Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау


APPLE Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi



бет14/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

APPLE Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi.


OSI хатаммалар жиынтығы – бұл әрбiр хаттама жоғарғы деңгейдегi OSI моделiне сәйкес келетiн толық хаттамалар стегi. Яғни, олар маршруттық және транспорттық хаттамалар жиынтығы немесе IEEE Project 802 сеанстық хаттамалар жиынтығы болуы мүмкiн.
DEСnet - бұл Digatat Eguipment Conporation фирмасының жеке хаттамалар стегi. Бұл Digatat Net - аппараттар мен бағдарламалардың өндiрiстiк архитектураға өткiзу жиынтығы. DESnet-ті TCP/ІP және OSI хаттамасы ретiнде қолдануға болады.. Бұл хаттама маршруттық хаттамаға жатады.

Хаттамалар стегi


Хаттамалар стегi (protocol stack) - бұл кейбiр хаттамалар комбинациясы. Әрбiр деңгейдегi стек, әртүрлi хаттамалардың функцияларын немесе жүйе астын басқару үшiн қолданылады.

  • Қолданбалы деңгей - инициализациялау немесе сұранысты қабылдау;

  • Ұсынылатын деңгей - ақпараттарды пiшiндеу, бейнелеу, шифрлеу;

  • Сеанстық деңгей - пакеттiң жiберiлген уақыты бойынша графиктi ақпаратқа қосу;

  • Транспорттық деңгей - қателердi өңдеу үшiн ақпараттарды қосу;

  • Желiлiк деңгей - адрестiк ақпаратты және пакеттiң орны туралы ақпаратты қосу;

  • Арналық деңгей - қателердi тексеру және деректердi дайындау, физикалық бiрiктiрiп жiберу үшiн ақпараттарды қосу;

  • Физикалық деңгей - биттiң ағымы бойынша пакеттi жiберу.

Стандартты стектер
Компьютерлiк өндiрiсте сапалық стандарттық модельдегi хаттамалары ретiнде бiрнеше стектер зерттелген. Ең негiзгiлерi:

  • ISO / OSI хаттамалар жиыны;

  • IBM System Network Architecture SNA;

  • Digital DECnet;

  • Novell NetWare;

  • Apple Talk;

  • TCP / IP интернет хаттамаларының жиыны.

Бұл стектердiң хаттамалары өзiнiң деңгейiнде спецификалық жұмыстарды орындайды. Желiнiң iшiнде жатқан коммуникациялық хаттамалардың iшiнен үш типтi бөлiп алуға болады:

  1. Қолданбалы хаттамалар;

  2. Транспорттық хаттамалар;

  3. Желiлiк хаттамалар.

Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейдегi OSI моделiнде жұмыс iстейдi. Олар деректердiң бiр-бiрiмен ауыстырылуы мен өзара қозғалысын қамтамасыз етедi. Ең негiзгi белгiлi хаттамалар:

  • APPC (Advanked Program - to-Program Communication) - IBM фирмасының бiррангтi SNA -хаттамасы, көбiнесе AS/ 400-де қолданылады;

  • FTAM (File Transfer Access and Managment) - файлдарға қатынау OSI хаттамасы;

  • X.400 - CCITT электронды почта арқылы халықаралық алмасу хаттамасы;

  • X.500 - бiрнеше жүйедегi CCITT файл қызметтерi мен каталогтары хаттамасы;

  • SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) - электронды почтамен алмасу үшiн интернет хаттамасы;

  • FTP (File Transfer Protocol) - файлдарды жеткiзу үшiн интернет хаттамасы;

  • SNMP (Simple Network Management Protocol) - желi компаненттерi мен желi мониторинг үшiн интернет хаттамасы;

  • Telnet - өшiрiлген түйiндердi және оларда мәлiметтердi өңдеу, тiркеу үшiн интернет хаттамасы;

  • Microsoft SMBs (Server Message Blocks, сервердiң хабарлау блоктары) және клиенттiк қоршамдар немесе редиректорлар;

  • NCP (Novell NetWare Core Protocol) және клиенттiк қоршамдар немесе Novell фирмасының редикторы;

  • Apple Talk және Apple Share - Apple фирмасының желiлi хаттамалар жиыны;

  • AFP (Apple Talk Filling Protocol) - Apple фирмасының жойылған файлға қатынау хаттамасы;

  • DAP (Data Access Protocol)- DECnet желiсiнiң файлдарға қатынау хаттамасы;

Транспорттық хаттамалар компьютердегі аралық байланыстарды және сеанстарды, берiлген деректердi өзара алмасуына кепiлдiк бередi. Ең негiзгi транспорттық хаттамаларға мыналар кiредi:

  • TCP (Transmission Control Protocol) TCP/IP - деректердiң жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн хаттамалар;

  • SPX - IPX/SPX (Internetwork Packet Exchange / Sequential Packet Exchange) деректер үшiн Novell фирмасының тiзбектелген фрагменттi мәлiметтерi үшiн хаттамалар жиынының бөлiгi;

  • NWLink - Microsoft фирмасының IPX/SPX өткiзу хаттамасы;

  • NetBEUI [NetBIOS (Network Basic Input/Output System) Extended User Interface - қолданушының кеңiнен тараған интерфейсi] компьютер арасында қатынасты орнатады (NetBIOS) және (NetBEUI) жоғарғы деңгейге транспорттық қызмет көрсетедi;

  • ATP (Apple Talk Transaction Protocol), NBP (Name Binding Protocol) - Apple фирмасының транспорттық деректерi мен хаттамалар сеансының байланыстары.

Желiлiк хаттамалар байланыс жүйесiн қамтамасыз етедi. Бұл хаттамалар мекен-жай (адрес) және маршрут ақпараттарымен жұмыс iстейдi, қатенi тексеруге және сұрақтарды қайталауға мүмкіндік бередi. Сонымен қатар желiлiк хаттамалар нақты байланыс орталарында қолданылатын ережелердi анықтайды. Мысалы: Еthernet немесе Token Ring.
Ең жақсы танымал желiлiк хаттамаларға мыналар жатады:

  • IP (Internet protocol) –TCP/IP пакеті беретiн хаттамалар желiсi;

  • IPX (InternetWork Pocket Exchange) –бұл NetWore фирмасының пакеттерiн маршруттау үшiн тасымалдау хаттамасынан және NWLink - IPX/SPX Microsoft фирмасының өткiзу хаттамасынан тұрады;

  • Not BEVI – транспорттық хаттамасы, транспорттық мәлiметтердi сеанстық және NETBIOS қосымшаларын қамтамасыз етедi;

  • DDP (Datagram Delivery Protocol) – мәлiметтердi тасымалдайтын Apple Talk хаттамасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет