Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет62/133
Дата14.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#39028
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   133
Байланысты:
Мазм ны кіріспе

3. СҦЛТАНМАХМҦТ ТОРАЙҒЫРОВ 
(1893-1920) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
Ұлтымыздың ұлы ақындарының бірі, қазақ поэзиясының Абай, 
Шәкәрімнен кейінгі ірі тұлғасы – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ақынның 
ұрпаққа ӛсиет етіп қалдырған ой-толғамдары – ұлтын ӛрге сүйреуді мақсат 
тұтқан, елінің ертеңін ойлаған ұлы мұраттардан жаралған мәңгілік ӛшпес 
асыл мұра.
С.Торайғыров – белгілі бір таптың не топтың ғана жоқтаушысы емес, 
бүкіл ұлтқа ортақ ой қозғап, халқының бірлігі мен тұтастығын аңсап, соны ӛз 
шығармашылығына 
басты 
нысана 
еткен 
ақын. 
Сұлтанмахмұт 
шығармашылығы туралы айтқанда, ақын творчествосын түбегейлі зерттеген 
ғалым Б.Кенжебаевтың пікіріне сүйенбеу мүмкін емес. 
“… Сұлтанмахмұт шығармаларының жалпы жиыны тек әдебиет 
дамуының сүрлеуін, кезеңін ғана кӛрсетіп қоймайды, сонымен бірге ол 
Қазақстанның сол замандағы қоғамдық ой дамуының да тамаша зор белесі 
болып табылады”
33
– дейді ғұлама ғалым. Ендеше Сұлтанмахмұт поэзиясы 
арқылы қазақ халқының ақындық ӛнері, әдеби ӛрісі жаңа бір белеске кӛ-
терілді. 
Қазіргі уақытта С.Торайғыров мұрасына жаңаша кӛзқарас биігінен қарау 
мүмкіндігі туып отыр. С.Торайғыровқа кезінде “байшыл-ұлтшыл”, 
“алашордашыл”, жазушы “ұсақ байшылдық толқудағы ақын” деген түрлі 
айыптар тағылып келуі – ақын мұрасын толыққанды зерттеуге мүмкіндік 
бермей, оған біржақты қарауға, кейбір туындыларын еріксіз елемеуге әкеп 
соқты. Сӛйтіп ақын болмысы толымды тұлғасымен кӛріне алмады.
С.Торайғыровты танудың негізі 1920 жылдары басталғанымен, 1930 
жылдары біршама қырын қарауға душар болып, зерттеушілер түрлі 
қайшылықтарға ұрынды. 
Ақын шығармашылығы тек елуінші жылдары ғана жан-жақты да 
түбегейлі зерттеле басталды. 
Дәл 
осы 
кезеңде 
Сұлтанмахмұттануға 
ақын 
шығар- 
машылығын зерттеуге жарты ғұмырын арнаған профессор Б.Кенжебаев 
қомақты үлес қосты. Оның “Сұлтанмахмұттың ақындығы” (1949), 
“Сұлтанмахмұт Торайғыров” (1957), “Асау жүрек” (1968) сияқты күрделі 
еңбектері осының айғағы. Сұлтанмахмұт мұрасының әр қыры мен 
проблемалары 
Ы.Дүйсенбаев, 
М.Қаратаев, 
Д.Әбілов, 
С.Қирабаев, 
М.Базарбаев, 
Т.Кәкішев, 
Ә.Дербісәлин, 
Б.Шалабаев, 
А.Нұрқатов, 
Т.Әбдрахманов т.б. ғалымдардың зерттеулерінде әр арнада қарастырылды. 
44
Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыров. –Алматы, 1957.- 40 б. 


181 
Шындығын айтқанда, ақынның мол әдеби мұрасын тірнектей жинап, 
жинағын әзірлеп, Сұлтанмахмұттанудың бастауын салған ұлтымыздың ұлы 
тұлғаларының бірі – Ж.Аймауытов болатын. Оның ой-пікірлері 
Сұлтанмахмұт шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі алар 
орны мен ӛзіндік жаңашылдығына баға беріп, ӛзіндік ерекшелігін тануға зор 
үлес болып қосылды. 
Кейінгі зерттеушілердің ішінде Арап Еспенбетовтың “Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың шығармашылық ӛмірбаяны” деген тақырыпта қорғалған 
докторлық диссертациясы және “Сұлтанмахмұт Торайғыров” монографиясы 
– уақыт талабына толық жауап беретін соны зерттеулердің бірі. 
С.Торайғыров мұрасының затына лайық қадір-қасиетін уақыт талабына 
сай қарастырып, ақынның сан-салалы шығармашылығының “ақтаңдақ” 
қырларын ашып, творчествосын түбегейлі түгендеген еңбек осы болды.
С.Торайғыров – ӛзінің қысқа ғұмырында әдебиетке ӛлмес дүниелер қосып 
кеткен, асыл сӛзі ұлтымен мәңгілік бірге жасайтын нағыз тума талант, 
шынайы дарын. Сондықтан да ақындық ӛнерпаздығы тылсым сырға толы, 
оқыған сайын, қайта оралған сайын жаңа қырынан кӛрініп, кӛкірек кӛзіңді 
ашып, ойыңа ой қосатын ақынның ой мен сезімді тоғыстырған мӛлдір 
поэзиясы қашанда жаңашылдықпен қарауды талап етеді. 
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылдың қазанында Кӛкшетау облысы 
Қызылту ауданында дүниеге келген. Ӛзіне фамилия етіп алған Торайғыр – 
Сұлтанмахмұттың тӛртінші атасы. Ағайынды Шоң, Торайғыр деген атақты 
билер – қалың қазақ жұртына танымал болған адамдар. Ақын сондықтан да 
елге танымал осы тарихи тұлғаның атын ӛзіне фамилия етіп алған болу 
керек. Ӛз әкесі – ел Шоқпыт атап кеткен, Әбубәкір деген кедей-шаруа. Ол 
мұсылманша хат таныған. Шешесі Зүплен ерте қайтыс болып, Сұлтанмахмұт 
әжесі Мӛнтайдың тәрбиесінде ӛскен. 
Әкесі Шоқпыт 1896-1897 жылдары туған жері Баянауылға кӛшіп келіп, 
Торайғыр кӛліне таяу жерге қыстау салып, сол жерге тұрақтанады. Болашақ 
ақын алғашқы сауатын әкесінің оқытуымен ашады. Алты жасында хат 
таныған Сұлтанмахмұт бұл туралы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет