Мазмұны кіріспе і–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық негіздері


Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар



бет14/29
Дата06.01.2022
өлшемі244,48 Kb.
#13245
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
курстық жұмыс Аяжан

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Өз іс-тәжірибемде өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар  «Сын тұрғысынан ойлау» және «Ойын арқылы оқыту» технологияларын сабақта қолданған тиімді. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

Дамыту ойындар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет