Мазмұны кіріспе қазақ Әдеби тілінің Қалыптасуындағы абай дәуірі



бет2/14
Дата03.03.2022
өлшемі70,59 Kb.
#26917
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, ХІХ ғасырда өмір сүріп, өз заманының келеңсіздіктерімен күрескен ғұлама ойшылы. Ақын өмір сүрген дәуірдің өзі қазақ халқының тарихында «алтын ғасыр» деген атаумен қалатын кезеңнің бірі еді. Олай болса, Абай Құнанбайұлының кемеңгерлік тұлғасы да – алтын ғасырдың жемісі десек артық болмас. Абай – ескіліктің сарқыншағы мен жаңашылдықтың бастауын жалғаған алтын көпір болды.

Абай заманының тұсында қазақ қоғамы байырғы хандық биліктің басқару жүйесінен мәңгілікке қол үзіп, «өз қолынан өз ырқы кеткен» артына салауат айтып, алдын болжап білмейтін бұлыңғыр кезеңге тап болған еді. Көшпенді халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері дағдарысқа ұшырап, отырықшылдық өркениеттің белгілері баса көктеп кіре бастады. Көзсіз батырлық пен ерен ерліктің беті қайтып, жаңаша дәуірдің заманауи бейнесіне, яғни сауаттылық пен білімге қадам жасайтын сәт туып келе жатты.

Міне, осы дәуірдің дауылпазы, жаршысы болған Абай Құнанбайұлы екі ғасырдың тоғысындағы гуманистік ағартушылық немесе ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналғаны баршаға мәлім.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» [1] атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы атап көрсетті. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналуда. Себебі сананы жаңғырту ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашады. Осы тұрғыда ұлы Абай мұрасының құндылығы, ақынның ақынның даналығы, ой-тұжырымдары ұрпақ үшін баға жетпес рухани азық екені рас.

2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толғаны атап өтілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елеулі күнге арнап жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды», – деп атап көрсеткен еді [2]. Мақалада дана Абайдың ұрпаққа қалдырған мол мұрасының құндылығы, оның әр еңбегінен өмірге қажетті баға жетпес құнды кеңестер алуға болатыны жайында жан-жақты баяндай келе, Абай шығармаларының күллі адамзат үшін маңыздылығына терең түсінік беріп, оның өнегелі ойлары ұлттық идеяның өзегіне, ұлттық болмыстың үлгісіне айналуы тиіс екені туралы сындарлы ой тастайды.

Иә, Абайдың шығармашылық мұрасы өте бай әрі сан қырлы. ХХ ғасыр мен қазіргі қазақ әдебиетінде Абай шығармашылығына қалам сілтемеген ғалым жоқ та шығар. Ақынның өз болмысын, туындыларының стильдік ерекшеліктері мен мән-мағынасын ғылыми, тілдік, тарихи, саяси, философиялық және әлеуметтік жағынан зерттеген ғыллыми еңбектердің қатары баршылық.

Десек те, Абай заманының тұңғиығына батып, ақын жырлаған қазақ қоғамының әділетсіз тұстарына баса көңіл көлуге және де ақынның өз халқының болмыс-бітіміне күйініп, билік басындағылардың озбырлығына ашынған, сондай-ақ үнемі елінің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болған, сауаттылықты барынша дәріптеген, «мыңмен жалғыз күрескен» қырлары әлі де тереңнен зерттеуді қажет етеді деп білемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет