Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау



бет3/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі
Желілердің түрлері мен типтері
Есептеуіш желілері компьютерлік ақпараттық технологиялардың ары қарай дамуы болып табылады. Қазір есептеуіш желілеріне миллиондаған компьютерлер қосылған. Компьютерлік желілерді барлық жерден кездестіруге болады: үлкен-кіші мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде және т.б. Желінің басты мақсаты – бұл ақпаратпен бірігіп жұмыс жасау, яғни тасымалдау, айырбастау, өңдеу, т.с.с. Желілердің екі түрі бар:

  1. Жергілікті есептеуіш желісі - локальня вычислительная сеть (ЛВС) – Local Area Network (LAN);

  2. Жалпы есептеуіш желісі– глобальная вычислительная сеть (ГВС) - Wide Area Network (WAN).

Жергілікті есептеуіш желілері
Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір принтермен біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады. Бұл желілер жергілікті есептеуіш желілері (ЛВС-LAN) деп аталады.
Жалпы есептеуіш желілері
Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.
Ауқымды желілер - бұл хаттама жиынтығының бiртұтас байланысы үшiн пайдаланылатын желiлердiң, шлюздердiң, серверлер және компьютерлердiң бүкiләлемдiк бiрiгуi.
Ауқымды желілер - ақпараттар мен ресурстарға кең ауқымды пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сiз үйiңiзбен офистен шықпай-ақ, сонымен қатар Ирландияға, Австралияға және де басқа мемлекеттерге саяхат жасай аласыз. Интернетте университеттерден, үкiметтiк және әскери ұйымдардан немесе кiтапханалардан алынған ақпараттардың мол қоры жинақталған. Интернет желiсiн алғашқы дүниеге келтiрген АҚШ қорғаныс министрлiгiнiң ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) жүйесi болып саналады. Бұл жүйе коммутациялық пакет үшiн, тест ретiнде құрылған. ARPANET-те қолданып келе жатқан TCP/IP хаттамасы, бүгiнде интернетте пайдаланылады. Соңғы жылдары Интернеттi зерттеу қызығушылығы коммерциялық болып өзгердi. Бизнесте және күнделiктi өмiрде Интернетпен ай сайын мыңдаған қолданушылар хабарласады. Адамдар оның ресурстарын меңгерiп, ал компаниялар өздерiнiң жарнамаларын және өз өнiмдерiн сатуда жаңаша жол табады. Интернет арқылы сiз де ұйымдастырушы болып, желiлiк өнiмдер, технологиялар жайында және де өз мәселеңiздi шешуге хабарлама ала аласыз. Сiз бұдан спорттық, саяси жаңалықтарды, ауа райы және нарық жағдайы туралы ақпараттар табасыз. Интернет почтасымен байланысып, барлық тақырыптарды қамтитын, өзiңiзге керектi хабарламалар, каталогтар мен форумдар туралы бiле аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет