Мазмұны: Кiрiспе 1 тарау. Геометриялық салулар теориясының кейбiр мәселелерi 1



бет3/31
Дата11.12.2023
өлшемі1,93 Mb.
#137448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Салу есептерін шешу әдістері бойынша оқу - әдістемелік құрал

2. Геометриялық салу кұралдары
Ежелгi грек математиктерi салу есептерiн шешу барысында сызғыш пен циркульды пайдаланған және «шын геометриялық салу» деп, осы екі құралдың көмегімен шешілетін есептерді атады. Евклидтің постулаттарына сәйкес сызғыш шексіз, әрі бір жақты құрал, циркуль кез - келген өлшемді шеңбер салу құралы делінді. Бұлардан басқа да салу құралдары болған. Мысалы, Платон б.э.д. 400 жылдар шамасында кубты екі еселеу туралы есепті екі тікбұрыштың көмегімен шешсе, Архимед бұрыштың трисекциясы туралы есепті тікбұрышты сызғышты қолданып шешеді. Дәл осы есепті әртүрлі қисықтардың көмегімен Никомед (конхойданы пайдаланып), Диоклес (циссойданы пайдаланып), Папп және басқалары шешті.
XVII - XIX ғасырларда геометриялық салу құралдарының жаңа түрлері ойлап шығарылды. Леонардо да Винчи (1452-1549) сызғыш және тұрақты ашалы циркульдың көмегімен шешілетін есептерді, Датчани Мор (1672) мен итальяндық Маскерони (1779) тек қана сызғыш пен циркульды қолданып шешілетін салуларды зерттеген және олардың ішінде тек циркульмен шешілетіндерін тапқан. Осындай зерттеулердің негізінде салу есептерінде екі жақты сызғыш, тікбұрыш сияқты құралдар қолданыла бастады. Бірақ конструктивтік геометрияның ең негізгі құралдарына бір жақты сызғыш пен циркуль жатады және оларды классикалық құралдар деп атайды, ал қалғандары қосымша құралдар болып саналады.
Конструктивті геометрия үшін қолданылатын құралдардың дәл сипат-тамасы көрсетілуі керек. Мұндай сипаттамалар аксиомалар түрінде беріледі.
А. Сызғыш аксиомасы
Сызғышпен келесі геометриялық салулар орындалады:
1) тұрғызылған екі нүктені қосатын кесінді салу;
2) салынған екі нүкте арқылы түзу жүргізу;
3) салынған нүктеден бастап екінші салынған нүкте арқылы өтетін сәуле жүргізу.
В. Циркуль аксиомасы
Циркульдың көмегімен мына геометриялық салулар орындалады:
1) берілген центрі мен радиусқа тең кесіндісі (немесе кесіндінің ұштары) бойынша шеңбер салу;
2) берілген центрі мен кез - келген доғасының ұштары бойынша шеңбердің доғасын салу.
Циркуль мен сызғыштың көмегімен орындалатын негізгі салулар:
1) Берілген екі нүктені қосатын кесіндіні салу (А.1);
2) Берілген екі нүкте арқылы түзу жүргізу (А.2);
3) Берілген нүктеден бастап екінші берілген нүкте арқылы өтетін сәуле жүргізу (А.3);
4) Берілген центрі мен радиусқа тең кесіндісі (немесе кесіндінің ұштары) бойынша шеңбер салу (Б.1);
5) Берілген центрі мен кез-келген доғасының ұштары бойынша шеңбердің екі доғасының кез-келгенін салу (Б.2);
6) Тұрғызылған екі фигураның саны шекті ортақ нүктелерін салу, егер олар бар болса (акс.VII);
7) Қандай да бір тұрғызылған фигураға тиісті нүкте салу (акс.VIII);
8) Қандай да бір тұрғызылған фигураға тиісті емес нүктені салу (акс.IX).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет