Бүгiн Интернеттiң дамуы өте зор, бiрақ қолданушылар оның қызметiнiң жиынтығын өз қалауынша сараптайды. Көбiнесе кең қолданылатын Интернет қызметтерiне мыналар жатады:
World Wide Web;
File Transfer Protocol (FTP) серверлерi;
Жаңалықтар;
Gopher;
Telnet.
World Wide Web World Wide Web (бүкiләлемдiк өрмек) - бұл Интернеттiң мультимедиялық қызметi, онда HTML (Hyper Text Markup Language-гипермәтiндiк құжаттарды дайындау тiлi) тiлiнде құрылған көлемдi гипермәтiндiк құжаттар сақталған. Гипермәтiн - бұл мәтiндi елестету әдiсi, бейне, дыбыс және көрiнiс барлығы бiр-бiрiмен қосалқы ассоциативтi желi арқылы байланысқан. Гипермәтiн форматы қолданушыларға мәтiндi кез келген ретте қарастыруға мүмкiндiк бередi. Одан басқа Интернетке саяхат жасауға көмектесетiн хаттамалар да бар, яғни ресурсты тауып, оны бiр компьютерден екiншiге жолдауға болады.
File Transfer Protocol (FTP) - бұл файлды және құжатты жiберу мүмкiндiгi бар хаттама. Онда желiмен жұмыс iстеу әдiсiнiң бiрi ретiнде жинақтайтын FTP-серверлерi болады. Мұндай файлдарға тiкелей байланысуға болмайды, тек FTP-серверлерiнен локальды серверге көшiру арқылы iске асырылады. FTP - бұл файлды TCP/IP - ортаға жiберу программасы. Ол OSI қолданбалы моделiнде жасалған. FTP - компьютерлер арасында файлдарды жiберу хаттамаларының iшiндегi ең көп қолданылатын хаттама. Ол мәтiндiк, сол сияқты екiлiк файлды да жiберуге мүмкiндiк бередi.
Жаңалықтар Network News Transfer Protocol (NNTP – жаңалықтарды тасымалдайтын желілік хаттама) – кең аумаққа таратуда арнайы жасалынған Интернеттiң стандартты хаттамасы. USENET – NNTP қолданудағы бiр бөлшегi. Бұл жерде жарнама тақтасы, әңгiме мен жаңалықтар бар. Network News өзiнiң бес мыңнан астам жүйедегi конференциясын ұсынады. Олар жаңалықтар тобы деп аталып, жылына 365 күн, тәулiгiне 24 сағат жұмыс iстейдi. Конференциямен жұмыс жасау үшiн Интернеттен арнайы бағдарламаны жазып алу қажет. Көптеген коммерциялық броузерлерде, сонымен қатар Microsoft Internet Explorer-де бұл бағдарламалар орнатылған. Network News пен e-mail арасындағы айырмашылық, ол Network News-те жаңалық тобы мен конференция тобындағы араласу жалпы түрде жүредi. Network News әрдайым барлық жаңа жаңалықтар мен жаңа мақалаларды ұсына отырып, өте тез жылдамдықпен жұмыс iстейдi.
Gopher FTP файлдарды тасымалдауда жақсы қызмет атқарады, бiрақ бұл хаттамада көптеген компьютерлерге таратылған файлдармен жұмыс iстеуге арналған құралдар жоқ. Сондықтан да сондай файлдардың тасымалдау жұмысын атқаратын Gopher жүйесi құрылды. Gopher жүйесiнiң мәзiрi арқылы қорлар тiзiмiн көрiп қана қоймай, керек материалдардың қай жерде орналасқанын бiлмей-ақ, ол материалдарды бiрден қабылдай аласыз. Gopher – FTP пен Telnet бағдарламалары сияқты жалпылама көру жүйесiнiң бiрi. Интернетте бұл кең таралған.
Telnet – Интернеттiң алғашқы хаттамаларының бiрi. Оны Интернеттiң өшiрiлген терминал хосты ретiнде пайдалануға болады. Интернеттiң хост-компьютерiмен байланыс кезiнде Сiздiң компьютерiңiздiң пернетақтасы мен дисплейi өшiрiлген компьютерге қосылған секiлдi жұмыс iстейдi. Сондықтан да жер шарының кез-келген жерiнде отырып-ақ, бағдарламаларыңызды қоса аласыз.
Барлық желілердің кейбір бөліктері, функциялары және мінездемелері ортақ болып келеді. Олардың құрамында:
Серверлер (servers) – бұл өз ресурстарын (қорларын) желілік қолданушыларға ұсынатын компьютерлер;
Клиенттер (clients) – серверлер ұсынатын желілік қорларды пайдаланатын компьютерлер;
Тасымалдау ортасы (media) – компьютерлерді біріктіру ортасы;
Біррангілі желілер Біррангілі желілерде барлық компьютерлер тең құқылы, яғни олардың арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген сервер (dedicated) жоқ. Бұл жағдайда әр компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қаралады. Басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап беретін арнайы бір компьютер жоқ. Қолданушылар компьютерлеріндегі қай мәліметтерді желі бойынша пайдалану керектігін өздері шешеді. Біррангілі желілерде көбінесе 10 компьютерден артық бірікпейді. Бұл желілердің тағы басқаша атауы бар, ол – жұмысшылар тобы (workgroup), яғни шағын қолданушылар ұжымы.
Сервердің негізіндегі желілер Біррангілі желілердегі компьютерлер клиент немесе сервер қызметін атқаратын болғандықтан оннан көп қолданушылар біріккен жағдайда бұл желіге берілген жұмыстың көлемін біррангілі желідегі қолданушылар басқара алмауы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда желілердің басқа түрін қолданады. Олар белгіленген сервердің негізінде жұмыс істейді. Белгіленген сервер, бұл – клиент ретінде немесе жұмыс станциясы ретінде қолданылмай, тек сервер ретінде ғана қолданылады. Желілердің бұл түрі желідегі клиенттердің сұранысын тез өңдеп, құжаттары мен бумаларын сақтауды жоғарылатады. Желілердің өлшемінің желілік график көлемінің өсуіне байланысты серверлердің де саны өседі. Бірнеше серверлердің болуы, ол әрқайсысына берілген тапсырмалардың тиімді орындалауын қамтамасыз етеді. Әрбір сервердің алдына қойылған тапсырмаларды орындау әртүрлі қиындық туғызады. Серверлерді қолданушылардың қазіргі талаптарына сәйкес болу үшін үлкен желілерде олардың әрқайсысын серверлердің түріне арнайды. Мысалы, Windows NT желісінде әртүрлі серверлер жұмыс істеуі мүмкін:
Файлдар мен басып шығару сервері – бұл серверлер қолданушылардың файл және принтерлермен қатынасын басқарады;
Қосымшалар (приложения) сервері – бұл жерде клиент-серверлер қосымшаларының қолданбалы бөлігі орындалады, сонымен қатар клиенттерге қажетті мәліметтер орналасады;
Почталық сервер – желідегі қолданушылар арасында электронды почта ақпараттарын тасымалдауды басқарады;
Факс сервер – бір немесе бірнеше факс модемдердегі кіріс және шығыс факстық ақпараттарды реттейді;
Коммуникациялық серверлер - өз желісі мен басқа желі арасындағы модем мен телефон желісі арқылы өтетін мәліметтер мен почталық ақпараттарды басқарады;
Каталогтардың қызмет сервері – қолданушыларға қажет серверлер туралы мәліметтер орналасады, желіде ақпараттарды сақтауға және қорғауға көмектеседі. Windows NT Server компьютерлерді логикалық топта – доменде (domains) біріктіреді, яғни әр қолданушыға желі қорларымен жұмыс істеуде әртүрлі (бірдей емес) мүмкіндіктер береді.
Аралас желілер Біррангілік және сервер негізіндегі желілердің жақсы сапаларынан құрылған желілердің аралас түрі бар. Көптеген қолданушылардың айтуы бойынша осы аралас желілер жұмыс істеуде қазіргі талаптарды қанағаттандырады. Аралас желілер – желілердің кең тараған түрі.