Мазмұны кіріспе І. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру



бет5/7
Дата12.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#36721
1   2   3   4   5   6   7
Іс-шарамның жоспары:
«Дарындылар додасы» атты сайыс .6 бөлімнен тұрды.
1-бөлім.«Кім көп біледі?»
2-бөлім.«Жүзден жүйрік»
3-бөлім.«Себетке алма жинау ойыны»
4-бөлім.«Жұмбақ есептер»
5-бөлім.«Сыйлық кімге бұйырады?»
6-бөлім.«Кім жылдам»
Мақсаты:Оқушылардың білімдерін тиянақтау. Ақыл-ойы мықты, тез ойлағыш ,білімді,алғыр оқушыларды анықтау.Оқушылардың ой-өрісін,ынтасын,белсенділігін арттыру.
Көрнекілік:Сайыс жоспары.Өлеңдер,шар ,гүлдер,музыка.
1-топ. «Алғырлар» 4-сынып
2-топ. «Тапқырлар» 3-сынып
3-топ «Зеректер» 2-сынып

1-бөлім. «Кім көп біледі?» Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.Әрбір дұрыс жауап-1 ұпай. 4-сынып 1.Екі ғасырда неше жыл бар? 2.Ұзындықтың, енінің және биіктіктің көбейтіндісі нені табуды сұрайды? 3.Ұзындық пен енінің көбейтіндісі нені табуды сұрайды? 4.Мотоциклші сағатына 60 км жүріп,3 сағ. жолда болды.3 сағатта қанша км жол жүрді? 5.1-км қанша метр бар? 3-сынып. 1.1 тәулікте неше сағат бар? 2.2-ге қалдықсыз бөлінетін қандай сандар? 3.Ең үлкен үш таңбалы сан? 999 4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? 5.Төрт ондықтан құралған сан? 2-сынып. 1.Ең кіші үш таңбалы сан? 100 2.Екі нүктені қосса не шығады? (түзу) 3.1 сағатта неше минут бар? 4.Ұзындық өлшем бірліктерін ата? 5.Жеті ондықтан құралған сан?


2-бөлім
«Жүзден жүйрік» Әр топ 1 минут ішінде 5 логикалық сұраққа жауап беруі тиіс.Жауап бермесе ,келесі сұраққа өтуі тиіс.
1-топ.
1.7 майшам жанып тұр,4-уін сөндірсек неше майшам қалады? (4)
2.Камила 4 жаста,Жазира одан 2 жас кіші,ал Ержан мектепке барып жүр.Балалардың ең үлкені кім?Ең кішісі кім?
3.666 санын ешқандай матем.амал,есептеу қолданбай-ақ қалайша 999 –ға айналдыруға болады?
4.Екі санның қосындысы 8-ге,айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең.Олар қандай сандар?
5. Аңшы орманда жүріп қояндар ұстап алды.Оның дорбасынан 6 құлақ шығып тұр.Аңшы қанша қоян ұстап алды? (3)
2-топ
1.Отбасында 5 ер бала және әрқайсысының қарындасы бар.Отбасында неше бала бар?
2.4 әріптен тұратын ұзындық өлшем бірлігін ата? (метр)
3. «Ата,жасыңыз нешеде?»сұрағанда Қожанасыр ең кіші екі таңбалы санды,ең үлкен бір таңбалы санға көбейткенде ,оны халық біледі депті.Қожанасырдың жасы нешеде? (10*9-90)
4. Ауылда 4 күн,4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? (4)
5.50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5)
3-топ
1.Тышқан аулағышты бес әріппен басқаша қалай жазуға болады?
2.Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі екіге бөлінген ,үстелде неше алма жатыр? (4)
3.Торда 4 қоян бар.4 бала 4 қоянды әкетті,ал бір қоян торда қалды.Неге?
4.Үш сызықтан пайда болған фигура? (үшбұрыш)
5.12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
3-бөлім.
«Себетке алма жинау ойыны».Әр алмада есеп бар.Соны шешкен кезде ғана алманы себетке салуға болады.Себетке неше алма түссе және есептер дұрыс болса топ сонша бал жинайды.

4-бөлім. «Жұмбақ есептер»
1-топ.
1.Бес бұтақты ағашта,бұтақ сайын бес алма,
Біреуін бер Асанға,қалды сонда неше алма? (24)
2-топ.
1.Аулада 5 тауық,
Қорада үш тауық
Бір тауық жығылды,
Бір тауық тығылды
Қалды сонда неше тауық? (6)

3-топ.
1.Сөмкеңді ашып қарашы,
Барлық затты санашы,
Сиясорғыш,өшіргіш
Дәптерің мен қаламың
Қарындаш пен пеналың,
Және үйретер әріпке.
Жақын досың –Әліппе.
Нешеу болды барлығы? (7)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет