Мазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері



бет2/15
Дата21.05.2022
өлшемі426 Kb.
#35201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kur -bastauysh-mektep-oqushylarynyn-shygarmashylyq-qabiletinin-damuyn-jeksperimentaldy-zertteu

Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының (7-8 жас) шығармашылық жеке адам ретінде даму процесі.
Зерттеу пәні. Оқыту процесінде бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектісінің даму динамикасы.
Зерттеудің негізгі жорамалы. Жеке адамның шығармашылықты потенциалды дамуының бір белгісі – креативтіліктің дамуы интеллектуалды дамуға тәуелді болады, әрі шығармашылық іс-әрекетке деген орнықты мотивация дамиды.
Негізгі жорамал жанама жорамалдармен нақтыланды:

  • креативтілік – жеткілікті түрде жоғары дамыған интеллект негізінде дамиды, жеке адамның интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері (креативтілігі) өзара байланысты;

  • арнайы ұйымдастырылған оқу барысында объектіге деген шығармашылық таным сипаттамалары (синтездеуге деген бағдар тұтастық деңгейлері) неғұрлым жоғары болса, креативтілікте (шығармашылық қабілетте) соғұрлым жоғары болады.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалдарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

  • шығармашылық қабілет ұғымдарын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;

  • бастауыш мектеп оқушыларының творчестволық мүмкіндіктерін дамытуға негіз болатын – «шығармашылық қабілетті» бала моделін жасау және шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуші творчестволы ұстазды дамыту мақсатын көздеген оқу-практикалық жұмыстарын ұйымдастыру;

  • қазақ мектептеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды даму деңгейі мен творчестволық қабілетінің дамуын эксперименталды зерттеу;

  • шығармашылық қабілеттің нәтижелі болу белгілерінің бірі жеке адамның объектіге деген шығармашылық таным сиапттамаларын эмпирикалық зерттеу;

  • орыс тілдеріндегі шығармашылық және интеллектіні зерттеу тестерін қазақ бастауыш сынып оқушыларына арнайы арнып бейімдеу және нұсқау дайындау, оны қолданудың практикалық мүмкіншілігін бағалау. Соның көмегімен арнайы оқу жүйесін қалыптастырып, балалардың шығармашылық жеке адам ретінде дамуына ықпал ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет