4. Абай шығармаларындағы мұсылмандық идеясы – мәңгілік құндылық.
Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», дейді. Бұл ой-тұжырымға Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Ал отыз сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді.
Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / [Электронды ресурс]. Ену тәртібі: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy.
2. Тоқаев Қ.К. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан / [Электронды ресурс]. Ену тәртібі: https://egemen.kz/article/217247-abay-dgane-xxi-ghasyrdaghy-qazaqstan.
Достарыңызбен бөлісу: |