Мазмұны кіріспе і–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық негіздері



бет2/29
Дата06.01.2022
өлшемі244,48 Kb.
#13245
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Қазіргі Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік–экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, қоғамдағы білім беру ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуда қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.

Қазіргі жаһандану заманында білімсіз жарқын да толыққанды алдағы болашақты елестету мүмкін емес.Себебі, бүгінгі таңда кез-келген қызмет түрі,оны іске асыру біліммен қаруланған,іскерлігі мен кәсібилігін шыңдаған білгір маман болуды талап етеді.

Білімнің қайнар көзі-кітапта.Сондықтан да баланың білімге,оқуға деген қызығушылығын алғаш партаға отырып,қолына қалам ұстаған кезінен сәтті жүргізген жөн.Ең бірінші мұғалім оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттырудың жолдарын іздестіру керек..Бастауыш сынып- мектеп табалдырығын аттаған оқушының білім алу процесіндегі алғашқы қадамы,келешектегі жинақталар білім қорының іргетасы.

Мектеп қабырғасында мұғалімнің сабақты түсіндіруіне орай баланың пәнге деген қызығушылығы қалыптасады.Бүгінгі күні мектеп оқушыларын білім алуға ынталандыратын,оқуға деген қызығушылығын оятатын түрлі көрнекіліктер,ақпараттық-техникалық құралдар жетерлік.Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын жоғарлатуда әр ұстаз өзіндік тәсілдері бойынша сабақты түрлендіріп өткізеді..Негізгі мақсаттардың бірі- оқушылардың оқуға деген,пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.Бұл іс сабақ тақырыбының маңызы мен оның өмірге пайдасын оқушы терең түсіне білгенде,сабақ мазмұны ғылым жаңалықтары мен дәйектемелеріне бай болғанда ғана жақсы нәтиже бермек.Сондай-ақ сабақта ойындарды пайдалану,оқушылардың қабілеттерін дәл тауып,соны ары қарай дамытуға еңбек ету оқушының пәнге деген қызығушылығының артуына көмектеседі.

Мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмысы сабақ үрдісінен басталып,сонда жүзеге асып жатады десек,артық айтпаймыз. Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе.

Бастауыш сатыдағы кезең – оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушының оқу -әрекетінің тиімді меңгеруі нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы ортақ тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп жұмыс істейді.

.

Алайда, оқушылардың танымдық әрекеті мен қызығушылығын арттыруда оқыту процесінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді. Атап айтқанда, мұғалімдер оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырып, танымдық қызығушылықты дамытудың тиімді жолдарын қолдануда өздерінің дайындығының деңгейі төмен екенін мойындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет