Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет132/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Мұңың, зарың, білем бірге, 
Бірге екеуіміз жылайық
Қарық болсын жауыз дүние, 
Кӛз жасымен бұлайық. 
Бізді естіп келсін жел де, 
Зарын бізге естіртсін. 
Зарласын да ерсін бізге
Жердің жүзі естісін. 
 
Ойла, мұңдан, жырла, долдан, 
Қызғанбалық, ӛтсін күн. 
Сенсіз, менсіз, желсіз, жырсыз 
Бұл жалғанның кӛркі кім? 
 
“Жас  теректің  жапырағы”  ӛлеңінен  жаратылыспен  жанын  жанастырып 
тазартқысы  келген  ақынның  пәк  табиғатын  танимыз.  Осы  ӛлеңнің  әр  жолы 
ақын жанының нәзіктігін, нұрлылығын танытады.  
Ақынның ендігі бір топ ӛлеңі ӛлім мен ӛмір, ақын мен тағдыр арпалысына 
бағышталған.  Соның  бірі  “Алшы,  тәңірім,  алшы,  ал!”.  Бұл  ӛлеңде 
бірқарағанда жалғыз қалу, жүрекке қан толу, жұлдызы сӛну, ерке кӛңілі мұң 
құшу, шабытты жыры – зарға айналу сияқты сынық кӛңілдің торығуы басым 
секілді.  Алайда  Мағжанның  “Мені  де,  ӛлім,  әлдиле”  ӛлеңімен  сарындас 
болып келетін мұндай ӛлеңдерінде ақын қайғы-мұңға батудан кӛрі, биік рух 
күшін танытады. Мұнда болашаққа деген сенім бар. Сондықтан бұл ӛлеңнің 
бүкіл болмысында күйректіктің белгісі жоқ.  
 
Берсең ертең жаңа жан
Жаралайын жаңадан, 
Жарқырайын жанайын… 
 
Немесе 
 
Отты жүрек, жаңа жан 
Бер жасаған жаңадан 
Қайта тілге келейін. 
Жел боп тынбай гуілдеп 
Ұшырағанға күбірлеп 
Әділдік айтып кӛрейін. 
 
“Ойла-ойла…”  мен  “Қараңғы  түн,  алдымда  түр  шам  жанып”  деп 
басталатын ӛлеңдері де “Алшы, тәңірім, алшы, ал” ӛлеңімен сарындас. 
“Бернияз ӛмір мен ӛлім мәселесін үнемі сӛз етіп, олар жӛнінде ӛз ойларын 
жасырмай  тереңнен  толғап  отырумен  бірге,  кейде  тура  баспай  жұмбақтап 


313 
 
кететін  мезеттері  де  ұшырасады”
86
  –  дейді  ғалым  Ы.Дүйсенбаев.  Мұның 
себебі  қандай,  оның  астарында  не  жатқаны  қазір  бізге  белгілі.  Ӛйткені 
Бернияз  –  замананың  сырын  ұққан,  уақытпен  үндесе  білген  ақын.  Ол  – 
ӛмірдің аумалы тӛкпелі тұсын тап басқан жан. 
Ақын  поэзиясының  жетістігінің  бірі  –  ақын  біткенге  ортақ  тақырып  – 
махаббат  сезімін  ӛз  лирикасында  биік  ӛреге  кӛтергендігі.  Бұл  тақырып  – 
Бернияз поэзиясының басты желісі. Бұндай ӛлеңдерінің тақырыптық сипаты 
бір-бірімен ұқсас.  Бірақ  басқа  ақындарға  қарағанда  Бернияз  бұл  тақырыпты 
ерекше  бір  шабытпен,  асқан  шеберлікпен  үйіріп,  жүрек  қылын  тербете 
жырлайды.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  ӛз  тұсындағы  ақындардан  оқ  бойы  озық 
тұрады. Әрине, Мағжаннан басқа. 
“Таң  алдында”  ӛлеңінде  ақын  лирикалық  қаһарманның  жүрегіндегі 
махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін табиғаттың әсем де сұлу сырлы суретімен 
астастырып  жеткізген.  Таң  алдындағы  тамылжыған  сұлу  табиғат,  кӛктегі 
жұлдыздардың  бірінен  соң  бірі  сӛнуі,  ару  айдың  батып  бара  жатуы,  жасыл 
мақпал  жамылған  жердің  тыныштықта  тыныс  алуы  бәрі-бәрі  тоғыса  келіп, 
ақынға  қимастық  бір  сезім  сыйлайды.  Сол  сезімнен  сұлу  жыр  туады.  Ақын 
кӛкірегіндегі  тәтті  қуаныштың  алауы  шығыстағы  таң  шапағының  арайымен 
астасып, жүректен құйылған, сӛзбен салынған сұлу да ғажайып сурет түседі 
ӛлең жолдарына. 
 
Кӛк жиегін қызыл алтын қаптады
Аспан бетін алсұр сәуле аптады. 
Желсіз түнде жымыңдасқан жұлдыздар
Кӛрінеді кәміл тегіс батқаны. 
 
Ойды қозғап, бойды алады таңдағы, 
Бозторғайдың жүз құбылған сайрағы. 
Ішке түскен ыстық жүрек дертімен, 
Қайғы-зарды қоздатады қайдағы. 
 
Түн мен Күннің алмасар сәтіндегі табиғат құбылысына куә боп, екі ұдай 
күйге  түскен  ақын  әсем  кӛрініске  елжірей  тұрып,  жүрек  түкпіріндегі  сезім 
қылын  шертеді.  Сүйгені  ойға  оралып,  махаббат  отына  күйіп  жанған  жас 
жүректі бір мезгіл күдікті ойлар мазалап, алып ұшқан кӛңілді мұң торлайды. 
Әйтседе,  әсем  түн,  атқан  таң,  күлімдеп  келген  күн,  табиғаттың  осы  бір 
ӛзгерісі ақын жүрегіне қуаныш құйып, жігер бергендей. Серпіліп кетіп, серт 
бергендей  болған  лирикалық  қаһарман  сүйгенінің  жанын  түсінеріне  сенім 
артады.  
“Шын  сұлуға”  деген  ӛлең  ғашық  жарға  деген  ұлы  сезімді  аялауымен 
әсерлі.  Сүйген  жүректің  ыстық  ықыласы  мен  отты  сезімін  паш  ететін 
кӛтеріңкі  кӛңіл  күйге  құрылған  әсем  лирика  –  бұл.  Ақын  бір  сәт  сүйіктісін 
ұжмақтағы  хор  қызы,  періштелерге  теңеп,  небір  асқақ  теңеулер  арқылы 
                                                 
86
 
Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. – Алматы, 1970. – 176 б. 


314 
 
барша жаратылыс пен ғаламды оған бас игізіп, тамансандырып,  табындырып 
қояды. Ақын үшін сүйіктісі – ең таза, ең пәк жан, үлкен құдірет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет