты бөтен дауыс.— Қалай?– Қарсы сөйлейді.— Кімге?— Маған.— ...Омар елдің азаматы емес пе?— Болсын.— ...Сіздер Омардың тырнағына да тұрмайсыздар.- ...Сіз қатырып тұрып бір сынап беріңізші.— Сосын?— Ақысын төлеймін.– Жоқ, мұндайға мен бара алмаймын.— Онда, өмір бойы осылай жүріңіз, сіз ешкімге керек емессіз... ...Одан да Омарды сынап сыйлық алмайсыз ба?» [6, 98-99]. Шығарманың фабуласын ашуда автор осы бір диалог А.Байтұрсынұлынша атайтын болсақ, «сөйлестірулер» арқылы бүгінгі қоғамдағы арзан атақ пен жағымпаздыққа құмар жандардың шынайы келбетін танытады. Автор диалог – ұсынысты диалог – тартысқа айналдырады. Роман желісінде мифологизациялық сарындарда ұшырасады. Мәселен, «Албасты» тарауындағы: «Сапураның кімді дүниеге әкелгенін ешкім біле алған жоқ. Бірі ауласынан бесікте жатқан қол-аяғы тоқпақтай ұлды көргенін айтты, екіншілері көзі әдемі нәрестені байқап қалғанын аңыз етіп жүрді. Бірақ Сапура құйрықты торай туып, оны үйге жасырып қойған еді, деп аяқтады ол бір тарау жырын» [6. 104].
Жазушы Д.Амантай мифке тән осы сюжетті шығармада мақсатты түрде пайдаланады. Мұндай жартылай жылқытұрпатты (кентавр) адам немесе жартықұдай бейнесіндегі кейіпкерлер сонау антикалық дәуірденкеле жатқан әдеби үрдіс. Яғни көне грек мифологиясынан бастау алатын құбылыс қазіргі қазақ қаламгерінің көркем мәтінінде ұшырасады. Демек автор бағзы мифтік сюжетті жаңаша Интерпретациялайды және шындықтан алшақ кетпейді. Онсызда қазіргі экологиялық апаттан небір құбыжықтар туылып, қорқынышты жәйттар орын алып жатқаны мәлім. Сондықтан да қаламгер шығармашылығының тамыры тереңде әрі шығарма бүгінгі өмір шындығымен астасып жатуымен құнды. Романның экспозициясы Әлішер атты жазушының түсініксіз түс көруімен басталып, Мұса (а.с.), Ғайса (а.с.), Мұхаммед (с.ғ.с.), Дао, Бұдда, Құңфұдзы, Сопы тарауларында Тәңір жайында, ежелгі Түркі тайпасының көсемі Еңгүдей мен миссионерлік мақсатта ел кезген «дәруіштердің», «буддашыл— қонақтардың» дін жайлы қызу әңгімелерімен өрбиді. Және асыл дініміз Ислам хақында да сөз болады. Автор оқырманды сендіру үшін Тәурат пен қасиетті Құран Кәрімнен нақты мысалдар келтіреді, діннің идеологиялық қару екенін меңзейді.
Кітаптың екі бетін әлем әдебиетінде озық шығармалар ретінде танылған туындылар мен авторлар қамтыған. Және сұлулықтың символы саналатын гүлдердің аты да дәл осылай тізбектеледі. Әлбетте, мұндай жазу стилі шығарманы алғаш оқығанда түсініксіз әсер қалдырары сөзсіз. Дегенмен автордың ойы, авторлық идеяның түпкі мақсаты осында. Әдеби туындының аты айтып тұрғандай, бұл өмірдің құндылығы мен мәні – кітап, ал гүлдер еркіндіктің символы екенін дәлелдей түседі. Шығарманың финалында кейіпкер Әлішер бұл әлемде өзінің жалғыздығын, шарасыздығын сезініп, бүкіл кітаптары мен қолжазбаларын өртеп, өзіне-өзі қол жұмсап өледі.
Шығарманың өн бойы постмодернизмге тән жалғыздық, жатсыну, түңілушілік құбылыстарымен тұтасқан. Үш бөлімнен тұрғанымен небәрі жүз жиырма үш бетті құрайтын бұл роман көркемдік-идеялық жағынан да, конструкциялық құрылымы жағынан да өте сәтті шебер жазылған. Автордың дәстүрлі классикалық баяндаудан өзгеше өрнекке құрылған туындыларының бір парасы «Мен сізді сағынып жүрмін» повесі, «Он жеті кітап новелласы» мен «Далада жанған от», «Қайғыбаптап», «Дүние ауып барады» т.б. әңгімелері. Шағын көлемді «Мен сізді сағынып жүрмін» повесінің жүйелі құрылған оқиғалы сюжеті жоқ.
