Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау



бет5/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
kur -kompjuterlik-zheliler-turaly-zhalpy-tuinik (2)

Желілер топологиясы
Топология (topology) термині немесе желілер топологиясы компьютерлердің, кабельдер мен басқа да желі құрылғыларының физикалық үйлесуін (компоновка) білдіреді. Топология желілердің базалық схемасын суреттейтін стандартты термин. Сонымен қатар топология желідегі компьютерлердің қатынасын анықтайды. Бұл терминнен басқа желілердің физикалық үйлесуін білдіретін мынадай ұғымдар бар:

  • Физикалық орналасу;

  • Үйлесу;

  • Диаграмма;

  • Схема.

Барлық желілер үш базалық топология негізінде құрылады. Олар:

  • шина (шина - bus);

  • жұлдыз (звезда - star);

  • сақина (кольцо - ring).

Егер компьютерлер бір кабельге (сегментке- segment) бойлай қосылған болса, онда топология шина деп аталады. Ал, егер компьютерлер бір нүктеден шығатын кабель сегментіне (концентратор- hub) қосылса, ол топология жұлдызша деп аталады. Егер кабельге қосылған компьютерлер сақина болып шоғырланған болса, онда ол топология сақина тәрізді деп аталады.
Базалық топологиялардың өзі негізінде қиындық туғызбайды, бірақ практикада осы топологиялардың кейбір қасиеттері мен орналасуынан құрылған қиын түрі аралас топология деп аталады.
Шина топологиясын көбінесе сызықтық шина (linear bus) деп атайды. Мұнда барлық компьютерлер қосылған магистраль немесе сегмент деп аталатын бір ғана кабель қолданылады. Бұл топология ең қарапайым және желілер арасында кеңінен тараған түрі болып табылады. Шиналы топологиялық желіде компьютерлер мәліметтерді электрлік сигнал ретінде кабель арқылы белгілі бір компьютерге жібереді. Шиналы топологиядағы компьютерлер қатынасын білуде мына ұғымдар кездеседі:
-сигналдың берілуі – мәліметтер желінің барлық компьютерлеріне электрондық сигналдар түрінде беріледі, бірақ ақпаратты осы сигналға сәйкес алу адресі бар компьютерлер қабылдайды;
-сигналдың таралуы – электрондық сигналдар бір кабельдің соңынан келесі кабельге таралады, кейде сигналдар кабельдің соңына дейін таралуда кейбір компьютерлердің ақпараттарына бөгет болуы мүмкін;
-терминатор – электрлік сигналдарды тарату үшін әрбір кабельдің соңына осы сигналдарды қабылдап тұратын терминаторлар (terminators) орнатылады.
Шина - бәсеңдеу (пассивный) топология. Яғни, мұнда компьютерлер желілер арқылы берілетін мәліметтерді жіберушіден алушыға қарай орналастырмай, тек тыңдайды. Сондықтан егер желіден (қатардан) компьютерлердің біреуі шығып кетсе, желілер жұмысы ілгері қайтарылмайды. Ал, белсенді (активный) топологияда компьютерлер сигналдарды реттеп, оны қайтадан желі бойынша жалғастырып жібереді.
Жұлдыз тәрізді топологияда барлық компьютерлер кабель сегменттерінің көмегімен ортақ құрылғы – концентраторға (hub) қосылады. Мәлімет берілетін компьютерден сигналдар концентратор арқылы басқаларына таратылады. Бұл топологияда желілерге қосылу компьютерлердің барлығына бірдей. Егер де ортақ құрылғы желіден шығып кетсе, онда барлық желінің жұмысы тоқтатылады. Ал, ортақ құрылғыдан бір ғана компьютер шығып кетсе, бұл жағдайда қалған компьютерлер өз жұмыстарын жалғастыра береді.
Сақина тәрізді топологияда компьютерлер кабельге дөңгеленіп (шоғырланып) орналасады. Сондықтанда кабельдің терминатор қоятын бос орны болмайды. Сигналдар бір бағытпен сақина бойында әр компьютерге беріліп отырады. Бұл топологияда егер бір компьютер желіден (қатардан) шықса, онда бүкіл желінің жұмысы тоқтатылады.
Аралас топологиялар
Қазіргі кезде компьютерлерді желіге қосуда аралас топологиялар кеңінен қолданылып жүр. Бұл топология шина , жұлдыз және сақина тәріздес топологиялардың кейбір орналасу тәртібімен бірігіп құрылған.
Жұлдыз – шина (star - bus) топологиясы шина мен жұлдыз топологиясының бірігуімен құрылған. Мұнда жұлдыз топологиясынан бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен.
Жұлдыз - сақина (star - ring) топологиясының жұлдыз-шина топологиясына аздап ұқсастығы бар. Алдыңғы және осы топологияда да компьютерлер концентраторға қосылады. Екі топологияның айырмашылығы жұлдыз-шина топологиясында концентраторлар сызықтық шина магистралына бірігеді, ал жұлдыз-сақина топологиясында барлық концентраторлар жұлдыз тәрізді болып бас концентраторға біріккен. Сақина бас концентратордың ішінде іске асады.
Топологияны таңдау
Топологияны әрбір желі үшін олардың көптеген факторларына байланысты таңдау қажет. Төмендегі кесте топологияны таңдауда көмек тигізеді.


Топология түрі

Артықшылығы

Кемшілігі

Шина



Кабельді пайдалану тиімді. Тасымалдау ортасын пайдалану қиын емес және қымбат емес.
Қарапайым және сенімді, жеңіл кеңейеді.

График көлемінің өсуіне байланысты желілердің өткізу қабілеттілігі төмендейді. Кабельдің желіден шығып кетуі
көптеген қолданушылардың жұмысын тоқтатады.

Жұлдыз



Желіге жаңа компьютерлерді қосуда оңай орналастыруға болады. Ортақ тексеріліп және ортақ басқарылады. Бір компьютердің қатардан (желіден) шығуы бүкіл желінің жұмысына әсер етпейді.

Ортақ түйіннің қатардан шығуы барлық желіге кедергі болады.



Сақина

Барлық компьютерлердің кіру мүмкіндігі бірдей. Қолданушылардың саны мәліметтер қорына әсерін тигізбейді.



Бір компьютердің қатардан (желіден) шығуы бүкіл желіге әсерін тигізеді. Бір компьютер желісінің конфигурациясын өзгертуде барлық желінің жұмысын тоқтатуға тура келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет