318
ерекшелігі бар екені айқын. Соңғы бағыт ӛкілдері болып табылатын
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың ізін баса әдебиетке келіп,
солардың әдебиеттегі бағытын нық ұстанған және одан айнымаған ақынның
бірі – Бернияз Күлеев. Ол ел азаттығын ӛз шығармашылығына арқау етіп, сол
жолдан бір сәтте тайған емес. Ол Мағжанша жырлап, елі үшін Мағжанша
егілді. Нәзік те сыршыл сезімді жырлай отыра, оны отты да ӛршіл сезімге,
ерлік күреске нәр етіп, қуат-күш ала білді. Сондықтан да Бернияз
шығармашылығын ХХ ғасыр бас кезіндегі азаттықты аңсаған азатшыл
поэзияның соңғы жыры еді десек, қателеспейміз.
Б.Күлеев қиын да күрделі кезеңде ӛмір сүрді. 1917 жылғы екі бірдей
тӛңкеріс тек қана кӛп ұлтты Ресей империясын отқа шарпыған тарихи
оқиғалар болып қойған жоқ, ол шын мәнінде дүние жүзін дүр сілкіндірген
оқиғалар болды.
Оның алғашқысы жалпы демократиялық ұрандарды алға тартып,
адамдардың құқын қорғайтын, әлеуметтік теңсіздікті жоятын жалпы адами
заңдылықтарға негізделген қоғамдық ӛзгертулерді ұсынса, екіншісі оған
қарама-қарсы бағытты ұстанып, таптық, диктатуралық билікті алға тартты.
Жалпақ Ресей екіге бӛлініп, атыспақ-шабыспақ басталып кетті.
Міне, ақын осы екі жақ боп шарпысқан әртүрлі ағымдар мен
қозғалыстардың, түрлі дүние танымдарының ӛліспей-беріспейтін, ымыраға
келмес қанды күресі ұланбайтақ қазақ даласында шарпып, әлі де болашағы
бұлдырлау, белгісіздік тұманы жапқан алмағайып заман басталған
кезеңдерде ғұмыр кешті. Осы зор кӛлемдегі оқиғалар мен ӛзгерістер оның
қақ ортасында жүрген озық ойлы, саналы ақынның поэзиясына әсер етпей
қалуы мүлде мүмкін еместін. Осы тұстағы сан-салалы ойлардан, кӛңілдің
мұңды күйінен туған “Бостандық күнінде”, “Бұлт”, “1917 жылға” атты
лирикалық туындылары бұрынғы ӛлеңдерден мүлде бӛлек еді. Бұлардың
барлығы бостандық тақырыбына арналған болатын. Осы тақырыпта
жазылған “Бұлт” ӛлеңінде ақын бостандықтан бұрынғы жайттарды сӛз етеді.
Мұнда Бернияз іштегі қорқынышы мен күдігін білдіріп, болашақты бір үміт,
бір қауіппен күткендей болады. Бұл ӛлеңнің бір ерекшелігі ақын қазақ
халқының басындағы ауыр халін, бостандыққа, еркіндікке сусаған халықтың
жағдайын тура ашық айтпай, оны пернелеп, астарлап бере білген. Себебі не?
Себебі сол, ақын бұл ӛлеңінде бостандықтың алғашқы лебін жырына арқау
еткен. Оның болашағы бұлдырлау, сенімсіздеу. Сондықтанда ақында
пернелеу басым.
Б.Күлеевтің “Бостандық күнінде” ӛлеңіне Абай үлгісін, яғни “Сегіз аяқ”
ӛлеңінің үлгісін алған. Ӛлеңде ақынның алғашқы бостандық күнінің тууына
орай ақжарма қуанышы, асқақ кӛңілі мен толғанған тебіренісі кӛрініс тапқан.
Ӛлеңнің асқақ рухы да осында. Ақын бостандық келіп, ел қуанған күнді
ерекше бір шабытпен жырлайды:
Достарыңызбен бөлісу: