Зерттеу жұмысының нысаны.Қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы қазақ қоғамының әдеби, тарихи зерттелуі.
Зерттеу әдістері. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін дереккөздерді жинау барысында жаппай іріктеу, ақын шығармаларын әдеби-тарихи тұрғыдан талдау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеліп отырған диплом жұмысы – қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы ХІХ ғасыр қазақ қоғамын тарихи тұрғыда тереңнен зерттелген жұмыстарының жалғасы іспетті. Алайда зерттеу барысында бұл тақырып тарихи және әдеби қырынан әлі де болса сараланып, жан-жақты ашыла түсті. Алғаш рет ақын шығармашылығындағы қоғам бейнесі, ондағы адамдардың ой-санасы, «қазақ менталитеті» ұғымы, халықтың өмірлік мол тәжірибесі, ұлттық ұстанымдары, халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен тарихи өмір сүру салты тереңнен зерттелді. Сонымен қатар, жұмыс барысында ақын шығармашылығы тарих, қазақ әдебиеті, философия ғылымдары тұрғысынан зерттеліп, пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлінді.