Мазмұны кіріспе 1 Қазақ Әдебиетіндегі постмодернистік ағымның дамуы


Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет2/8
Дата18.05.2023
өлшемі211,7 Kb.
#94490
1   2   3   4   5   6   7   8
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – Дидар Амантай шығармаларының бүгінгі қазіргі қазақ әдебиетіндегі алатын орны олардың негізгі идеясын зерттей отырып, арқылы оның ұлттық әдебиетіміздегі әсерін анықтау.
Дипломдық жұмысымыздың қойылған мақсатына жету үшін мынадай міндеттер негізге алынды:
- егемен қазақ әдебиетінде жаңашыл өзіне тән қолтаңбасымен танымал Д.Амантайдың шығармашылығының құрылымдық, мазмұндық және де стильдік сипатына жан-жақты да терең талдау жүргізу;
- Дидар Амантай шығармаларын прозалық негізін сипаттау мақсатында талдау жасау;
- автор шығармаларындағы ерекшеліктерді айшықтау мақсатында қазақ қаламгерлері еңбектерін салыстырмалы түрде зерттеу;
- Дидар Амантай шығармаларының әдеби-көркемдік құндылықтар торабындағы, қазіргі қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын анықтау.
Зерттеу нысаны ретінде Д.Амантайдың эсселері, ой-толғаулар, романдары мен әңгімелері таңдалып алынды.
Зерттеу пәні ретінде қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңашыл тұлғалардың бірі Дидар Амантайдың шығармашылығы алынды.
Зерттелу деңгейі. Бүгінгі күні Дидар Амантай шығармашылығы көптеген әдебиеттанушылардың жіті назарында деп айтуға толықтай негіз бар. Себебі Дидар Амантай шығармашылығы туралы отандық әдебиет сарапшылары мен жазушылар көптеп мақалалар мен еңбектер, монографиялар, сыр-сұхбаттар жазып жүр.
Деректік көзі. Г.Бельгер «Дидардың гүлдері мен кітаптары» және де «Цветы и книги Дидара» деп екі тілде 2005 және 2006 жылдары мақала шығарған болатын. Д. Амантай шығармашылығы турасында зерттеп жүрген сыншылардың бірі, әдебиеттанушы Ә.Бөпежанова "Гүлдер мен кітаптар" – мәдениет құбылысы» атты мақаласын да аталмыш тақырыпқа арнаған болатын. Сыншы Герольд Бельгер мен Дулат Исабековтің аталмыш қаламгердің шығармалары турасында жүргізген сыни-зерттеулерін саралай отырып, «Дидар төл прозамызға саналы түрде құрылымдық өзгерістер енгізуге ұмтылды, оны бірден зерделеуге, қабылдауға оқырмандардың тәжірибесі жетіспей жатады», - деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, С. Ақсұңқарұлы, А.Мекебаев «Түпсіз тұңғиық туралы хикая» (Дидар Амантайдың шығармашылығы хақында), Зухра Табаева «О творчестве Дидара Амантая», М.Әзімхан «Дидар Амантай шығармашылығы хақында» мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті Д.Амантай шығармашылығына өз ғылыми жұмыстарын арнап, жазушының еңбектін сарапқа салып жүр. Дегенмен де Д.Амантай шығармашылығы әлі де болса жіті зерттеулер мен талдауларды қажет ететін тың тақырыптардың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет