Зерттеудің әдіснмалық және теориялық негізі. Шығармашылық қабілетті зерттеу мәселесіне Л.С.Выготскийдің, А.Н.Леонтьевтің, Б.М.Тепловтың іс-әрекеттік ықпал және адамды тұтастай жүйеде қарастыратын концепциялары, шығармашылық ойлаудың дамуы – оқушыларға дидактикалық ұйымдастырылған қарым-қатынаста белсенділікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асатындығы туралы Матюшкиннің концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л.Л.Гурова, Д.Б.Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концепциялары, В.В.Давыдов, Н.А.Менчинскаяның проблемалық оқыту концепциясы, шығармасы – жеке адамның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары (К.Роджерс, А.Маслоу) негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер – Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, П.Я.Пономарев, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Дж.Рензулли, Э.Боно, Н.Н.Палагина, С.М.Жақыпов, Қ.Р.Рақымбеков, С.Қ.Бердібаева, М.О.Резванцева т.б. жұмыстары болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруге бір-бірін толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды: шығармашылық қабілет мәселесі бойынша еліміздегі және шетелдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, зерттеудің ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, шығармашылық қабілет пен интеллектінің даму деңгейін бағалауға арналған анықтаушы әдістері: Равен (А формасындағы) Д.Векслер, П.Торренс әдістемелері, жеке адамның дайын базалық ұғымдарда зерттейтін «Идеалды әрекетті бейнелейтін сана ерекшеліктері» әдістемесі (Н.И.Непомнящая, 1992) шығармашылық қабілеттің дамуын бақылау, талдауға байланысты әдістер: психологиялық эксперимент, бақылау, әңгімелесу, анкета. Зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу әдістері: Стьюденттің Т-критериясы, Спирменнің корреляциялық рангілеу коэфициенті, Пирсонның корреляциялық коэффициенті.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеуден алынған нәтижелерді педагогикалық тәжірибеде қолдану шығармашылық жеке адамды қалыптастыру мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады. Шығармашылық тапсырмалар мен ойындар мектеп тәжірибесінде балалардың мектепке даярлығын анықтауда және бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық жеке адам ретінде даму болашағын анықтауға қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеудің тәжірибе-эксперименттік базасы ретінде, Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданы, Тасқала орта мектебінің бірінші және екінші сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері алынды.
Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі балаларда шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша теориялық талдаудың тереңдігі және көлемімен, экспериментті-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау жүйесінің өзара байланыстылығымен және стандартты математикалық – статистика әдістерін қолданумен қамтамасыз етілді.
Достарыңызбен бөлісу: |