Мазмұны кіріспе негізгі бөлім



бет3/14
Дата16.10.2023
өлшемі56,83 Kb.
#115548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ халқының ұлттық киімдері (копия)

Шошақ төбе тымақ – төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады.
Түлкі терісі, пұшпағы және қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтың мандай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құралады. Оны қай жастың адамы да кие беруіне болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы несінің жас ерекшелігіне сай таңдалып алынады. Үш құлақ тымақты алдын ала дайындал- ған бөлек үлгі бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді [Халел. Н. «Ұлттық мирас»].
Жекей тымақ – жаз бен күзде киетін әрі сәнді, сәнді де жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі. «Жекей» сәнді деген мағынаны білдіреді. Оның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы жібек маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түсіріп, кейде алдыңғы бір жақ құлағын алға келтіре шекеге түсіре киеді (Касиманов).
Құлақшын
Ерлердің баскиімі. Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б. аң терілері мен бұзау, құлын, қозы-лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірнеше сайдан тұратын үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп, керіп қояды.
Малақай
Малақай да аң терілері мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігілген ерлер, соңғы кездері әйелдер де киіп жүрген баскиім. Малақай мандайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады. Малақайдың ішкі жағына мақтаны жұқа күсіп немесе жүн салып астарлайды да екінші бетін бидай шүберекпен сырып тігеді.
Бөрік
Ерлер де қыздар да киетін баскиім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген.
Қамқаның бөрік кидім қиығынан,
Біреуге, біреу күлер миығынан...
Басында түлкі бөрік түбіттелген
Боларма сенен артық жігіт деген. Сермейсің жел сөз десе емін-еркін. Басыңа жарасымды камшат бөркің, - деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден байқайтынымыз оның бөрікті ерлер де, қыздар да кигенімен қазақта «бөріктінің намысы бір» деуден оның көбіне еркектерге тән баскиім екендігін көрсетеді. Бөріктің төбесі көбіне төрт сай немесе алты сай болып келеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары үшбұрыш тәрізді етек жақтары тік төртбұрыш болады. Осы қиындылардың бір бетіне шүберектен астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Содан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін өбістіріп, ішінен де сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталармен тыстайды. Сырты неше сай болса, іші сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегі жай матамен астарланып, тігіледі. Жиектері яғни төменгі жағы (түрмесі) төрт елідей бағалы аң терілерімен кейде қозы терісімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкеріледі. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде тері астына қосымша жүн тығып жұмыр етіліп жасалады. Көмкерілген тері түрлеріне қарай кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет