Мазмұны Кіріспе Тест құру теориясы мен әдістемесі


Информатика курсы бойынша білімді бақылауды



бет4/13
Дата24.05.2022
өлшемі0,67 Mb.
#35486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2. Информатика курсы бойынша білімді бақылауды
автоматтандыру
2.1. "ТЕSТ" -компьютерлік бақылау жүйесінің жұмыс істеу
принциптері
Тестің көмегімен оқушының білімі, біліктілігі мен дағдысын автоматты түрде бақылау педагогтардың назарына бақылаудың пәрменді, әділ және шапшаң түрі ретінде ілігіп отыр. Оқушының білімі, біліктілігі мен дағдысын бақылауда кмпьютерді пайдаланудың ролі өте зор, компьютер бақылау құралы ретінде мұғалімді шығармашылық сипаты жоқ жұмыстан босатады, оқытудың тиімділігін жоғарылатады, әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарауды қамтамасыз етеді.
Тестілеуде компьютерді қолдану, біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден, бақылау нәтижесі неғұрлым әділ болып, оқушылардың материалды игеру және білім деңгейін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білімге деген ынтасы артады. Тестілеу бағдарламасы оқушыларға көзбен көріп, есте сақтау арқылы белгілі бір пәннен білімдерін жүйелеуге және материалды жеңіл игеруге көмектеседі. Әрбір оқушының қиын сұрақтарға қайтып оралуға, дұрыс жауап беруге, нәтижелерін өз бетінше талдауға мүмкіндігі бар. Дәстүрлі әдістеме негізінде осындай қысқа мерзімде оқушылардың белсенділігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Қазіргі кезде компьютерлік-бағдардағы педагогикалық тестілеу білімді ақпараттандыру мәселесінің өң бір өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, алайда программалық базаның нашарлығы қиындық туғызып отыр. Сондықтанда компьютерді программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретіндей программаға сұраныс пайда бола бастады. Бір жағынан, жаппай компьютерлендіру жағдайында тестілеу программасына сұраныстың артуы, екінші жағынан тестерді құру төхнология-сының жөткіліксіз дамуына байланысты қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін құру өзекті мәселеге айналды. Қазіргі кезде білімді бағалауды автоматтандыруға мүмкіндік беретін, қолданылу шарттары әртүрлі, әртүрлі тақырыптарға арналған тестілеу программасының қабықшалары құрыла бастады. Өкінішке орай, белгілі бір контингентке байланысты мұндай тестік программалар тестің сенімділік және нақтылық деңгейін үнемі қамтамасыз ете бермейді.
Жалпы тестілеу программасына төмендегідей талаптар қойылуы тиіс:

  1. Программаның қосылуы жеңіл болуы керек.

  2. Тест қолданушыға өзінің жұмыс бастау және сұрақтарға жауап беру

  3. тәртібін түсіндіруі керек.

  4. Оқушыны сынап, соңынан баға қойылуы қажет.

  5. Оқушыға қате жіберген сұрақтарын және сұрақтарға дұрыс жауаптарын көрсетуі керек.

  6. Тест сұрақтары оңай алмастырылуын қамтамасыз ету керек, яғни олар әмбебап сипатта болу керек.

  7. Соңынан жауап хаттамасы экранға шығарылуы керек.

Білімді бақылаудың программалық жүйесі қабықшасымен жұмыс істеудің мынадай артықшылықтары бар:
1) оқушы оқытудың субъектісі болып табылады, яғни программа одан осы процесте белсенді қатысуын және белсенді меңгеруін талап етөді;
2) табиғи қалыпта оқушының жұмыс істеу шапшаңдығына ұтымдылық сипат береді.
Мен бұл жұмыста оқушының білімін бақылау мақсатында қолданушыға өз тестік программасын құруға мүмкіндік беретін "Теst деп аталатын тестілік программалау жүйесі қабықшасын жасадым. Бұл программа 7-сынып информатика пәні бойынша жүргізіледі. Оқулықта төмендегідей 8 бөлім қамтылған:

  1. Адам. Ақпарат. Компьютер.

  2. Компьютердің ақпараттық құралдары.

3.WLNDOWS 98 -дің операциялық жүйесі.

  1. РАІNТ графикалық редакторы.

  2. WORDPAD мәтіндік редакторы.

  1. Блокнот және калькулятор бағдарламалары.

  2. Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері.

  3. Компьютерлік желілер.

Бұл бағдарлама Delphі тілінде қүрылған. Delphі - ортасы программист жұмысын сапалы жасауына көмектесетін аса күрделі механизм және Паскальдің бағдарланған программалау құрал-жабдықтарының жалғасы болды.
Бұл Windows жүйесіндегі ең қолайлы программалау ортасы.
Жасалынған бағдарлама 5 формадан тұрады:

  1. Тест. Тестілеу ережесімен танысу формасы.

  2. Бөлімдер формасы.

  3. Жауаптардың таңдалған, тандалмағанын көрсететін форма.

  4. Баға нәтижесін шығару формасы.

  5. Тіркеу формасы.

Жұмыс істеу ережелері төмендегідей жүргізіледі:
- таңдау» батырмасын басу
Тест 5 бөлімнен тұрады. Таңдағаннан кейін тестілеу терезесі шығады. Жауаптарын төмендегі А, Б, В, Г, Д батырмаларын басу арқылы таңдайды.
«алға» және «кері» батырмаларын басу Бұл қадам сұрақтарға өту әрекетін жүргізеді.
«қорытынды» батырмасын басу
Тест қорытындысы барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін ғана шығады. Егер сіз барлық сұрақтарға толық жауап бермесеңіз, сізге хабарлайды. Тест бағасы шыққаннан кейін өзіңіздің тілегіңіз бойынша тестілеуді қайтадан бастауыңызға болады. Шығу үшін
-«шығу» батырмасын басу.
Қорыта келгенде, компьютердің көмегімен тест жүргізу оқушылардың жұмыс істеуіне, бағаның объективті қойылуына, оқытушылардың жұмысының жеңілдеуіне, материалдың дүрыс өтілмегенін талдауға мүмкіндік береді
**********


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет