Саналылық пен белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.
Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналықпен орындауы, олардың белсенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсінуі қажет. Мысалы: тіл сабақтарында грамматикалық ережелерді теория – тұрғысынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналылықпен игеруін көрсетеді.
Оқушылардың дүние танымын тереңдетуге, белсенділік сезімін оятуға ғылыми - техникалық даму кезеңіндегі оқытудың жаңа үдемелі әдістері мен формалары ықпал жасайды. Сонымен бірге саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттердің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстары да игі әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |