Мазмұны: Кiрiспе 1 тарау. Геометриялық салулар теориясының кейбiр мәселелерi 1



бет6/31
Дата11.12.2023
өлшемі1,93 Mb.
#137448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Салу есептерін шешу әдістері бойынша оқу - әдістемелік құрал

6. Салу есептеріне мысалдар
Есеп1: Бір төбесінен жүргізілген биссектрисасы, медианасы және биіктігі бойынша үшбұрыш салыңыз.
Шешуі:
Талдау: Есеп шешілді делік, АВС – ізделінді үшбұрыш (2-сурет), АН – оның биіктігі, АМ – медианасы, АD – биссектрисасы.
АВС үшбұрышына сырттай шеңбер сызылған шеңбердің центрін О деп белгілейік, онда ОМ түзуі ВС хордасына перпендикуляр болғандықтан, ол осы хордамен керілетін шеңбердің әрбір екі доғасын тең екіге бөледі. АD биссектрисасы да  шеңберінің ВАС бұрышы тірелетін дәл осы доғасын тең екіге бөледі. Олай болса, ОМ түзуі мен АD биссектрисасы сырттай сызылған шеңбердің Р нүктесінде қиылысады. О нүктесінен АР – ға түсірілген перпендикулярдың табаны – АР-ның ортасы, яғни S нүктесі болады.
Салу: 1) АD = ва гипотенузасы, АН = hа катеті бойынша АНD үшбұрышы


2) (А, mа) шеңбері
3) (А, mа)  DН = М нүктесі
4) Мl және l  DН түзуі
5) l  АD = Р нүктесі
6) t - АР кесіндісінің орта
перпендикуляры
7) t  МР = О нүктесі
8) (О, ОА) шеңбері
9) DК   = В және С нүктелері
АВС – ізделінді үшбұрыш.
Дәлелдеу: Салу бойынша АН кесіндісі АВС үшбұрышының биіктігі болады. М – ВС қабырғасының ортасы, себебі ол шеңбердің центрінен ВС хордасына түсірілген перпендикулярдың табаны. Сондықтан АМ – медиана. Р нүктесі ВРС хордасының ортасы болғандықтан, іштей сызылған ВАР және САР бұрыштары өзара тең, бұдан АD – ВАС бұрышының биссектрисасы.
Зерттеу: Есептің шешімі болу үшін ma  вa  ha қатынасы орындалуы қажет, себебі үшбұрышта биссектриса медиана мен биіктіктің ортасында орналасады, не бұл кесінділердің бәрі беттеседі. Егер ma = вa = ha болса, онда есеп биіктігі (ол әрі медиана, әрі биссектриса) бойынша тең бүйірлі үшбұрыш салу есебіне келеді. Егер ma  вa  hа болса, онда салу жоспарының 1) және 2) қадамдары бірмәнді орындалады. ma  ва болғандықтан, (А, mа)  DН қимасының М нүктесі табылады. Салу жоспарының 5) қадамындағы Р нүктесі жалғыз, себебі ол екі түзудің қиылысу нүктесі. Сонымен қатар, АР||DН және МР  DН болғандықтан, АР||МР. Бұл АР хордасының орта перпендикуляры міндетті түрде МР түзуімен қиылысады дегенді білдіреді және ол нүкте сырттай сызылған шеңбердің центрі болады. DН түзуі (А, АР) шеңберімен екі нүктеде қиылысады, себебі ол шеңбердің ішіндегі D нүктесі арқылы өтеді. Сонда көрсетілген салу жоспары бойынша шешілген есептің шешімі әрдайым табылады.
Есеп 2: hc, hв биіктіктері және mа медианасы бойынша үшбұрыш салыңыз.
Ш

ешуі:
Талдау: Айталық, АВС – ізделінді үшбұрыш
(3 - сурет), АD = mа, CH = hc, BL = hв.
АС табанына DF перпендикулярын жүргізсек,
DF = (D–медиананың табаны болғандықтан).
Олай болса, АFD тікбұрышты үшбұрышын
АD = mа гипотенузасы мен DF = катеті
бойынша сала аламыз. Дәл осылайша DК = катеті мен АD гипотенузасы арқылы АDК тікбұрышты үшбұрышын тұрғызуға болады. Сонда ізделінді үшбұрыштың ВАС бұрышы анықталады.
Салу: 1) АFD тікбұрышты үшбұрышы (АD = mа, DF = , DFА=900)
2) АDК тікбұрышты үшбұрышы (АD = mа, DК = , DFА=900)
3) [FD) сәулесіне FЕ = hв кесіндісі
4) Е нүктесі арқылы l║AF түзуі
5) l ∩ [AК) = В нүктесі
6) ВD түзуі
7) ВD ∩ [AF) = С нүктесі
АВС – ізделінді.
Дәлелдеу: Салу бойынша DF = , онда ЕF = hв . Бұдан DЕ = DF = . Онда BED = DFC = 900 екенін ескерсек, ∆DЕВ = ∆DFС. Олай болса, ВD = DС, яғни АD – медиана және салу бойынша АD = mа.
В нүктесінен АС табанына ВL перпендикулярын түсірсек, BL = EF = hв. Айталық СН  АВ, онда СНВ үшбұрышында DК кесіндісі (К АВ) орта сызық болады. Ал салу бойынша DК = . Бұдан СН = DК = hс.
Зерттеу: Салу жоспарының 1) және 2) қадамдарындағы АDF, АDК үшбұрыш-тарын салу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет