Зерттеу жұмысының өзектілігі.Қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының өмір сүрген қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің қазақ қауымына ықпалын, ақын шығармаларындағы халықтың тұрмыс-тіршілігін, бар болмысын, бет-бейнесін зерттеу – диплом жұмысымның өзктілігін нақтылай түседі. Ұлы ақын өзінің шығармаларында елдің болашағы мен елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктетуді мақсат етті. Ол әділетті қоғам құруды аңсады, соның нәтижесінде әділетті қоғам идеясын көтерді. Олай болса, Абайдың ХІХ ғасырдағы мұра етіп қалдырған көзқарастары бүгінгі күнгі ел мүддесі үшін, елдің береке-бірлігі мен ынтымағы үшін аса құнды. Хакім Абайдың өмірлік қағидалары өркениетті мемлекет қағидаларымен астасып жатыр. Ұлы ақынның осындай қоғамдық мәселелердің айналасында өрбіген ой-пікірлерін сараптау – осы жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.