Шығармадағы шиеленіс тым қайшылықты, туындының табиғатыда күрделі. Бір қызығы, шығарма финалынан бастап суреттеледі. Яғни бас кейіпкер Мұқтардың өзін-өзі атып өлтіруін баяндаудан басталып, Мұқтар мен Ғалиябану арасындағы риясыз махаббат, сол кіршіксізсезімге қалай селкеу түскенін философиялық толғамды ойлармен кестелейді. «Көңілдегі үрей жанына батқан ауыр мұңына айнала бастапты. Мүмкін, беті ашылған сырдың қорқынышы жоғалып, жүрегін ауыртқан бейтаныс сезімі – запыраны ма, өкініші ме – оянған күйі өзгермеген, тәулік бойы сақталып, қысқа мезгілде қайратын сары уайымға жеңдіріп. Жеңгізіп, опық жегізіп, жетімсіретіп, қуатын әлсіретіп, әуелгі тазалығын сағындырып, Мұқтарын алыстатып. Содан соң өзін асқақ сезінген асқаралы биігінен оқыс құлатып, оңдырмай былғап. Дегенмен адалдық қылықта ма, жоқ, әлде ниетте ме. Жалын ұлғайып келеді». [6. 134]. Иә, жалынмен қоса кейіпкердің психологиялық ахуалы күшейе түседі. Осы жолдар арқылы кейіпкер Ғалиябанудың ішкі жан күйзелісі, ой ағымы аңғарылады. Сөйлемнің конструкциясы түйдек-түйдек тіркестермен әдемі өріледі. Шығармадағы дискурс оқиғаны баяндаудан кілт тыйылып,пәлсапалық, дүиетанымдық ойлармен жалғасады.
Бұл қаламгер Дидар Амантай шығармашылығының өзіндік дара стилдік ерекшелігі болып табылады. «Қайғы баптап» әңгімесінде бүгінгі өмірдің бет-бедерін бүкпесіз, қалтқысыз ашып көрсетеді. «Зады, жасырын сыр көкірегіне шер байлады – төмен қарап, қамырыға тоқтады. Оның қалай үйленгенін Диман білетін. Сорға біткен жар – сот арқылы қосылған» [6. 232]. Сүйген адам жүрегінің қалауымен қосылса керек-ті. Ендеше ол неліктен сотқа жүгінді? Оқырманды ынтықтыра түсетін, шығармада идеялық, мазмұндық, эмоциялық тұрғыдан көп қырлы функция атқарып тұрған осы шағын көркемдік деталь туындының бүкіл мазмұн-болмысынан хабар береді.
Бүгінгі жаңашыл әдебиетшілер арасында қала және дала деген стереотиптер қалыптасқандай. Дидар Амантай бұл жағынан қарасақ, сөзсіз қала прозасының авторы. Д. Амантай еңбектерін сараптаушылар оны модернистік не болмаса постмодернистік бағытпен үйлесімдік тапқандай деп баға береді. Қаламгер шығармалары бірнеше әдеби шығармалардан құрастырылғандай әсер береді. Төл әдебиетіміздегі адамзаттың болмысы жаратылыстың жасырын жұмбақтары секілді бағзы заманнан шешімі белгісіз мəңгілік сұрақтарға қаламгер басқа тұсынан қарап, алдымен, адамзат пен әлемнің арақатынасына постмодернистік тұрғыдан қарау арқылы философиялық мəнді терең жүктеп қояды. Адам баласының ішкі дүниесі мен сыртқы болмысындағы қарама-қайшылықтардың жұмбақтарын, бар зейінмен сараптауға ұмтылады. «Гүлдер мен кітаптар» атты Дидар Амантайдың жаңа шығармасы қазақ әдебиетіне жаңа серпіліс бергендей. Әдебиетке тоғысқан зиялы оқырман қауымы, ғалымдар мен әдебиеттанушылар ішінде өзара қарама-қайшы сыни ой-пікірлер туғызды. Қай кезеңде болмасын зиялы қоғам ішінде ой туғызатын, көптің талқысына түсіп, өрелі ой өрбітуге себепкер болған шығармалардың құндылық дәрежесін уақыттың өзі-ақ дәлеледеп береді.
Біз қарастырып отырған роман желісі уақыт пен кеңістікті, мезгілді белгісіз етіп қоятын, бір сөзбен айтқанда, терең қилы шиеленістерге өрбитін постмодернизм сарынында жазылып, ХХI ғасырда, яғни қазіргі кездің оқиғасы ретінде бастау алады. Әлішер кейіпкеріміз кітап жазуға бел байлап, барлық есіл-дертін сонда жұмылдырады. Барлық ой-тұжырымы, айналасы, бар жинаған білімі мен рухани әлемі, таныстары, күнделікті өмірі – қаламгердің қалам тербеп жатқан шығармасының басты идеясы болып кетеді. Сондықтан да оның жазып жатқан кітабы ол үшін ерекше әлемге айналған.
Д. Амантай шығармада мәні мәңгілік мәселелерді сауалдар формасына айналдырып, оған жауап іздей шарқ ұрады, қаһарманымен бірге сергелдеңге түседі. Сонымен бірге өзінің рухани ізденістері мен философиялық толғамдарына оқырмандарын да тартып, ортақтастырады. Кейіпкеріміз Әлішер тұлға және оның жетіліп кемелдену шағы, өмірдің мəңгілік заңдылығыі, мораль мен болмыс туралы терең ой шырмауына түседі. Кейіпкер айналасымен үйлесімділік тапқысы келеді, денемен, өз заманындағы адамзат баласының рухани-мәдени болмысының мүшкіл халіне қатты қынжылады. Осы жерден кейіпкеріміздің жалғыздыққа бет алғандығыны бақаймыз.
Тұлға руханилық белестерге көтерілген сайын адамзаттың айналасында оны түсінетін адамдар саны азая береді. Бұны жалғызсырау дегеннен гөрі, даралану не болмаса жалқылану деп атаған дұрыс сияқты. Әрине, даралану мен жалқылану да жалғызсырауға әкеп соқтырады, дегенмен даралану тұлғаның өз қалауынан туындап, адамға ерекше шабыттану мен сол жалғыздықтан лəззатқа бөлене алады. Тарихтың қай дәуірін алып қарамасақ та осындай ерекше тұлғалардың жалғыздық пен дара әлемде өмір сүргені белгілі. Жалғыз қалу, айналадан безіну, оқшаланып өмір сүру тұлға үшін – өзін-өзі жетілдірудің, рухани кемелдену мен өн бойындағы бүкіл қабілеттерін өмірлік мақсаттары үшін толық жүзеге асырудың бірден-бір шарты іспеттес. Адам баласын алға сүйреген барлық дерлік жаңалықтар сол жаңалық авторының жалғыз кезінде, рухани жайлылықта ой тербеген шабытқа толы кезінде дүниеге келген.
Зерттеуші Ə. Бөпежанова Əлішер кейіпкеріміздің мінез-құлқы жайында: «Ол — адамзат болмысының тұтастығы жойылған, «әлем кіндігі — адам» деген ережеден ауытқыған, халықтық қарабайыр мәдениет белең алып, адамзат пен оның қоғамдағы өмірі, дүниетанымының өзі алдыңғы қатарлы технологиялардың көлеңкесінде қалып қойған аясында қалыптасып отырған дәуірдің қаһарманы; ал атақты зерттеуші А. Наурызбаева «постгуманистік кезең» деп атаған дәуірдің кейіпкері; дегенмен рухы биік, өн бойына өз дәуірінің де мəдени-рухани образын жинаған кейіпкер», деген сипаттамалар береді.
Постмодернистік түрлі зерттеулерге бой алдырған жазушы біраз қазақ қаламгерлерінің бұрынғы шығармаларындағы қалыптасқан үрдісті бұза отырып, жаңашылдыққа жол бастап жүр. Қаламгер шығармаларында қалыпты бір логикаға сай сиятын сюжет, нақты бір сомдалған образ жоқ. Қалмагер адамзаттың санасындағы кесінді жарқылдарды сомдау арқылы бірнеше философиялық үзінділермен роман жасақтап шығарды. Қорыта келгенде, постмодернизмнің басты бағыттары – жанрларды біріктіру, күдік тудыру, екіұштылық, көпмағыналылық, әлемді хаос деп қабылдау, адамзат рухының белгілі бір кезеңін бейнелеу, берілген оқиғалардың уақыты, мерзімі, кеңістігінің белгісіз болуы, кейіпкерлерінің жас шамасы мен кейде тіпті оларға есімдердің берілмеуі т.б. Сонымен қатар, модернизм бағыты үшін дәстүрдің ерекше орны болса, ал постмодернизм дәстүрді жоққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет