Мазмұны кіріспе негізгі бөлім



бет7/14
Дата16.10.2023
өлшемі56,83 Kb.
#115548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Қазақ халқының ұлттық киімдері (копия)

Әйелдердің сырткиімдері
Қазақ әйелдерінің сырткиімдері көбінесе өрнекті матадан немесе жібектен, мақпалдан, дүриядан тігіледі. Әйелдердің сырткиімінің үлгісінде еркектердің киіміне ұқсас үлгілер көп. Қамқа тон, шапан, тайжақы, күпі, қамзол, бешпент қыз-келіншектерде де бар. Бірақ оларға арналған сырткиімдердің мәнері биязы, әшекейі мол болады. Көркем, қымбат бағалы кездемелер және сирек кездесетін аң терілерінен тігіледі. Сондай-ақ тек әйелдерге ғана тән мынандай киімдер де бар.


Қырмызы тон
Қазақ халқының ұлттық киімі қыз-келіншектерге арнап қызыл масатыдан тігілетін қаптал шапан. Оның жаға-жеңіне құндыз ұстап, екі өңірі мен жеңінің ұшын алтын немесе күміс зермен (кейде екеуін де араластырып) кестелейді. Қырмызы тон ерте кезде ұзатылатын қаздарға арнап тігіліп, жаңа түскен келіннің басты жасауларының бірі болып есептелген. Қырмызы тон- ды қамзолдың немесе қималы шапанның сыртынан киеді.


ІШКИІМДЕР
Қазақ киімдері қолдану аясына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі ішкиімдер. С. Қасиманов ішкиімдерге – көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекейлерді жатқызған.


Қамзол
Қамзол – ХѴІ-ХІХ ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер XIX ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерді атқаратын киім. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындармен (сөлкебай) әшекейленген, бойтұмар қадап, әртүрлі әткеншектер ілген.
Бір түсті қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға, мауыты, кейде гүлді маталар әйелдердің жас ерекшелігіне қарай таңдалған. Дегенмен, жасқа қарай матаның түсі өзгеріп отырған, жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті матадан, орта және одан жоғары жастағылар көк, жасыл, сарғыш түсті матадан тігеді. Қамзолдың үшкілдеп қиық шабылған етегі кең пішіледі. Екі өңіріне, жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі, түйме орнына күміс қапсырмалар тағылады. Өңіржиек, алқа, тұмарша, шолпы, моншақ, тұмар, түйреуіш, үкіаяқ, т.б. алтын, күміс әшекейлер тағылады. Ер адамдар киетін қамзолдар көбіне безен дірілмеген. Пішіміне қарай қазақы қамзол, қынай бел қамзол, тірсек қамзол деп түрліше аталады. Қамзолдың жүн тартылып, аң терісінен астарланып тігілетін түрлері де кездеседі. Қыз-келіншектер қамзолмен бірге киетін такия, етіктерінің өңдерін бірыңғай етіп тандап киген Алқалар, кемербелдіктер де қамзолдармен тамаша жарасым тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет