1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, жүріп өткен жолы мен асыл мұрасы, өсиет-өнегесі – әрбір қазақ үшін баға жетпес қазына.
Абайды қалай дәріптеп, насихаттасақ та жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоймайтынына кәсіл сенемін. Себебі ақынның асыл мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. Қазақ ұлты барда Абай есімі мәңгі асқақтай береді. Оның ғибратты сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары бағаласақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |