Мазмұны кіріспе і–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық негіздері


Оқыту принципінің мақсаттылық принципі



бет7/29
Дата06.01.2022
өлшемі244,48 Kb.
#13245
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Оқыту принципінің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін ірктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту – бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің, қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау. Оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.

Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл – ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.

Сонымен білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады. Бұл үш қатегория бірін – бірі өзара нығайтады, толықтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет