Мазмұны кіріспе І. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері



бет4/7
Дата12.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#36721
1   2   3   4   5   6   7
1.4 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері
Оқушының сыныптан тыс жұмысы, сыныптағы сабақтан бос кездегі мұғалімнің басшылығымен жүргізетін оның оқу проблемаларын шешуге, зерттеу жүргізуге бағытталған әрекеті. Оқушыларға арналған зерттеу жұмысының тақырыбын мұғалім анықтайды, оларда мазмұнын тереңдету, жаңа фактілерді табу сияқты мәселелер қарастырылады. Алайда, біртіндеп кейбір проблемаларды оқушылардың өздері қойып, оны өздері шешуге қол жеткізуі керек. Егер мұғалім соңғы талапқа қол жеткізсе, онда ол оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы ең жоғары деңгейіне жетті деп есептеледі. Сыныптан тыс жұмыстардың ойдағыдай ұйымдастырылуы үшін алдын-ала келесі мәселелер дұрыс шешілуі қажет:
1) оқытылатын материалдың мазмұнын таңдап алу;
2) оқу материалының мазмұнына сай сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру;
3) математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқытудың формасы мен әдісітерін дұрыстап таңдап алу.
Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы үшін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына қандай талаптар қою керек?
1) Сыныптан тыс жұмыстар мазмұны оқу пәнінің бағдарламасының мазмұнына жақын, міндетті түрде жаңа, қандай да бір дәрежеде де тереңірек немесе оқу бағдарламасының бір бөлімі, қысқаша айтқанда сыныптағы сабақтың логикалық жалғасы болуы керек.
2) Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқу проблемаларын дамытатын немесе проблемалар тізбегінің жүйесінен тұратын болуы керек (42,46-49).
3) Аталған мазмұн өмірмен байланысты, практикалық жағынан қажет, оқушының талап-тілектері, ықыласы ескерілген болуы қажет.
4) Бұл мазмұн ең алдымен қызықты, эстетикалық тәрбие беруге жарамды болуы қажет.
Сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың жеке жұмысын ұйымдастырудың маңызы оқушының сыныптағы сабақ кезіндегі өз бетіндік жұмысын ұйымдастырудан кем емес.
II.СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мен «Дипломалды практика» бойынша №194 орта мектебінде тәжірибеден өтуге бардым.Маған бөлінген сынып 4 «А» сыныбы.Мен наурыз айының 1-і күні математика бағыты бойынша сыныптан тыс жұмыс ұйымдастыруға және өткізуге оқу-ісі жөніндегі орынбасарынан рұқсат алдым және алдын ала жоспарланған жұмысымды көрсеттім.Талаптарға сай болғандықтан өткізуге рұқсат берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет